2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПӘНДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯ ҚҰРАМЫНДА СТУДЕНТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНУШІЛІК БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ҮЙІРМЕЛЕР

Үйірме атауы

Мақсаты

Бағыты

Жетекшісі

Пәндік әдістемелік комиссия атауы

1.
 

«Қаламгер» жас ақындар
орталығы

Үйірмеге қатысушы әрбір
студентке ақындық талабына сай суырып салмалық және жазба өлеңдеріне қарай дұрыс
бағыт беру, қазақ халқына тән ақындар айтысын жандандыру, айтыс арқылы
тіліміз бен ұлттық тәрбиемізді, дінімізді дамытуға студенттерді
талпындыру. 

Шығармашыл жастардың оқырмандармен
кездесуі;

-тұсаукесер шараларын ұйымдастыру;

– әдебиет, мәдениет және өнер
саласындағы  шараларға қатысу;

– баспасөз ақпарат құралдарына жеке
туындыларын жариялау;

Калиева С.С.

Қазақ тілі және әдебиеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.
 

«Сөз құдіреті» мәнерлеп
оқу

Студентке поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы
тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге ,көркем
шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға
үйрету;

 

-Студенттің көркем әдебиеттерді оқуға ынтасын арттыру;

-берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді
талдау;

-кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай
білу;

көркем туындыны
келістіре оқуына, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуға дағдыландыру;

 

Нұғымарова Л.Н.

3.
 

«Ұстаздық әліппесі»

Жазуы көркем, тілдік талдауды сауатты жасайтын, оқу
машығы жылдам, білім берудің жаңа тәсілдерін меңгерген студент тұлғасын қалыптастыру.

-Сауат ашу пәнінен көрнекі құралдар дайындау;

-бастауыш білім беру бойынша жаңартылған бағдарламаларды
талдау;

-көркем жазу дағдыларын
меңгеру;

-бастауыш білім берудің жаңа тәсілдерін игеру;

Сахариева З.Д.

4.
 

«Ес-аймақ» жастар
театры

Сахна өнеріне бейім
дарынды жастардың, әнші-күйшілердің, басқа да өнерпаздардың басын қосып,
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту

-Түрлі жанрдағы шығармаларды орындау;

драма,
шоу-бағдарлама, сахналық миниатюра орындау;

-әлеуметтік мәселелерді
көрсетіп, психологиялық пьесаларға көңіл бөлу;

Қалиева С.С.

5.
 

«Қазақ тілі әлемі»

Орыс топтарында оқитын
студенттерге  қазақ тілін меңгерту,
ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру.
Қазақ тілінде сөйлеп, жаза
білетін дәрежеге жеткізу,

-Қазақ халқының әдет-ғұрпын,
тарихын қазақ тілінде таныту;

-қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу;

-қазақ тілінде еркін сөйлеуге
дағдыландыру;

-«Абай оқулары» байқауына қатысушыларды
іріктеу;

Мусанова А.Д.

6.
 

«Сырғалым»
этнолингвистикалық орталық

Қазақ халқының этностың болмысынан
туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар
бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге
ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғырту, танымдық мәнін ашу, болашақ ұрпаққа
ұсыну мақсатына тіл білімінің күрделі де құнарлы саласын терең меңгерту

Тіл білімін меңгерту, ұлттық
менталитететті дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру

Сербурина Н.А.

Қазақ тілі және әдебиеті

 

7.
 

«Статус»

Студенттердің азаматтық тəрбиесіне,
азаматтық тəрбиенің негізгі құраушысы — саяси мəдениетті меңгеруге тəрбиелеу 

-ҚР заңдарына сәйкес нормативтік құжаттармен жұмыс;

– Құқық қорғау
органдарының қызметкерлерімен кездесу  ұйымдастыру.

 Битөлеуова Э.Д.

Әлеуметтік-экономикалық

8.
 

«Жас алаш»

Студенттердің  өз Отанының қасиетін сезініп, тарихын
танып, Отан алдындағы жауапкершілігін ұғыну.
Өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мақтаныш сезімін
тудыру.

Зерттеу,
іздену жұмысы, кітапханамен тығыз байланысты жұмыс түрлері атқарылады;

– «Тарих көші талай шұбап өткен
жер, талай ұрпақ өсіп өліп төккен тер» деп аңызға айналған Семей өңірінің
тарихын, дәстүрін зерттеу;

– Ел мақтанышы болған біздің
спорт шеберлеріміз туралы мәлімет жинап, ұлағатты өмір салтын насихаттау;

Жұмағұлова Ә.Ә.

9.
 

«Оратор» дебат
клубы

Студенттің ой-өрісін
дамыту,ізденіс жұмыстарына талпындыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әрбір
жастың тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін қалыптастыру;

– Қазақстан Республикасының
«Жастар саясаты туралы Заңы» аясында басқа да іс – шаралар мен жобаларға қатысу; 

Сағымбеков Н.Ә.

10.
 

«Smart student»

Студенттердің зияткерлік, шығармашылық ізденістерін
жетілдіріп, олардың білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету

Студенттерге қоғамдық әлеуметтік
ортада және практикалық өмірде проблемалық ситуацияларды анықтауда қол
жеткізіп, психологиялық дайындық процесін жүргізу.

