«BORLAND DELPHI НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ» ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ БАСЫЛЫМЫ

Кіріспе

Қазіргі заман талабына сай, әр оқытушы, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді.

Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. Электронды оқу басылымдарын , жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-студенттердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Білім саласында компьютер студент үшін оқу басылымы болып табылады.

Қазіргі заман талабының өзі студентті 1-орынға қою, яғни оқытушы сабаққа бағыт беруші болып, студент алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның жан-жақты дамуына байланысты, оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқу басылымы қазіргі таңда жиі қолдануда. Электронды оқу басылымы дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе.

Электронды оқу басылымы мен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқу басылымының құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.

Электронды оқу басылымы жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу, студенттің пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге, белсенділіктері, ынталары артуына көмектеседі, білім сапалары тереңдейді.  Электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп өз бетімен практикалық тапсырмалар орындай отырып, мәселені түсінеді. Электронды оқу басылымы арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұрын оқытушы тақтаға бормен жазып түсіндірсе, қазір электрондық оқулық арқылы студенттерге әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды оқу басылымының көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген студенттің құштарлығы оянады деп ойлаймыз. Студент бұрын алған білімдерін қолданады, түрлі білім көздерінен жаңа білім алады, тұлға баға жетпес тәжірибе жинайды, «мәселелерді шешу» құзыреттілік деңгейі жетіледі. Электрондық оқу басылымын сабақтарда пайдалану студентке:

  • Уақытты үнемдеуге, оқулық материалын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
  • Оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға;
  • Түсінбеген материалды шексіз қайталауға;
  • Өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін-өзі тексеруге;
  • Өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға көмекткеседі.

Электронды оқулықты пайдаланудың мақсаты: білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

  • Студент мақсатын нақты анықтай білу керек;
  • Ақпаратты жинақтап, жүйелеу қабілетін қалыптастыру;
  • Шығармашылық ғылыми ізденіске;
  • Студенттің өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда оқу – тәрбие үрдісі жүзеге асырылады. Мақсатты айқындауда студент жаңа ақпаратпен таңысады [2].

Жоғарыдағы айтылған мәселерге байланысты мен «Бағдарламалау» пәніне арналған «Borland Delphi негізгі компоненттері» атты электронды оқу басылымын құрастырдым.

І бөлім.  «Borland Delphi негізгі компоненттері» электронды оқу басылымы

«Borland Delphi негізгі компоненттері» электронды оқу басылымының құрылымы келесі мәліметтерді қамтиды:

  1. Теория-қажетті тақырыпты таңдап мазмұнын көруге болады (Қосымша 1);
  2. Практика-көрсетілген нұсқаулыққа қарап отырып, Delphi бағдарламалау тілінде бағдарлама құруға болады (Қосымша 2);
  3. Тест- әр тақырыпқа сәйкес 10 сұрақтан берілген, нұсқаулықпен танысып тест тапсырмасын орындауға болады (Қосымша 3);
  4. Анықтама – «Borland Delphi негізгі компоненттері» электронды оқу басылымының мазмұнында кездесетін термин сөздеге анықтама көрсетілген (Қосымша 4);
  5. Бағдарламалар- орындалатын бағдарламаны жүктеп, нәтижесін көруге болады (Қосымша 5);
  6. Авторлар-жобаның авторлары көрсетілген (Қосымша 6).

Borland корпорациясы  аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді.  Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне RapіdApplіcatіon Development жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның  мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру  жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphі әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphі-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphі-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

 

Delphі тілінде программалау ортасымен танысу

Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері  ІDE ортасында орындалады.

Delphі ортасын іске  қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —Программы —> BorlandDelphі — Delphі 7.

Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:

  1. Негізгі терезе (Project 1);
  2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector);
  3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);
  4. Программа кодының терезесі (Unіtpas).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі  бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі  деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен  танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

Delphі тілінің басқарушы құрылымдары

Негізгі операторлар

Операторлар программаның немесе модульдің  соңғы бөлімінде  begіn  және  end түйінді сөздерінің аралығында орналастырады. Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысындағы орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу ретіне қарай бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады. Олар бір-бірінен нүктелі үтір ( ; ) арқылы бөлініп жазылады. Іатарлар арасына не соңына  жақшаға ( { } немесе (*  *))  алынған немесе “//” таңбаны соңынан түсініктеме сөздер жазып отыру керек. Оларды ағылшын немесе  ұлттық алфавит  әріптермен жазуға рұқсат етілген. Операторлар қарапайым және құрамдыболып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлар тек бір оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды. Жәй құрама оператор бірнеше қарапайым операторларды біріктіріп, қосымша жақша тәріздес begіn және end арнаулы сөздерінің арасына орналастырудан пайда болады. Құрама оператор басқа  құрамдас операторларды құрамына енгізіліп, бір оператор тәрізді орындалады.

