28.12.2018 жылы біртуар ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен кездесу кеші өтті.

Кеш барысында қонақтар және педагогикалық ұжым оқытушылары мен студенттері ақынның жырларын жата оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады. Фәлсапалық пайымдаулар ортаға салынып, көрнекті қаламгерлер мен зерттеушілердің ақын жайлы пікірлері тыңдалды. Кеш соңында поэзия сүйер қауым ақынмен сырласып, қолтаңба алып, ерекше әсерге бөленіп қайтты.

26.12.2018 жылы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттері жаңа жылдық кешті үлкен ұйымшылдықпен мейрамханада атап өтті.

Қызықты ойындар, фуршет, би кеші, тосын сый, лазерлік шоу – жаңа жылдық кешті ажарландыра түсті. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша, қоғамда, өнер, білім, спортта белсенділік танытып келе жатқан студенттердің ата-аналарына алғыс хат жіберіліп, Аяз атаның тәттілері ұсынылды. Кешті ұйымдастырудағы ерекше белсенділігі үшін Студенттік Парламент мүшелеріне алғыс білдіреміз және мерекелік басқосу алдағы жылы да сәтті жалғасын табады…

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Тәуелсіздік күні қарсаңында «Менің елім Қазақстан» дәстүрлі өнер байқауы өткізілді.

Оқу орнымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, дарынды студенттерді тану мақсатында 1-курстар арасында дәстүрлі  ұйымдастырылатын байқаудың биылғы саны Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына, оқу орнының 115 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Үш күнге созылған байқаудың қорытынды гала концерті  ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында колледж назарына ұсынылды. Дәстүрлі өнер байқауының қорытындысы бойынша, Гран При ағымдағы…

Біз спортшы баламыз

22.11.2018 М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»  әдіскері  Ж.Қ.Қайсанова мен ЖШС  «Айналайын» шағын орталығының әдіскері Ж.С.Нұрқасованың жетекшілік етуімен шағын орталықта «Біз спортшы баламыз»  атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.  Спорттық сайысқа болашақ «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алып, байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтіп жатқан 303 топ студенттері мен балабақшаның «Балауса», «Балдырған» және «Қарлығаш» ересек топтары қатысты. Машықкерлер…

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқу орнының 2017 жылғы түлегіне пәтер кілтін ұсынды.

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен қатар, мүмкіндігінше мейірім мен қамқорлық қолын да созып келе жатқан  бірлігі жарасқан ұжым. «Жетім көрсең – жебей жүр» деген халықтық ұғымды жадында ұстайтын мекеме жыл сайын бір күндік еңбек жалақысын аудару арқылы 2014 жылы өз түлегі Кузбасова Әйгерімге төрт бөлмелі пәтер кілтін табыстаған болатын.…

«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында өтетін «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты Ү облыстық Президент оқулары

Мерзімі: 27 қараша 2018 жыл  сағат 14:00-де Ұйымдастырушы: ШҚО ТжКББ және КД орталығы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі Байқаудың мақсаты: ҚР Президенті, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмірін, қайраткерлік тұлғасын, шығармашылық еңбектерін түсіндіру, талдау, насихаттау арқылы жастардың бойындағы отаншылдық, іскерлік, ізденімпаздық, шешендік қабілеттерді дамыту. 22 қарашаға дейін жүргізілген іріктеу кезеңінде 17 колледждің студенттері «Тәуелсіздік және Елбасы»…