Турбаева М.

Педагогика және
психология

11.
 

Тұлғалық өсу

Білім алушыларды психологиялық біліммен қаруландыра
отырып, іс-тәжірибе түрінде психо-диагностикалық зерттеу әдістерін болашақ
маман ретінде қолдануға, ұйымдастыра білуге үйрету


Білім алушылардың
психологиялық білімін жетілдіру;


Білім алушылардың ақыл-ой
және шығармашылық қабілеттерін дамыту;


Болашақ мұғалімдердің
зерттей білу сапалық қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;


Психологиялық-теориялық
білімдері іс-тәжірибеде қолдануға мүмкіндік тудыру

Нұрғазы М.

12.
 

Бейнелеу өнері
негіздері сауаттылығын жаңғырту

Студенттердің зияткерлік, шығармашылық ізденістерін
жетілдіріп, олардың білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету

Студенттерге қоғамдық әлеуметтік
ортада және практикалық өмірде эстетикалық талғам, іскерлік дағды қалыптастыру
әдістемесін меңгерту

Қайсанова Ж.Қ.

13.
 

Ступени роста

Целью кружковой деятельности
является поддержка студентов путем создания условий для развития творческих
способностей,  интеллектуального
потенциала, самоактуализации и самосовершенствования как профессионала и
личности,  включая участие в конкурсах,
выставках, смотрах. 

Привлечение студентов
колледжа к творческой работе;

развитие личности, способной
к самоактуализации в постоянно изменяющихся социокультурных и
профессиональных условиях.

Жунусова Л.Б.

14.
 

«Шуақ» қуыршақ
театры

Студенттерге болашақ балабақша тәрбиешілерінің қуыршақ
тетар қойылымдарын ұйымдастыра білу қабілетін дамыту, көркем сөз, мәнерлеп оқу
рольдерді орындау дағдыларын шыңдау.

-Әр түрлі материалдарды қолдана отырып, тетар қуыршақтарын
жасау;

-шығармашалық этюдтарды дайындау;

-балабақша, мектептермен байланыс орнату

Мукышева С.А.

15.
 

«Жан нұры»

Адам іс-әрекеттері мен адамдардың қоғамдық ынтымақтастығын
, рухани, ұлттық-дәстүр құндылықтары мен материалдық, саяси құндылықтар бағдарын
нығайту.

Оқушылардың
өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын,
айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін
ашу;

-өзін дәріптеу, өзіне
сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту

Кабимолдина А. К.

 

 

 

16.
 

«Руханият»

Қазіргі заман жастарының адамгершіілік пен руханилықтың
өзекті мәселелері бойынша өз ойын, пікірін ортаға еркін салып, талқылай
білуге дағдыландыру

Өзінің студенттік рөлін саналы түрде сезіну, өзін-өзі бағалау
деңгейін анықтау, мінезі мен темпераментіне байланысты оның оқу мен оқу
стилдеріне бейімділігін айқындау. Студенттік өмір салтын дұрыс ұйымдастыру

Нурланова А.К

17.
 

Жас ұстаз

Студенттердің зияткерлік, шығармашылық ізденістерін
жетілдіріп, олардың білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету

Студенттерге қоғамдық әлеуметтік
ортада және практикалық өмірде проблемалық ситуацияларды анықтауда қол
жеткізіп, психологиялық дайындық процесін жүргізу.

Нурашева Э.Н.

Кабимолдина А.К.

Нугумарова Л.Н.

Касымжанова Г.К.

18.
 

«Spoken English»

Лексикалық, грамматикалық
материалды таныстыру арқылы  студенттің
пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту

-Дыбыстарды айту
ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктерді түсіндіру;

– Сөйлеу, оқу және жазу іскерліктерін
дамыту;

Торыбаева Г.Н.

Шет тілі

19.
 

«Tedx Ped»

Студенттерді ағылшын тілінде ғылымилыққа баулу. Шетел
тілінде ғылыми терминдерді меңгеруге және еркін сөйлеуге дағдыландыру.

-Студенттерді шет
тілінде ғылыми конференцияларға қатыстыру;


Шет тілінде мақала
жариялау;


Шет тілінде
іскерлік қарым-қатынасқа еркін түсе білуге дағдыландыру

Орынбасарова Қ.

20.
 

«Conversation Club»

Студенттің ой-өрісін
дамыту,ізденіс жұмыстарына талпындыру. Тек ана тілінде емес, ағылшын тілінде
де өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

-Түрлі саладағы тақырыптарды арқау етіп, ағылшын тілінде
дебат форматында талқылау

Дюсебаева А.М.

21.
 

English
Literature

Білім алушыларға шетел елдің әдебиетін таныту арқылы шығармашылыққа
баулу, рөлдік ойындар арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру


Білім алушылардың ақыл-ой
және шығармашылық қабілеттерін дамыту;


Білім алушылардың
шетел елдің әдебиетіне дешен қызығушылын тудыру және зерттеу жұмыстарына
деген таланттарын арттыру;


Теориялық
білімдерін іс-тәжірибеде пайдалануды үйрету;

Ибрагимова А.А.