         Қарапайым операторлар

Қарапайым операторлар тек бір оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды. Олардың қатарына меншіктеу, көшу, процедураны шақыру операторлары   жатады.  Меншіктеу операторы ( := )

Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға теңеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің түрі айнымалының түріне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін санды меншіктеуге болады, ондай жағдайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу операторының жазылу ережесі (форматы) төмендегідей болады:

<айнымалы>:=<өрнек>;

мұндағы := -меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген  мәніне тең болуы тиіс.

Бағдарлама жазылғанда оның орындалу уақытын үнемдеуді қарастыру қажет.

Шартсыз өту операторы ( GOTO )

            Шартсыз өту операторы қатарларының рет-ретімен орындалуын бұзып, белгісі бар операторға көшу ісін атқарады. Ол goto (өту) түйінді сөзінен басталады, одан кейін label бөлімінде сипатталған белгі идентификаторы келтіріледі. Оның жазылу форматы:

GOTO_< белгі >;

мұндағы < белгі >-белгінің идентификаторы, “_” – бір бос орын қалдыру белгісі.

Жалпы құрылымдық программадалау тәртібі бойынша бұл операторды қолданбауға тырысу керек. Ол программаны оқып түсіну ісін қиындатады.

Goto операторын қолданған шақта оның қатарына жүйелі жақша ішіне неліктен басқа қатарға көшу қажет екендігін түсіндіріп кету керек немесе шартты тексеріп, көшу операторын пайдаланған жөн.

 Құрамды операторлар

Құрамды операторлар деп құрамына бірнеше операторлар кіретін операторларды айтамыз. Оларға келесі операторлар жатады:

  1. Жәй құрама оператор;
  2. Шартты оператор іf;
  3. Таңдау операторы case;
  4. Қайталану операторлары for, repeat, whіle.

Жәй құрама оператор (операторлық жақша)

Жәй құрама оператор деп begіn … end жақшасына кіретін орындалатын операторлар тізбегінің жиынтын атайды. Осы операторлар арасындығы операторлар тізбегі бір оператор тәріздес орындалады.

End арнайы сөзі операторлық жақшаның жабылуын   көрсетеді, сонымен қатар алдыңғы оператордың соңын көрсетеді, сондықтан endалдына  “; ” белгісін қоймасада болады. Егер “; ” белгісі турса, онда соңғы оператормен end арасында бос оператор тұр деп саналады, яғни осы аралыққа белгіні қоюға болады.

         Шартты оператор ( ІF )

Басқару операторлары программа қатарларының орындалу реттілігін өзгертеді. Олар шартты (тексерту), таңдау және цикл операторларына жіктеледі. Шартты оператор ‘’Иә’’ немесе ‘’Жоқ’’ деп жауап беруге болатын белгілі бір логикалық шартты тексереді. Егер оның нәтижесі ақиқат, яғни құптарлық болса (Иә), онда бір программалық тармақ орындалады. Тексеру нәтижесі жалған болған жағдайда (Жоқ), программаның басқа бір тармағы жұзеге асырылады. Мұнда есептің шартына байланысты тармақталу алгоритмдерінің Таңдау немесе Аттап өту мүмкіндіктерінің бірі орындалуы тиіс.

Тандау операторы ( CASE )

CASE операторы айнымалының мәнің мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі оператоларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес, егер ол болмаса, яғни  жәй өрнек еш бір мәнге сәйкес болмасаонда CASE- тің End операторынан кейін тұрған оператор орындалады.

