28.12.2018 жылы біртуар ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен кездесу кеші өтті.

Кеш барысында қонақтар және педагогикалық ұжым оқытушылары мен студенттері ақынның жырларын жата оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады. Фәлсапалық пайымдаулар ортаға салынып, көрнекті қаламгерлер мен зерттеушілердің ақын жайлы пікірлері тыңдалды. Кеш соңында поэзия сүйер қауым ақынмен сырласып, қолтаңба алып, ерекше әсерге бөленіп қайтты.