КЕСТЕ ӨНЕРІНІҢ ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРІНДЕГI АЛАР ОРНЫ

Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал – жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім – кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде кестеге моншақ, інжу, маржан, асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.

КЕСТЕ ӨНЕРІНІҢ ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРІНДЕГI АЛАР ОРНЫ Турбаева Б. М.


ҚКМК М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйе­сінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжан­дылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.» деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде заманауи білім беру парадигмасы өзгеріс үстінде» – деп атап көрсетті. [1]

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ Жұмағұлова Әсем Әлібекқызы