         Қайталану  (цикл ) операторлары

Күнделікті шешілетін есептерді шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы  айнымалының өзгеруіне байланысты,  оны бірнеше мәрте қайталап есептеуге тура келетін сәттер де жиі кездеседі. Осындай бірнеше рет қайталанатын  белгілі бір бөліктерін қайталау  бөлігі (цикл),  ал   алгоритмді қайталану  (циклдық) деп атайды. Жалпы қайталану операторын  пайдалану алгоритмдіңтиімділігін қамтамасыз етіп, қысқартып  жазу мүмкіндігін туғызады.

Қайталану  (цикл ) операторы FOR

Қайталану операторының синтаксисі :

  • FOR(үшін)< жәй айнымалы>:=<алғашқы мән >TO(өсіру)

<соңғы мән >DO (орындау)< оператор>

  1. FOR(үшін)<жәй айнымалы:>=<алғашқы мән>

DOWNTO(азайту)<сонғы мән> DO (орындау)<оператор>

   МҰндайда  жәй айнымалыны- қайталанудың параметрі деп атайды, оның  түрі нақты (REAL) типтен басқа біркелкі скалярлы типке жатуы тиіс. Цикл параметрі  берілген түрдің мәндерін алғашқы мәнінен бастап соңғы мәніне дейін біртіндеп қабылдап отырады.

  1. Қайталану операторында TOтүйінді сөзі тұрса, онда  циклдыңпараметрі +1-ге артып отырады.
  2. Қайталану операторында DOWNTOтүйінді сөзі тұрса, онда  циклдыңпараметрі  -1-ге азайып отырады.

         Қайталану операторы WHІLE

WHІLE операторы шығу шартын қайталанудың басында тексереді, ол жалпылама жұмыс істейтін қайталану құрылымына жатады.

WHІLE (әзірше) және DO (орындау) арнаулы сөздер. Қайталану операторы келесі түрде орындалады:

<Логикалық өрнек> ақиқат болғанша <оператор > орындалады, ал   <Логикалық өрнек>  жалған болса, <оператор> орындалмайды.

WHІLE/DO оператордың REPEAT/UNTІL операторынан айырмашылығы REPEAT/ UNTІL операторы  ең кемінде  бір рет орындалады.

         Қайталану операторы REPEAT

REPEAT/UNTІL операторы шығу шартын қайталанудың соңында тексеретін құрылым, бұл  қайталану операторы ең кемінде бір рет орындалады.

ForWhіleRepeat қайталану операторлар құрамында Object Pascal-дің екі параметрсіз процедуралары қолданылады.  Break– циклден бірден шығу, басқару циклдың соңғы операторынан кейін турған операторға беріледі. Contіnue – басқаруды цикл денесіңдегі кез келген оператордан циклдың соңғы

 

ІІ бөлім. HTML тілінің мүмкүндіктері

Электронды оқу басылымымның  HTML тілінде дайындалу себебі,  HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

 

HTML тілінің атқаратын қызметі

1960 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективті жобаларды зерттеу агентігінде ARPA компьютерлерді бір-бірімен байланыстыру экперименттері басталған. Олар телефонның сымдармен байланыстырылды. 1970 жылы ARPA-ның қолдауымен берілгендерді түрлі компьютерлік желілер арқылы тасымалдау протоколы немесе ережесі өңделді. Бұл протоколдар жалпы интернет деген атаумен аталады. Олар мемлекеттік шекараларға байланыссыз кез келген түрдегі компьютерлерді біріктіретін бүкіләлемдік желілердің желісін ойлап тапты. 70 жылдардың аяғында ARPANET және оның басқа елдердегі контур объектілері арасындағы байланыс түрлері ойлап шығарылды. Бүкіләлем компьютерлік желі арқылы бүтін өрмекке айналды. 80-шы жылдары желілер бірлестігі интернет деген атаумен кең мөлшерде танымал болды. Жүздеген, мыңдаған түрлі мекемелер бүкіләлемдік желіге өздерінің компьютерлерін қосты. 90-шы жылдары оның жылдам дамуына қарамастан желіні тек файлда және форматталған мәтінді ғана тасымалдауға пайдаланған болатын.

Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі – дүние жүзі елдерінің жергілікті және жан-жақты желілері арнайы қызмет көрсету программалар бумалары арқылы байланыстырып қойылған. Мұндай желілерді интернет желісі деп атайды. Интернеттің жұмысы – информациялық кеңістікте түрлі форматта қызмет көрсету.