22.
 

Welcome to
English speaking countries

Жақсыбаева А.М:

23.
 

«Prime time»

Студенттерге фонетика пәнінен білім негіздерін пәнаралық
байланысты орнату арқылы меңгерту, классик жазушылар шығармалары негізінде
сыни ойлауға баулу, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

-Ағылшын фольклоры, халық  әндері, әңгімелерді талдау, мысал әңгімелерге
қойылым дайындау, практикалық жаттығуларды қолдану

Юсупова М.К.

24.
 

«In the World of
the English literature»

Шетел әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыру.
Қазақ әдебиетімен байланыстыра отырып, көрнекі ойлауға талпындыру

-ағылшын фольклоры. -Халық  әндері,
әңгімелерді талдау;

-Мысал әңгімелерді аудару

Маметекова Г.С.

25.
 

«Стилист»

Развивать способности свободно, нестандартно мыслить,
умение передать свою мысль в письменной и устной форме;

Умение определять
значения фразеологизмов
;

Повышение уровня обученности учащихся и качества знаний в области
литературы, культурологии

Шоманова Г.К.

Орыс тілі және
әдебиеті

26.
 

«Лингвист»

Расширение
и углубление запаса знаний обучающихся и формирование лингвистической
компетенции, развитие творческих способностей, овладение свободной и устной
речи

-Подготовка к научным конференциям;

-Проектная работа на актуальную тему в области языков

Умарбекова Ф.Н.

27.
 

«WEB-дизайн»

Студенттердің компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Photopshop, CorelDrow бағдарламаларында еркін жұмыс жасауға үйрету.

Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы;

– Графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең
таңдау

Мусаев Қ.Ғ.

28.
 

«IT-innovation»

Жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру

-Студенттердің  компьютерді еркін  қолдануы;

-Бағдарламалармен жұмыс
істеу мүмкіншілігі жоғарылату;

-Телекомуникациялар жүйесін,
интернет жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясын сауатты пайдалану

Бласпаева Ғ.Қ.

Математика,  информатика
және жаратылыстану

29.
 

«Қызықты физика»

Физика пәні
бойынша теориялық, практикалық білімдерін пысықтау. Студенттің интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін
дамыту

 Лабараторияда жасалынатын түрлі
эксперименттер;

-Әр студенттің мүмкіндіктері
мен қажеттіліктеріне сәйкес, жеке шығармашылық қабілетін  дамыту

Муканов М.С.

30.
 

 

 

«Полиндромдар»

Ой-өрісін кеңейту.

Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

Тапқырлыққа тәрбиелеу. Математиканың өмірмен байланысын
көрсету.

-Оқу материалын тереңдету.

-Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру

-Математика тарихынан мағлұматтар беру

-Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін есептерді шешу

 

Ахметова А.К.

 

31.
 

«Y-PEER» денсаулық
сақтау ресурстық орталығы

Жасөспірімдердің бір-бірімен  өзара қатынасының үйлесімділігін арттыру,
таныстыру, өзін ортада бақсару, еркін сезініп, өз пікірін жеткізуге, сенімін
нығайтуға жол ашу, қызығушылығын қалыптастыру.

Y-PEER  ресурс орталығының салауатты өмір салтын насихаттаудағы жұмыстарын
таныстыру

Елубаева Ж.Ә.

 

 

 

 

 

Математика,  информатика
және жаратылыстану

32.
 

«Мейірім» еріктілер
тобы

Халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне,
гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін
және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру

Қайырымдылық акциялары;

– Гуманитарлық қолдау көрсету;


Әлеуметтік-психологиялық
көмек көрсету;

·
Әлеуметтік жауапкершілік еріктілер қозғалысы дәстүрлерін
қолдау, дамыту және жалғастыру бойынша әлеуметтің маңызы бар қайырымдылық
шараларға қатысу

Музапарова Д.Б.

 


МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯЛАРЫНДАҒЫ ЭКСПРЕСТІК МЕХАНИЗМ

 Қожагулова Жаннұр Рашидқызы, ІҮ курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Абылқасымова Гәкку Айжарыққызы

 

Жоспар:

Мағжан өлеңдеріндегі ұлттық код концепциясы

Өлеңдеріндегі эстетикалық  формалар мен стиль

Ақын лирикаларының махаббат палитрасы

 

Экспрестік механизм ұғымын әдебиеттану саласында қарастырсақ, өнер туындысы – өте жылдам, тоқтаусыз жөнелтіліп келе жатқан экспрестік көлік іспетті. Әдеби туындының сан түрлі тарихты басынан өткеріп, бүгінгі тәуелсіздік заманына талмай жетіп, болашаққа беттеп бара жатуы – оның зор күштің иесі екендігін көрсетеді.  Осы тұста ғұлама ғалым М.О. Әуезовтің «…Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» [2.4] деген пікірі еріксіз ойға оралады…

Мағжан Жұмабаев поэзиясы – өмір танытушылық мәнге ғана ие емес, ол адамды өзгертуші – орасан зор механизм! Ақын өлеңдеріндегі экспрестік механизм базисі – ең бірінші, ұлтына  деген тұнық махаббаттан бастау алады. Ал, ұлтын сүюі Мағжанның өскен ортасынан, сіңірген отбасылық тәрбиесінен болса керек.

