Бүгін оқу орнымызда түлегіміз, қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың 105 жылдық туған күніне орай «Шәкен жұлдыздары» атты шығармашылық байқау өтті.

№201 Шәкен Айманов атындағы атаулы дәрісхана – кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда 2 курс студенттері үш кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңде алдын-ала жеребе арқылы таңдалынып, зерттеу жүргізілген режиссердің әр фильмін қатысушылар көрермендерге түрлі заманауи формалар арқылы ұсынды. Студенттердің фантазиясын дамыту, цифрлы білімдерін тереңдету, үштілділікке бейімдеу мақсатын ұстанған «Пиар-life» кезеңіндегі көрсетілген материалдар…

Оқу орнымызда Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеші өткізілді

Негізгі мақсат – жастарға соғыс қасіреті жайлы мағлұматтар бере отырып, оларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Төлеубаев Марат Бүркітбайұлы, Нұрланов Қуандық Қабдылқақұлы, әріптес-ардагер Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, сонымен қатар №28/738 әскери бөлімінің аға лейтенанты Советов Мейіржан Ерболұлы  көрермендермен сыр бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың құрметіне медиатека…