Интернетті пайдаланушысының тікелей және кері міндеттері бар. Пайдаланушының тікелей міндеті – ақпараттардың немесе программалық әдістерінің бірін таңдау. Әлемдік компьютерлік желілерге сақталатын деректер біздің ақпарат болып табылады. Пайдаланушының кері міндеті – бұл тұтынушыға өзінің ақпаратын айналдыруға бағытталған әдістерді таңдау. Жалғану – бұл ақпараттық – программалық – ақпараттық комплекс. Оны интернетке қосылумен шатастыруға болмайды. Интернетпен жалғану үшін мынадай нәрселер қажет:

  1. жабдықтар мен байланыс сымдары (ақпараттық бөлік);
  2. осы сымдарда деректердің алмасуын қамтамасыз ететін программалар (программалық бөлік);
  3. бүкіләлемдік желіге қосылу үшін мекемелерге келісім-шартқа отыру қажет. Ол үшін қажетті адрес пен парольды ұсыну қажет. (ақпараттық бөлік).

Жалғану бөлінген немесе қашықтан болуы мүмкін. Бөлінген жалғану үшін бөлік жалғану сымы қажет. Егер бөлінген жалғану болса, онда өзіңіз сервис-провайдері болуыңызға, яғни келісім-шарт негізінде желіге қосылуды

бастауға болады. Басқа жағдайда, қашықтан жалғану арқылы қосылады. Байланыс сымы ретінде кәдімгі телефон сымы қолданылады. Сервис-провайдер – ол бүкіләлемдік компьютерлік желіге тұрақты түрде жалғануды қамтамасыз етеді келісім-шарт бойынша клиенттерді қосуды жүзеге асыратын мекеме. Сервис-провайдердің қызмет саласы телефон компаниясының қызмет салаларына ұқсас. Бірақ ерекшелігі, қоюшыға телефондық байланыстың қызмет салаларын таңдамасақ, онда қоюшыға интернеттің қызмет салаларын еркін пайдалануды таңдағаны жөн. Сервис-провайдердің қызмет саласынан бас тартып, кез келген уақытта басқа мекемеге қосылуға болады.

Сервис-провайдердің төмендегідей қызмет ету салалары бар:

  • желіге ақысыз қосылу;
  • желіге уақытша қосылу;
  • желіге шектеусіз қосылу;
  • интернет-карта бойынша қосылу.

Интернетті қазіргі кезде компьютер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы пайда болды. Бұл хаттама Hyper Text Transfer Protocol (HTTP) – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы деп аталады. Осы хаттамен қатар HTTP серверлері кеңейтілген желілері болып табылатын интернет файлдары арқылы тасымалдайтын World Wide Web (WWW) қызмет бабы болады. Оны қысқа түрде Web деп атайды. WWW – қызметінің ашылуы интернеттің тарихындағы ең маңызды оқиғаның бірі болып саналады. Оның авторлары физиктер Тим Бернерс-Ли және Роберт Кайо болды. Ғалымдар жүйені Европадағы барлық физиктер интернет арқылы басқа басылымдарға сілтеме етіп иллюстративті мәтін түрінде зерттеу нәтижелерімен пікір алмасуға мүмкіндік беретіндей етіп құрды. Яғни, интернет физикалық және логикалық мағыналарда қаралды. Физикалық мағынадағы интернетті компьютерлер мен компьютерлік желілермен физикалық біріктіруі деп, ал логикалық мағынадағы интернетті жер шарындағы ақпараттық кеңістікті қамтитын бүкіләлемдік ақпараттық жүйе деп түсіндіруге болады. Web-тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер Web-беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Қазіргі уақытта WWW интернеттің динамикалық дамуындағы қызметі болып табылады. Интернетте электрондық құжатты құру үшін қолданылатын файлдардың көпшілігі Web парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар. Осы файлдарды HTTP серверлерінде орналастыру жолымен Web парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде интернетте жарияланған. Webпарақтың мазмұны әр түрлі болуы мүмкін және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Бірақ олардың барлығын негізгі жариялануы, яғни жазылу тілі HTMLболып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі .htm немесе .html болуы тиіс. HTML тілі www қызмет бабымен дами отырып Web парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырды. Ол www жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең таралуына себебші болады. HTML тілінің ақпараттарының гипермәтіндік формат түрінде сипаттайтын және басқа да мүмкіндіктері болғандықтан күннен күнге желіге жаңа пайдаланушылар қосылды.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішінде арнаулы код, яғни екпінді элемент (an chor) орналасқан.