…Ұйқы басқан қабағын,

Бастыра киген тымағын,

Жалқаулықты жар көрген,

Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен

Бірге жусап бірге өрген

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін,

Сол елімді сүйемін! [1.37]

Бұл жолдардың өзі – тұнып тұрған сыр емес пе?!. Ақын өз өлеңдерінде ұлттық прагматизм платформаларын оқырманына сыр ғып жеткізеді. Жан дүниесін елжірете, санасын сырқырыта жеткізеді. Ол сыр – халқымыздың рухани тіршілігінің даму барысын, сана сезімінің шырқап шыққан биігін танытады! «Сана» ұғымынан «ұлттық сана» ұғымы туындайды. Демек, ұлттық менталитет, қазіргі тілмен айтқанда – Ұлттық код. Ұлттық код – қазақ халқының жері, діні, ділі, тілі, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет, әдебиет, музыкасы деген ұғымдарың жиынтығы. Ұлттық бірегейлікті сақтаудың ең басты шарты – ұлттық код болмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деп атап көрсетті Елбасы

Н.Ә.Назарбаев. [9.8.] Ақын поэзиясының бүгінгі күнге жетіп, жаңғыруы – халықтық құндылықтардың барлығын өз бойына сіңіріп, оны өз халқына еселеп қайтарғандығында деп білеміз.

Бұл – қазақ, Тәңіріге зар еткен қазақ!

Қиналып, қанды азап шеккен қазақ!

Әйтеуір, қанды азаптан құтқарар деп,

Оқыған азаматын күткен қазақ!

Ақын өз халқының қалауын терең сезіне білді, қолынан келгенінше, қол ұшын беруге талпынды, өзгелерге де қазақты қаным, жаным десең – жұмақтың суын апар деп шарт қойды. Ақын өлеңдерінің өміршең механизмінің де бір сыры осында жатыр. Әлдекімдерден үміт күтетін біздің бұйығы халық, осы заманда да өмір сүріп келеді. Мағжан сынды Алашын ардақтайтын бүгінгінің батырлары да бар ортамызда. Бірақ ақын жалқаулықты жар көрген мінездің де халқымызға жақын екенін жасырмайды. Өз ұлтын жалқаулықты жеңіп, көңілі жүйрік кемеңгерлікке жетудің бір ғана шарты – оқу, білімде деп насихаттайды.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Міне, нағыз тенденция! Оның ой өзегіндегі мығым принцип! Бұл – азаматтық және ақындық пафос! Міне, осы қуатты сезім мен асқақтық оны оптимизм әлеміне алып келді. Ақын шығармаларындағы оптимистік көзқарастар кез-келген көңіл күйдегі кез-келген оқырманның өмірге деген құлшынысын арттырар қуаттың қайнар көзі.

Не көрсем де, алаш үшін көргенім,

Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін, қолдарнан келгенін!

Бұл жолдарды оқыған адамның жан жүрегін жұлқып-жұлқып қалатын мінез байқалады. Ол – тек қазақ халқына ғана тән төзімділік, көнбістік, сабырлылық, махаббат. Тек, қазақ ұлты ғана дәл осылай сүйе алады!

Мағжан Жұмабаев поэзиялары арқылы ақын образын тану – ол қазақ халқын тану, халықтық характерді тану деп білемін. Сенсе – жас балаша сенетін, күлсе – есі шыға күлетін, жыласа – қап-қара қан төгетін, қайғырса – қиямет орнатып, сүйсе – жан тәнімен сүйе алатын.., ол – Біздің ғана халық! Біздің ғана – Мағжан!

Мағжан Жұмабаев поэзияларындағы экспрестік механизмді құраушы  эстетикалық формалар ретінде: тақырыптық эстетиканы, эстетикалық идеяны, өлең өлшемдеріндегі эстетикалық форманы атауға болады. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі – оның тақырыбынан басталады. Назар аударайықшы: «Есімде…тек таң атсын!», «Мен жастарға сенемін», «Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі», «Дариға жүрегімді өртеді ғой…» деп жалғаса береді. Санаға сіңіп, ойға орныға қалатын, жүрекке жылы естілер кіл сұлу тақырыптар. Ақын поэзиясының тақырыптары – шындық болмысты түйсініп, поэзияға арқау еткен өмір құбылыстарының тобы. Тақырып сұлулығының сыры – шынайылықта. Шынайы реализм мен романтизм әдемі үйлесім тауып, оқырмандарын әрі қарай оқып шығуға тақырыптың өзі-ақ шақырып тұр. Ақын тақырып арқылы өзі жырлап отырған өмір шындығына назар аударта біледі. Бұл – әрекет идеяға алып келеді.  «Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені – негізгі идея дейміз». [3.166] Жұмабаев поэзияының экспрестік механизміннің күшінің негізі – қай заманның болмасын оқырманын баурап әкететін талантты поэзияның сұлу идеясында жатыр. Ақынның әрбір өлеңіндегі сұлу идея – нұсқап көрсетілмейді, ақын тенденциясы арқылы көркемдік шешімін тауып отырады. Мағжан Жұмабаев поэзияларында бірін-бірі туғызып, бірін-бірі дамытып отыратын сұлу тақырып пен сұлу идея бар! Ақын шығармаларындағы сұлулық категориялары әр түрлі жүйеде  жазылған өлең өлшемдерімен ерекшеленеді. Мағжан Жұмабаев іші – алтын, сырты – сұлу сөз жақсысын, келістіре білген ақын. Өлеңдерінің ішкі өлшемі – шумақ, тармақ, бунақ ерекшелігі мен сан алуандығы ақынның қазақ поэзиясындағы жаңалығы деуге болады. Ақын поэзисының өлшемі – метрикалық және силлабо-тоникалық жүйеге жатқызуға болады. Метрикалық жүйе – әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. [3.264] Ақын өлеңдері музыкалы мақаммен, ырғақпен оқылады.  Ақынның «Сүйгенім анық» өлеңінде:

…Бүгін сен көріп,                   (2,3,5буындарындағы екпін)

Қолыңды беріп,                      (3,5)

Қайғыменен қарайсың:         (2,6)

«Сендім мен жазған,             (3,5)

Сүйгенің жалған,                   (3,5)

Алдадың!» – деп жылайсың. (4, 6)

Алдағаным жоқ, (3,4) «Алдағам жоқ» деп оқылады, (фонетикадағы эллипсис құбылысы)

Арбағаным жоқ, (3,4) «Арбағам жоқ» деп оқылады, (фонетикадағы эллипсис құбылысы)

Сен, сөзіме, сұлу қыз!           (1,4,7)

Тап сол сағат                          (2,4)

Сүйгенім хақ,                         (2,4)

Куә мынау көп жұлдыз!        (2,4,5,7)

Өлеңнің 1 шумағы 4,5,7 буыннан, 1,2 бунақтан, 12 тармақтан құрылған. Силлабо-тоникалық бұл өлеңнің өлшемі тармақтардың симметриялық тізбектелуі арқылы ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буын мен екпінге негізделген. Екпіннің түсуіне қарай, силлабо-тоникалық өлеңнің басты түрі: ямб, хорей түріне жатады. Өлең өлшеміндегі сұлулыққа сызба арқылы да көз жеткізуге болады. (слайд) Ақын өлеңдерінің әрқайсысы өзгеше. Ақын жай жырлап отырған жоқ, шешіле сөйлеп, сыр ақтарып отырғандай. Бұл жаңалықты ақын қазақ поэзиясында жаңа инверсия жолымен жасады. Жоғарыда аталған Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі эстетикалық формалар ақынның поэзиядағы өзіндік орнын, стилін қалыптастырды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – ақынның ақыны» деп атауының өзі осындай ерекшеліктерден болса керек.

Мағжан Жұмабаев шығармаларының басым бөлігі – махаббат лирикалары. Оның «З-ға», «Жас сұлуға», «Жәмилә», «Қайғылы сұлуға», «Ғазизаға», «N-ға», «Хор сипатты қарындас» т.б. өлеңдерінде нәзік дірілді сезім, уайымы мол ой, байсалды парасат, терең философия, айнымас адалдық – бәрі бар. Мағжан өлеңдеріндегі махаббат палитрасы – қанық және нәзік, анық және бекем. Осы бояулар арқылы да адамзат атаулымен мәңгі бірге жасасатын махаббатқа деген  адалдықты, тұрақтылықты, төзімді үйретеді. Ақынның әр аруға арналған өлеңдерін тұрақсыздық деп қабылдау әбестік. Керісінше, ол махаббатқа деген тұрақтылық, сұлулыққа деген құштарлық. Ұшуға іңкәр тұлпар бір жерде ылғи шаң жұтып тұрсын ба, жел болып ұшып та кетеді. Ақын – от, жалын, шапшып бірде көкке тиеді. Ақын – ағын су, сылдырап ағып кетеді. Ақын – жел, гулеп ұшып кетеді. Бірақ, ақын – адам. Жүрекке ауыр шер кірсе, жырлайды да, жылайды. Мағжан – ғаламат ақын,  АЗАМАТ ақын! Мағжан – махббаттың ақ маржаны!

Бүгінгі күннің басты проблемалары және оның шешімі – Мағжан өлеңдерінде. Махаббат мәселесіне бір ғана мысал, «Ж..ға» деген өлеңінде:

«Әлі жассың, қайғы көрме, бара бер,

Сұм өмірдің күлін көрме, гүлін көр»… деп, махабаттың шешімін өзі көрсетеді.  Ақын поэзиясының басты образы – ақынның өзі, нысаны – ақын өмірі мен тағдыры. Ал, ақын тағдыры – халық тағдыры. Мағжан поэзиясы – адамды қозғаушы, өзгертуші күш! Мағжан – әрі  ақын, әрі ғалым, әрі ұстаз, қоғам қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық танытпаған. Бәрін де орасан күшпен қатар ұстаған тұлға. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоалғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп Елбасымыз айтқандай, болашақ ұстаз ретінде, ақын шығармашылығын болашаққа жеткізу – менің парызым деп білемін. Жеткізіп қана қоймай, кей-кейде тіршіліктің шаң-тозаңына бұлғанып, кірленіп жатқан жүректерді Мағжан жырларымен, жуып, емдегім келеді. Себебі, оптимизм мен суретті субъектінің сұлу өмірі – Мағжан өлеңдерінде! Мақаланы ақын, Айжарық Абылқасымовтың «Мағжан-маржан» поэмасынан үзіндімен қорытындылағым келеді:

Кел, көктем көркем ақын есігіне,

Ерекше тағзым, дейік есіміне!

