«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2018» БАЙҚАУЫ

2018 жылдың 02-сәуірінде колледжде дәстүрлі «Үздік педагог – 2018» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • тәжірибелі ұстаздардың мәртебесін арттыру, кәсіптік-педагогикалық шығармашылығы мен инновациялық қызметтерін ынталандыру, озық педагогикалық тәжірибесін тарату;
  • педагогтардың кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар нормативтік- құқықтық актілерді басшылыққа ала білуге дағдысын бақылау.

Байқаудың міндеттері:

  • педагог қызметкерлердің өздігінен үздіксіз кәсіби білім алуға мүмкіндік жасау;
  • педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру;
  • педагогикалық еңбектің нәтижесін арттыруда коммуникациялық, ақпараттық және кәсіптік құзырлықтарды дамыту.

Кәсіби байқау ІІ кезеңнен тұрды:

І кезең 15 қараша 2017 жыл – 02 сәуір 2018 жыл аралығында қашықтықтан өтті:

1 тур. «Үздік сабақ» байқауы

2 тур. «Үздік әдістемелік  мақала» байқауы

3 тур. «Біліктілік тесті» (педагогика, пәннің оқыту әдістемесінен және  білім саласын қамтитын құқықтық-нормативтік құжаттардан тест сұрақтары берілді).

ІІ кезең

1 тур. «Ұстаздықтың ұлы есімі». Үздік электронды  портфолио байқауы

2 тур. «Педагогикалық зертхана»: үздік педагогикалық–инновациялық идеялар ұсынымы

3 тур. «Білікті адам – білімді.  ЭКСПРОМТ ZONE» байқауы: оқытатын пәні бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Шебер-сынып».

«Үздік педагог-2018» байқауына 7 оқытушы қатысып:

Бас жүлдені жаратылыстану пәндерінің оқытушысы Д.Б.Музапарова;

І орынды дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы С.К.Тоқтарбек;

ІІ орынды педагогика пәнінің оқытушысы А.К.Кабимолдина;

ІІІ орынды және «Көрермендер көзайымы» аталымын  бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі, сызу, сызба геометрия  пәндерінің  оқытушысы М.К.Айтқожин жеңіп алды.

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Б.Т.Жумадилова  «Парасатты пайым», технология пәнінің оқытушысы Р.А.Оразбаев «Ізденімпаз Ұстаз», саз пәнінің оқытушысы Р.Ш.Бұзаубағарова  «Креативті Ұстаз»  аталымын иеленді. Байқау жеңімпаздары әкімшілік тарапынан ақшалай сыйақымен марапатталды.

2017-2018 оқу жылындағы бірыңғай әдістемелік тақырып

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж  білім алушыларының  кәсіби құзырлығы мен жалпы дамуын бағалау жүйесін және оқытушының кәсіби қызметін инновациялық қамтамасыз ету арқылы  оқу сапасын бақылау механизмін жетілдіру

Колледждің әдістемелік қызметінің мақсаты:

Білім беру жүйесіндегі болжамдық және жоспарлы өзгерістерді ескере отырып, қазіргі деңгейдегі жоғары біліктілікті маман дайындау, оқыту процесін оқу – әдістемелік қамтамасыз ету. ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

2017-18 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері болып табылады:

  1. Оқу орнын институционалдық және мамандандырылған  аккредиттеуден өткізу:
  2. ҚР МЖМБС жүзеге асыру жағдайында дайындайтын мамандықтар бойынша оқу процесін кешенді әдістемелік қамтамасыз ететін қызметті ұйымдастыру.
  3. Колледждің білім беру процесіне сапа менеджмент жүйесін енгізу: халықаралық стандарттарға сәйкес ХБС- 9001-2016 мониторинг жүргізу және сапа менеджментіне сәйкес негізгі процестерді іске асыру.
  4. Педагогика мен психология талаптары және ғылымның қазіргі жағдайына сай, білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми -әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіптік білім беретін бағдарламалар       мазмұнына жауап беретін оқу құралдары мен оқу әдістемелік материалдарды жасау және оқу процесіне енгізу: ОӘК, ОӘҚ, студенттің ОӘК ҚР МЖМБС сәйкес жасап, апробациялау
  5. Оқу және тәрбие процесіне жаңа әдіс­ тәсілдерді зерттеп енгізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияны, білім алушылардың кәсіби құзырлығы мен жалпы дамуына бағытталған, қолданыстағы педтехнологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
  6. Педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету,  педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау;
  7. Колледждің перспективалық дамуындағы оқу­ әдістемелік проблемасын анықтау.