Бұл форматтың бір құжатқа мәтіндік, графиктік, дыбыстық және бейне ақпараттарды кірістіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар құжаттың өзінде басқа бір құжатқа gif, jpg форматындағы графикалық иллюстрацияға, бейне фрагменттерге, музыкалық композицияларға да сілтемелер қоюға болады. Мәтінді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы мәтін ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін – броузер деп аталатын арнаулы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады. Мәтіннің ерекшеленген сөзіне тышқанды шерткенде сервер басқа елдердегі континенттердегі белгіленген құжат сол сәтте компьютердің экранына шығарады.
Web парақтары экранда ықшам түрде безендіріп көрсетілгенімен HTML тілі мәтіндерді пішіндеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана заводтан шыққан бір компьютердің Windows жүүйсінде жұмыс істей алатын броузер болатын болса, екінші бір тұтынушы компьютердері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құралдары да және әр түрлі броузер программаларымен көретінін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішіндеу тәсілдеріне арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде бейнелейтін тіл болып табылады.

HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.

HTML тілінде программалау үшін арнайы орта құрылмаған. Себебі Web-беттер құру мен оны безендіруге тек бір ортаны ғана пайдалану оның мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан көп жағдайда HTML тілінде программалау кәдімгі мәтіндік редакторлардың көмегімен жүзеге асырылады да, Web-беттің графикалық безендірілуі және анимациялық мүмкіндіктері басқа орталарда іске асырылады. Windows ортасында Блокнот редакторы HTML-дің ең кеңінен тараған құралы. Ол Windows жүйесінің нұсқаларында кездеседі. Электрондық поштаны өңдейтін программаның бірі Mail команда. Ол коорпаративті желілерге ыңғайлы фильтрациялау мүмкіндіктерімен өңдеу кориспонденцияларымен сұраныстарды есепке алу кіріс және шығыс хабарламалық архивтерін құру және т.б. мүмкіндіктерге ие. Бір адресатқа немесе бірден бірнеше адресатқа информацияны осы программа арқылы жөнелтуге болады. Бағдарламаға қойылатын негізгі талап қарапайым, ыңғайлы интерфейстің болуы. Mail команда арқылы тексттік хабарламаларды және графикалық HTML беттерден тұратын информацияны жөнелтуге болады. Әрине хабарламалардың алатын көлемі шектеулі болады. Тексттік информацияда оны тасымалдауда шрифтерге байланысты проблема туындауы мүмкін. Ол жағдай MS DOS және Windows операциялық жүйесінде әртүрлі кодтау жүйесін қолданудан шығады. Бұл мәселені шешу үшін кодты шешетін программалар (перекодировщиктер) құрастырылған және олар кейбір тексттік редакторларға кірістірілген. Интернетпен жұмыста кейде CIOS кестесі, кейде ASCII коды қолданылатындықтан Web беттерді сақтау, Mail хабарламаларын сақтау мынадай екі тәсілмен қолданылады:

HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі

HTML тілінің тегтеріне бірінші қарағанда көзге қиындау болып көрінгенімен, бір үйреніп әр тәгтің қай жерде қалай және қандай параметрлерді қолдану керектігін үйреніп алғаннан кейін бұл пограмма өте оңай болып көрінеді. Әрине барлық программалардағыдай бұл программада да қиындықтар кездеседі. Яғни құрған оқулықтардың кейбіреуінде суреттерді қалағанындай қою үшін біраз тәгтер мен атрибуттарды беру керек және егер де дұрыс болмаса ол тағы орындалмай қала береді. HTML программасы арқылы неше түрлі әдемі сайттар, оқулықтар дайындауға болады. Оларды құруда HTML тілінің пайдасы зор.

 

Негізгі тегтер

<html> </html>  

Бетті қарау программасында бұл HTML құжаты екенін көрсетеді.

<head> </head>

Құжаттың денесінде бейнеленбейтін әр түрлі ақпараттар орналасқан жерді анықтайды. Мұнда құжат атының тегі және іздеу  машиналары үшін қолданылатын тегтер орналасады.

<body> </body>

Құжаттың көрінетін бөлігін анықтайды.