Естісін Зылиқа әжем әруағы,

Әкелген ақын сырын осы күнге.

Тәңірдей тұрған шақта осы кейіп

Әлдилеп әрбір жырын көшірейік.

О,Мағжан, махаббаттың ақ маржаны,

Мәңгілік  Рухыңа, бас иейік !!

Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Мағжан Жұмабаев «Жан сөзі» Алматы, 2005.
  2. Аңыз адам. №1(37) Қаңтар, 2012.
  3. Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» Алматы, 1983.
  4. Мағжан Жұмабаев Шығармалары Алматы, 1989
  5. Классикалық зерттеулердің 21 томдығы.Жұмағұлов Б.Т. Алматы, 2012
  6. М.Жұмабаев Педагогика Алматы, 1992 ж.
  7. Елеукенов Ш.Р. «Қлттық поэзия падишасы»
  8. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Алматы: “Мектеп” баспасы, 2007.

Нұрлұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру Астана, 2017

 


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КОМБИНАТОРЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сайлаубекова Диана Еркінқызы

 ІҮ курс студенті, «ХХІ ғасыр студенттерінің зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары»

атты ІII халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушысы

 

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының 2015  жылғы  25 сәуірдегі № 327 бұйрығы бойынша шыққан білім беру стандартының негізінде бастауыш математикасының оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сынып математикасына жаңадан «Жиын. Логика элементтері» бөлімі қосылды. Бұл бөлімге «Заттардың комбинациялары» бөлімшесі енгізілген. [7]

Математикадағы комбинаторика көптеген логикалық есептерді оңай жолдармен шығаруға, есептерді шешуде және олардың шығару жолдарын адам есіне лезде сақтап қалу үшін де көмектеседі. Логикалық есептер адамның ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді және арттырады. Сондай-ақ комбинаторлық есептерде теңдеуді шешуге, өрнекті ықшамдауға, теңдікті дәлелдеуге болады.

Комбинаторика – қандай да бір және алуан түрлі комбинациялар туралы сөз болатын есептерді қарастырумен айналысатын математиканың бөлімі. Осындай есептер әдетте ақырлы жиындармен, олардың ішкі жиындармен, бейнелеулермен, жиын элементтерінен құрылған кортеждермен байланысты болады. Сондықтан комбинаториканы жиындарды реттеу және бөліктеу сияқты амалдарды ақырлы жиындарға қолдануды зерттейтін, элементтердің жиында орналасу ретін және жиын элементтерін қандай да бір тәртіп бойынша орналастыру тәсілдерінің санын анықтау сияқты мәселелермен айналысатын жиындар теориясының бөлігі деп қарастыруға болады [3].

Комбинаторика (лат. Combino – жалғастырамын) – комбинаторикалық анализ деп те аталады. Комбинаторикалық анализ комбинаторикалық математика, комбинаторика – математиканың кез келген шектеулі жиын (шектеудің кейбір шарттарын шексіз жиын) бөліктерінің орналастырылуы мен өзара орналасуына байланысты мәселелерін зерттейтін бөлімі [2].

Комбинаторика есептері алғаш рет XVI-XVIII ғасырларда ықтималдықтар теориясының шығуымен байланысты қарастырылды, сонда «теңмүмкіндікті» қарапайым оқиғалар болжамына негіздеп ықтималдықтарды есептеу комбинаторлық есептерге әкеліп киліктірді. Бұл осы кезде көпмүшелердің алгебрасында, группалар (топтар) теориясында, ықтималдықтар теориясында, электроникада, тұрмыста (құлыптар, сейфтер, телефон желісі, машиналардың нөмірлері және т.б.) өте жиі қолданылады[1, 55 б.].

Комбинаторикалық есептердің ерекше өзгешеліктері оның шешілуінің бірнеше нұсқасының болуында. Комбинаторикалық есептерді шешу барысында оқушылар қойылған сұрақтарға түрлі әдістер құру арқылы жауап береді.

1-4 сыныптар аралығында комбинаторика элементтерінің мынадай түрлері қарастырылады: комбинаторлық байланыстар, комбинаторлық байланыстың негізгі түрлері (орналастыру, алмастыру, теру), теру әдістері (ретсіз, жүйелі), комбинаторлық есептерді шешудің графиктік тәсілдері (кесте, граф, граф-терек)[2, 16 б.].

