Директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Білім беру ұйымының әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіреді.

Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды. Оқытудың инновациялық әдістерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.

Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді, білім алушылардың ғылыми қоғамдары жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді.

АЙМАҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Өскемен жоғарғы политехникалық колледжінде  өткізілген  «Техникалық және кәсіптік білім берудің педагогикалық тәжірибесі» атты аймақтық педагогикалық конференцияға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық…

Ары қарай оқу

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 2019 жылдың 18-20 мамыр күндері «ДАРЫН – 2019» ФОРУМЫ болып өтті.

Форум «Жастар жылы» аясында  ІІІ – ІV курс білім алушылары арасында дарынды жастарды қолдау, қолжетімді және сапалы нәтижеге бағытталған…

Ары қарай оқу

«WORLDSKILLS SHYGYS -2019» чемпионатынан Әуезовшілер жеңіспен оралды

2019 жылдың 13-17 мамыр күндері Өскемен қаласында ШҚО Білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының  ұйымдастыруымен IV аймақтық «WORLDSKILLS…

Ары қарай оқу

«Жастар және бизнес» атты облыстық байқау

2019 жылдың 24-сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған мектеп оқушылары мен ТжКББ оқу орындарының студенттеріне арналған «Жастар…

Ары қарай оқу

«Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы» тақырыбында «Психология» пәнінен облыстық деңгейде өткен онлайн сабақ

2019-жылдың 22-сәуірінде  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің   жоғары санатты оқытушысы М.С. Комаева «Психология» пәнінен  «Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы»…

Ары қарай оқу

ХІҮ аймақтық «Оқушылардың білімдері мен ынталары еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жеңімпаздары

2019 жылдың 19-сәуірі Семей қаласы «Бизнес және сервиз колледжі» КМҚК базасында ұйымдастырылған Ресей федерациясы оқу орындары студенттерінің  халықаралық қатысуымен…

Ары қарай оқу

МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» ІVҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Мектеп және колледж оқушыларына арналған «Шәкәрім оқулары»  ІVқалалық ғылыми конференциясына М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысып, І дәрежелі диплом…

Ары қарай оқу

«Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» ІV республикалық ғылыми – практикалық онлайн режиміндегі конференциясы

2019 жыл – Жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және…

Ары қарай оқу

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК-да 18.02.-28.02.19ж. аралығында «Музыкалық білім беру» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі болып өтті..

Онкүндіктің мақсаты: Жастардың патриоттық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұлттық сананы рухани жаңғырту арқылы   білім беру процесін жетілдіру, студенттердің кәсіби,…

Ары қарай оқу

«Қан физиологиясы. Қан топтары. Қан құю»  тақырыбында облыстық деңгейде онлайн сабақ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  қазақ халқына Жолдауы мен 2015-2019 жылдарға…

Ары қарай оқу

Алаштың білім ордасына – 115 жыл

«М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ – КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ ЕРЕКШЕ ОРТА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР – ПРАКТИКУМ ӨТТІ Семинар-…

Ары қарай оқу