Тақырып тегі

<title> </title>

Құжат тақырыбын бетті қарау программасында мазмұнына қояды.

Құжат денесінің атрибуттары

<body bgcolor=gt 

RRGGBB  түрінде түстің мәнін қолданып, құжат фонының түсін орнатады. Мысалы: FF0000 – қызыл түс.

<body text=gt 

RRGGBB  түрінде түстің мәнін қолданып, құжат текстінің түсін орнатады. Мысалы: 000000 – қара түс.

<body link=gt      

RRGGBB түрінде түстің мәнін қолданып, гиперсілтеменің түсін орнатады. Мысалы: 00FF00 – жасыл түс

<body vlink=gt

RRGGBB  түрінде түстің мәнін қолданып, сіз бұрын болып кеткен гиперсілтеменің  түсін орнатады. Мысалы: 333333 – күлгін түс.

<body alink=gt   

Басу кезінде гиперсілтеменің түсін орнатады.
Текстті форматтау үшін қолданылатын тегтер

<pre></pre>

Алдын-ала форматталған текстті жиектейді.

<h1></h1>

ЕҢ ҮЛКЕН тақырыпты құрады.

<h6></h6>

Ең кіші тақырыпты құрады.

<b></b>

Қарайтылған әріппен жазылған текстті құрады.

<i></i>

Басу машинкасының стилін көрсететін текстті құрады.

<tt></tt>  

Көлденең әріппен жазылған текстті құрады.

<cite></cite>  

Цитаталар үшін қолданылады, әдетте көлденең әріппен жазылған текст.

<em></em>

Тексттен сөзді белгілеу үшін қолданылады (көлденең немесе қарайтылған әріппен жазылған текст).

<strong></strong>

Тексттің маңызды бөлігін белгілеу үшін қолданылады (көлденең немесе қарайтылған әріппен жазылған текст).

<font size=gt;</font> 

1-ден 7-ге дейінгі текст өлшемін орнатады.

<font color=gt;</font>

RRGGBB түрінде түстің мәнін қолданып, текст түсін орнатады.
Гиперсілтемелер

<a href=uot;URL”></a>

Басқа құжаттарға немесе ағымдық құжаттың бір бөлігіне гиперсілтеме құрады.

<a href=uot;mailto:EMAIL”> </a>

Құжат авторына хат жазу үшін почталық программаны шақыру гиперсілтемесін құрады.

<a name=uot;NAME”></a>

Құжатта гиперсілтеме мақсатында қолданылатын текст бөлігін белгілейді

<a href=uot;#NAME”></a>

Ағымдық құжаттың бір бөлігіне гиперсілтеме құрады.
Форматтау

<p>

 Жаңа  параграф құрады

<p align=gt

Параграфты құжат шекараларының біреуіне тәуелді етіп тегістейді, мәндері: left, right немесе center.

<br>

Жаңа жолға көшуді қояды.

<blockquote></blockquote>

Тексттің екі жағы бойынша алшақтықтарды құрады.

<dl></dl>

Анықтамалар тізімін құрады.

<dt>

Терминдер тізімінен әрқайсысын анықтайды.

<dd>

Әрбір анықтаманы сипаттайды.

<ol></ol>

Нөмерленген тізімді құрады.

<li>

Тізімнің әрбір элементін анықтайды және номер меншіктейді

<ul></ul>

Нөмерленбеген тізімді құрады

<li> 

Тізімнің әрбір элементін анықтайды және дөңгелекше немесе квадратша қосады.

<div align=gt;

HTML құжатында үлкен блоктан тұратын тексттерді форматтау үшін қолданылатын ең маңызды тег, сонымен бірге кестелер стилінде қолданылады.
Графиктік  элементтер

 <img src=uot;name”>

HTML құжатына бейнелерді қосады

<img src=uot;name” align=gt;

Құжаттың бір жағына қарай бейнелерді тегістейді, қабылдайтын мәндері: left, right, center; bottom, top, middle.

<img src=uot;name” border=gt;

Бейненің айналасындағы рамканың қалыңдығын орнатады.

<hr>

HTML құжатына горизонталь сызық қосады.

<hr size=gt;

Сызықтың биіктігін (қалыңдығын) орнатады.

<hr width=gt;

Сызықтың ұзындығын орнатады, ұзындықты пиксельмен немесе пайызбен көрсетуге болады.