1 сыныптың комбинаторлық есептерге қатысты бірнеше тапсырмалары орналастырулармен байланысты. Бұл – оқушылардың танысатын ең алғашқы және ең жеңіл түріндегі комбинаторлық есептері.

Алғашында оқушылар түрлі-түсті түстермен бояйтын немесе затты әртүрлі тәсілмен орналастыруға байланысты тапсырмалар орындайды. Осыған сәйкес тапсырмалар «Әртүрлі тәсілмен боя», «Әртүрлі тәсілмен орналастыр» және т.б. немесе түрлі-түсті боялған заттардың үлгісі беріледі де, қалған боялмаған тапсырмалар өз бетінше орындауға тапсырылады.

Мысалы: Үйшіктердің шатырлары мен қабырғаларын қызыл, көк, жасыл түстерді пайдаланып, әртүрлі тәсілдермен боя.

1 сыныпта тапсырмалар қалай толықтырылғанына ұқсас 2 сыныпта да тапсырмаларды өзгертуге болады [3, 80 б.].

2 сыныпқа мынадай комбинаторлық есептер ұсынуға болады:

1.Сенің қолында түсі әртүрлі 4 текше бар делік.

Оларды боя. Барлық суреттегі бірінші текшені түсі бірдей, бірақ қалғандарын әртүрлі етіп қалай қоюға болады?

2.Сандықта қызыл және көк түсті көптеген шарлар бар.

a)   Сиқыршы сандықтан 2 шар алып шығуы тиіс. Оның шарларының түсі қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды боя. Жауаптың неше нұсқасы бар?

b)  Сиқыршы сандықтан 3 шар алып шығуы тиіс. Оның шарларының түсі қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды боя. Жауаптың неше нұсқасы бар?

c)  Сиқыршы сандықтан 4 шар алып шығуы тиіс. Оның шарларының түсі қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды боя. Жауаптың неше нұсқасы бар?

3-сынып оқушыларына ықтималдық туралы олардың интуитивтік түсініктері тексерілетін және орындау нәтижесінде оқиғаның ықтималдығы ойында оңтайлы стратегия таңдаудың математикалық құралы болып табылатын тапсырмаларды ұсынуға болады.

  1. Қорапта 6 қызыл, 2 көк және 1 жасыл қарындаш жатыр. Қарындаштардың біреуі түсіп кетті де үстелдің астына домалап кетті. Алуа бірінші болып айқайлап жіберді: «Егер ол жасыл түсті болса, онда мен өзіме аламын». Марат айтты: «Егер ол көк түсті болса, онда мен оны өзіме аламын», Айдос ойланып барып: «Егер қарындаш көк түсті де, жасыл түсті де болмаса, онда мен оны өзіме аламын» деді. Сіз қалай ойлайсыз, түсіп қалған қарындашты алуға қайсысының мүмкіндігі көп?
  2. 45 қоянды 9 торға әрқайсысындағы қояндар саны әр түрлі болатындай етіп орналастыр[2].

4 сыныпта да әртүрлі орналастырулар мен сандық атауларға қатысты  комбинаторлық есептерді ұсынуға болады. 4-сыныпта берілетін есептер 1, 2, 3-сыныптарға қарағанда анағұрлым күрделі. Ол оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, алда  логикалық терең ойлау қабілеттерінің дамуына негіз болып отыр.

  1. Әрбір келесі цифры алдыңғысынан 2 есе артық болатын үш таңбалы бірнеше сан жаз. Осындай неше сан жазып көрсетуге болады?
  2. Бірліктері ондықтарынан, ал ондықтары жүздіктерінен 3 есе кем болатын үш таңбалы сандарды жаз. Осындай неше сан жазып көрсетуге болады?
  3. 1, 2, 4, 5, 6 және 9 цифрларын бір ғана рет пайдаланып, бірі екіншісінен 5 есе артық болатын үш таңбалы екі сан жаз[3].

Қорыта айтқанда:

комбинаторика қосынды және көбейтінді ережелері арқылы жүзеге асырылатындықтан, математика курсының көптеген есептерін шығару әдістерін негіздеп беруге мүмкіндік туғызады;

цифрлар жиынтығы бар болғандықтан, екі таңбалы (үш таңбалы, төрт таңбалы) сандарды жазумен байланысты қарапайым комбинаторлық есептерді қарастыруға мүмкіндік береді, яғни цифрлар жиынтығы көмегімен сандарды жазғанда олардың комбинациялары модельдерінің әртүрлі нұсқалары жасалады, сонда цифрлардың қайталануы да, қайталанбауы да мүмкін;

комбинаторлық материалдардың тәрбиелік мәні де зор, оны оқуда баланың интеллектуалдық қабілеті дамиды, математика курсының қолданбалы аспектісі артады, осы пәнге қызығушылықтарын дамыта түседі;

әртүрлі нұсқаларды іздестіруді іске асыру барысында тұлғаның шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

 

Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Т.Қ. Оспанов. Математиканың теориялық негіздері: Оқулық. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат», 2012.-486б.
  2. М.Ж. Мынжасарова. Бастауыш және негізге орта білім беру деңгейлерінде стохастика элементтерін оқытып-үйретудегі сабақтастық.: Автореф. –Астана: 2010.-30б.
  3. М.Ж. Мынжасарова. 2-сынып метематикасын оқытудағы стохастикалық мазмұнды есептер. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың әдістемелік жүйесін жасау теориясы мен тәжірибесі: п.ғ.к., проф. Т.Қ,Оспановтың 70-жылдығына арналған Республикалық дөңгелек үстел материалдары (4 ақпан 2011ж.) – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. -304б.