Келесі негізгі принциптер негізінде мақсат пен міндеттер орындалады:

  1. Стратегиялық бағыттылық;
  2. Мақсаттық және құндылық бағыттылық;
  3. Жүйелі  тәсілдеме;
  4. Жеке тұлғаға бағытталған тәсілдеме;
  5. Жағдаяттық және тиімділік тәсілдемелері;
  6. Даму мен өздігінен дамуға бағдарлау;
  7. Ізденіс, шығармашылық, зерттеушілік бағыттар;
  8. Әдістемелік қамтамасыз етілу, құралдылық;
  9. Тағайындалу орны;
  10. Үнемділік пен қорға сақтау;

Колледждің әдістемелік қызметінің басым бағыттары:

Ғылыми әдістемелік жұмыс:

  1. Педагог қызметкерлерді педагогика ғылымдары мен тәжірибесіндегі жетістіктермен хабардар ету;
  2. ҚР МЖМБС жаңа буынына сәйкес оқу әдістемелік нұсқаулар, жұмыс оқу бағдарламаларын дайындап, әдістемелік көмек көрсетуге әзірлеу, педагогикалық кеңеске, кеңестерге, конференцияларда т.б. сөз сөйлеу және баяндама дайындауға әдістемелік көмек көрсету.
  3. Оқытушылардың кәсіби және әдістемелік шеберлігін жоғарылату;
  4. Оқытушылардың өз жетістіктерін презентациялауы, әдістемелік көрмелерге қатысуы арқылы оқу әдістемелік жұмыстардың алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибесін зерттеу, сипаттау, енгізу;
  5. Нормативтік, оқу­бағдарламалық құжаттардың, ғылыми­әдістемелік әдебиеттердің, үздік нұсқаулардың, таратылуға ұсынылған ақпараттық банктің қалыптасуы жинақталуы және жүйеленуі;
  6. Ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыстың жалғастырылуы;
  7. ПӘК жұмысының байқауын, педагогикалық жетістіктер конкурсын ұйымдастыру;
  8. Ұжым дамуы мен педагогтардың кәсіби шеберлік мониторингісін жүргізу;
  9. Бітіруші тұлғаның құзырлылық моделін қалыптастыру;
  10. Педагогикалық шеберлікті көтерудегі білім беру жүйесіндегі оқу тәрбие процесінің кешенді мониторингісі;

Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары:

  • Педагогикалық оқулар мен ғылыми тәжірибелік конференциялар;
  • Шығармашылық жұмыстар, кәсіптік және қашықтықтан өтетін кәсіптік байқаулар;
  • Ғылыми, педагогикалық және басқа әдебиеттерге шолу жасау;
  • Семинар – практикумдар;;
  • Оқытушылардың шығармашылық есептері;
  • Байқаулар, «Шеберлік кластары»;
  • Ашық сабақтар, вебинар, on – line сабақтар
  • Пәндік әдістемелік комиссия және жеке оқытушылар жұмыстарын презентациялау;
  • Оқытушылар біліктілігін көтеру;

Колледж миссиясы:

Білім беру кеңістігінде сапалы қызмет көрсету, әлемдік үрдістер аясында білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау арқылы “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген,  Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыратын  іскер,  кәсіби құзіретті маман даярлау. 

Саясаты:

  • Заңнамалық талаптар мен жалпы белгіленген стандарттар негізінде білім беру қызметі сапасының менеджменті жүйесін
  • қалыптастыру;
  • Колледждің кадрлық потенциалын дамыту;
  • Білім беру қызметтерінің аймақтық, ұлттық және халықаралық нарығында колледждің бәсекелестігін арттыру;
  • Қазіргі ақпараттық технололгияларды пайдаланып, сапалы маман дайындаудың мониторингтік жүйесін дамыту.

Құндылығы:

  • Ұжымдағы моральдық – психологиялық ахуал, колледждің әрбір қызметкерінің өз жұмысына қанағаттануына жағдай жасау.

К ү т і л е т і н   н ә т и ж е :

  • Кәсіби даярлық сапасын арттыруда жеке тұлғаны дамыта оқытудың сапасына қол жеткізіледі; жеке тұлғаға бағытталған
  • мониторинг жүргізу қолданысқа тереңдете ендіріледі.
  • Білімді бақылау, бағалау объективтілігіне қол жеткізетін жаңа технология нәтижесіне сараптама жасалып, озат тәжірибе таратылады.
  • 12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы кәсіптік білім берудің концептуалдық, методологиялық, ғылыми – әдістемелік базасы толықтырылады; кәсіби және арнайы пәндерден сапалы  жұмыс бағдарламасын құруға қол жеткізіледі.
  • 12 жылдық мектептің  бастауыш сатысындағы жетекші пәндердің білім мазмұны мен  оқыту әдістемесін  жетілдіру бағытында жұмыс жасайтын “Колледж-мектеп” және «Колледж –мектепке дейінгі білім беру мекемесі», «Колледж ­ ЖОО» серіктестік әрекет орталығының жұмыс әрекетін ғылыми және тәжірибелік негіздеу  жандандырылады.
  • Оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық- коммуникациялық технологиялары қолданысқа кеңнен ендіріледі; электрондық оқулық және  оқу бағдарламаларын құру оқыту үрдісінде қодану жақсы жолға қойылады.
  • Оқулық және оқу-әдістемелік құралдар жазатын авторлық топтардың шығармашылық жұмыстары ШҚО БАИ эксперттік кеңесінен өткізіліп, баспаға ұсынылады.
  • Тәрбие бағытында кәсіби бағдар беру мазмұны мен оны ұйымдастырудың формасы жетілдіріледі. Кәсіби бағдар бағытындағы түрлі интеллектуалдық шоу-бағдарламалар, конкурстар, олимпиадаларды жаңа технологиямен өткізу жақсартылады
  • Кәсіби даярлықтағы оқытушы мен білім алушылар түрлі бағыт пен мазмұндағы бірлестіктерге тартылып, педагогикалық ынтымақтастық демократияландыру идеясы қалыптасады.