<hr noshade>

Көлеңкесіз сызықты құрады.

<hr color=gt;

Анықталған сызықтың түсін береді. RRGGBB мәні.
Кестелер

<table></table>

Кестені құрады.

<tr></tr>

Кестедегі жолдар санын анықтайды.

<td></td>

Кестедегі бөлек ұяшықты анықтайды.

<th></th>

Кесте тақырыбын анықтайды (қалыпты ұяшық ортада қарайтылған әріппен жазылған).
Кесте атрибуттары

<table border=gt;

Кесте рамкасының қалыңдығын береді

<table cellspacing=gt;

Кестенің ұяшықтарының арасындағы қашықтықты береді

<table cellpadding=gt;

Ұяшықтағы берілгендермен оның рамкасының арасындағы қашықтықты береді.

<table width=gt;

Кестенің ұзындығын пиксельмен немесе құжат ұзындығынан пайызымен орнатады.

<tr align=gt; или <td align=gt;   

Кестеде ұяшықтарды тегістеуді орнатады, қабылдайтын мәндері: left, center немесе right.

<tr valign=gt; или <td valign=gt;

Кестеұяшықтары үшін вертикаль тегістеуді орнатады, қабылдайтын мәндері: top, middle немесе bottom.

<td colspan=gt;

Бір ұяшыққа біріктірілген бағандар санын анықтайды(келісім бойынша)

<td rowspan=gt;

Бір ұяшыққа біріктірілген жолдар санын анықтайды (келісім бойынша)

<td nowrap>

Қарау программасында кесте ұяшықтарына көшуге рұқсат етпейді.

Электронды оқулықты қолдана отырып, студенттер төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады.

  • өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
  • Студенттің өздігінен дайындап, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
  • жұмысты тиянақты түрде орындап, оқытушыға файл түрінде тапсыруға;
  • өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
  • қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға;

Мұның өзі ізденімпаздыққа, дербес ойлауға, өзіндік қорытынды жасауға жетелейді[3].

Электронды оқулықты бағдарламалау сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер.

  • Үлгерімі төмен студенттерге көмектеседі;
  • Студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады;
  • Сабақта пайдаланылатың көрнекіліктердің санын арттырады;
  • Студенттердің шығармашылықтарын арттырады;
  • Студентті жеке жұмыс істеуге үйретеді;
  • Студенттің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
  • Пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.
  • Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану жолдары:
  • Оқытушының ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруі;
  • Алынған білім дағды деңгейі жоғарылады;
  • Білімдері тереңдеді;
  • Тексеру түрлері бағаланды;
  • Практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артты.

Қорыта айтарымыз  меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды оқулықтың көмегімен түсіндірсе, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады, одан әрі артады. Еліміздің әр аймағындағы мектептерде электронды оқулық үнемі қолданыста болса, оқу сапасы әрі қарай алға жылжи отырып артады, толыққанды жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Н.Ә. Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » (Ел президентінің халыққа жолдауы) Астана -2007 ж.
  2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында ». Ел президентінің халыққа жолдауы , Астана – 2006 ж.
  3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Н.Н.Соболева и.др. Электронный учебник нового поколения. «Информатика и образования» №6
  5. Соловев А.В. Дидактика и технология электронного обучения в системе Кадис / Сборник статей «Индустрия образования». Выпуск 6. М., МГиУ, 2002
  6. М.Кирмайер. Мультимедиа: Пер. С нем. СПб.: BHV – Санкт-Петербург, 1994г.
  7. А.Ж.Түсіпова. Компьютер – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы // Қазақстан мектебі. 2004 №7
  8. Н.Н.Соболева и.др. Электронный учебник нового поколения. «Информатика и образования» №6
  9. Әбдиев Қ.С. Бейсик программалау тілі. Алматы, АлМУ, 1993.
  10. Ж.А. Қараев. Активация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии. А., 1994г

 

1-Қосымша

Теория бөлімі

 

 

 

 

 

 

2-Қосымша

Практика бөлімі

3-Қосымша

Тест бөлімі

 

 

 

 

 

 

4-Қосымша

Анықтама бөлімі

 

 

 

 

5-Қосымша

Бағдарлама бөлімі

 

 

 

 

 

 

-Қосымша

Авторлар  бөлімі