Бүгін оқу орнымызда түлегіміз, қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың 105 жылдық туған күніне орай «Шәкен жұлдыздары» атты шығармашылық байқау өтті.

№201 Шәкен Айманов атындағы атаулы дәрісхана – кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда 2 курс студенттері үш кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңде алдын-ала жеребе арқылы таңдалынып, зерттеу жүргізілген режиссердің әр фильмін қатысушылар көрермендерге түрлі заманауи формалар арқылы ұсынды. Студенттердің фантазиясын дамыту, цифрлы білімдерін тереңдету, үштілділікке бейімдеу мақсатын ұстанған «Пиар-life» кезеңіндегі көрсетілген материалдар…

Оқу орнымызда Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеші өткізілді

Негізгі мақсат – жастарға соғыс қасіреті жайлы мағлұматтар бере отырып, оларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Төлеубаев Марат Бүркітбайұлы, Нұрланов Қуандық Қабдылқақұлы, әріптес-ардагер Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, сонымен қатар №28/738 әскери бөлімінің аға лейтенанты Советов Мейіржан Ерболұлы  көрермендермен сыр бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың құрметіне медиатека…

Бүгін оқу орнымызда қазақтың тау тұлғалы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтілді.

Ақынның туған күнін әсерлі етіп өткізуге Семей қаласының жастар ресурстық орталығы, колледжіміздің Студенттік Парламенті және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Қалиева Сара Сырымқызы жетекшілік ететін «Ес аймақ» театр клубының мүшелері ат салысты. «Күнделік жаз, жарқыным» атты әдеби-сазды эллегия өз көрермендерін ақынның нәзік жырлары, сөзіне жазылған әсем әндері, күнделігінен алынған терең ойларыі, «Қош, махаббат» драмасынан…

“М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” Шет тілі бөлімінің үздік 10 студенті, 46 топ білім алушыларының 2018 – 2019 оқу жылында “Н. Назарбаев зияткерлік мектебінен” мемлекеттік іс – тәжірибеден өтті.

Абренова Альфия, Аймаханова Анса, Муратбекова Акерке, Мусақызы Мадина, Омаргалиева Айгерим, Смагулова Қадиша, Токеева Алина, Шалқарқызы Айя, Шалтаева Іңкәр, Ілиясова Дамира. Осы іс- тәжірибеден өту барысында біздің машықкерлер сол жердегі ағылшын тілі мұғалімдерінен сабақ барысында қолданылатын әр түрлі әдіс – тәсілдерді, шығармашылыққа бағытталған жұмыстарды үйреніп, өз білімдерінің ауқымын кеңейтті, өте тиімді тәжірибелермен алмасты. Оқушылармен жұмыс жасап,…

Қалалық деңгейдегі дөңгелек үстел: “ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІСТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР”

Қатысушылар: Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, колледж және университет оқытушылары, психолог, әдіскерлер