Ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен кездесу

…Сен –жартассың,
Ақын – толқын,
Келді саған еркелеп.
Келді саған көкірегін өртеп от.
Жыры бар ма, мұңы бар ма тыңдашы,
Уа, дүние, ақыныңды еркелет!
07.06.2018ж. М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ҚР Жазушылар Одағының Төрағасы, ақын, журналист, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулетпен «Ақын деген бір ұлт бар» атты кездесу кеші өтті. Әдеби-сазды кеште колледж оқытушылары мен студенттері ақынның шығармаларын жатқа оқып, сөзіне жазылған әндер орындады. Өз оқырмандарына ақын да ақтарылып, біраз сыр шертті…

8 Маусым, 2018
САПТЫҚ ШЕРУ БАЙҚАУЫ

        4 маусым күні оқу орнымызда Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай 1-курс білім алушылары арасында «Саптық шеру байқауы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарды ұтансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық рух, намыс, жігер қасиеттерін терең сіңіру, сондай-ақ ерлік атты теңдесі жоқ абыройлы әрекетті қадір тұта білуге баулу. Саптық шеру байқауы тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен бейбіт өмірдің мызғымастығы, өсіп-өркендеуі, нығаюы үшін ел бірлігінің қажеттігін дәріптеу тұрғысынан зор маңызға ие.

Подробнее >>>

4 Маусым, 2018
«ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ҚАСІРЕТ» АТТЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЛЕЗДЕМЕ

        2018 жылдың 31 мамырында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық  колледжінде  «Қолдан жасалған қасірет» атты саяси қуғын-сүргін құбандарын еске алу күніне арналған дәстүрлі лездеме өтті. Шараның мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, жас буынға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіру, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу; қасіретті кезеңнің құрбаны болған қазақ зиялыларының есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

Подробнее >>>

31 Мамыр, 2018

21 Мамыр, 2018
Страница 1 из 2212345...1020...Последняя »