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулысы, 2015  жылғы  25 сәуір  Астана № 327

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

2017-2018 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат, 2017 ж.

Математика. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар), 2016 ж

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. 2016 ж.


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС 

Төлеутаев Н. «Дене тәрбиесі және спорт» мамандыының студенті

Ғылыми жетекшісі: Жумагулова Асем Алибековна

 

Жоспар:

  1. Барлаушылар үшін радиостанциялар
  2. Байланысшы Василий Тимонов

ҚР Президенті өзінің «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында: «Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті.   Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.» деген болатын.

Ең үлкен қасіретті де және қиын соқпа кезең әрине бұл Ұлы Отан соғысы. Сол кездегі елін, жерін қорғаған батырларға мың алғыс. «Ерліктерініз ел-есіңде» сол бір сұрапыл заманда ең қиын кез, ол байланыс қызметі болған. Алайда сол соғыс кезінде, байланыстың әр түрлі бағыттары болған болатын. 1941 жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.

Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасырын қарым-қатынас жолдары, оның орталығымен және барлау ақпарат пен нұсқаулар беру шетелдік және әскери барлау тиімді қызметтерін ұйымдастыруда ең маңызды рөл атқарды.Өйткені бір мезгілде жау аумағына қараусыз қалған әскери барлау офицерлері, партизандардың, барлаушылардың және шабуылын білуге болатын. Онсыз, әскери майдандағы жағдайды, сондай-ақ басқа адамдардың ниетін, жасырын жоспарларын және басқа мүдделі тараптарға жеткізу жөніндегі кез-келген операция барлық мәнін жоғалтады. Мұндай жасырын қарым-қатынас тәсілі идеалды түрде сенімді болуы керек, агент үшін қауіпсіз, басқаларға түсініксіз және қабылдаушы елдің қарусыздану қызметі – жаудың ықтимал оқшаулануынан қорғалуы тиіс. Іс жүзінде неғұрлым жедел тәсілрадио байланыс болып табылады. Сондықтан радио таратқыштар, қабылдағыштар және трансиверлер өте маңызды техникалық құрамдас болып табылады.

Ақапаратты жасырын сақтаудың бастапқы қағидасы әдеттегі чемоданда тыңшылық радиоқабылдағышты тасымалдауға алғаш рет 1930-шы жылдардың соңында француз және неміс мамандары ұсынған болатын.

Бұл тәсіл жақын арада басқа елдердің барлау қызметтерімен бағаланып, қабылданды. Осыдан бастап «Чипов радиосы» кеңінен қолданылды.

Екінші дүниежүзілік соғыста Вакуумдық түтіктердегі осындай радиоқабылдағыштар мен қабылдағыштар өте үлкен, ауыр, энергияға бай болды, бірақ уақыт өте келе оларды жобалау айтарлықтай жақсарды.

Барлаушының радио таратқышы радиациялық қуаттың, өлшемдердің, салмақтың, қуаттың әлдеқайда қарапайым техникалық сипаттамаларына ие автономды қуат көздері, операциялық қондырғыда және тиісті камуфляцияда қолдану қажеттілігіне байланысты. Сонымен қатар шектеулі  агент радио қарсы барлау қарсылас кодталған хабар мүмкіндігінше қысқа болуы, және таратқыштың қуаты сәулелену керек қаупін азайту болды.  Радиостанцияларды өндіру қатаң құпияда жүргізілді. Ұзақ уақыт бойы немістер радиостанциялар ағылшын тілінен шыққан деп санайды. Жауды алдау үшін 1944 жылға дейін тұтқалар мен алдыңғы панельде ағылшын жазулары, ағылшын тіліндегі өндірістің радионы компоненттері ішінара пайдаланылып, ішкі бөлшектерден жазулар жойылды.

Неміс әскерлері «Норд» тобының командирі, генерал-майор Маршал

В. Лебеннің естеліктеріне сәйкес немістер тіпті КСРО-дағы Ленинград қоршауында мұндай радиостанциялары болуы мүмкіндігін елестете алмады.

Сонымен қатар қазақ ежелден төрт-түлікке, жануарларға көп көніл бөліп оларға сенген. Қазақтың жеті қазынасына кірген иттің соғыста, оның ішінде барлау қызметіне үлкен үлесін тигізген болатын.

Ұлы отан соғыс кезінде барлауға құстардың да көмегі орасан зор болды, Солардың бірі көгершіндер. Армия почта көгершіндерін қолданған.

2.Байланысшы-Василий Тимонов

Осындай байланыс жолдарын қолданған батырға тоқталмақпын.

Василий Тимонов, 1919 жылдын 19 мамырында Алтай провинциясында дүниеге келген, аға лейтенант, «Кеңес Одағының Батыры»батыры.

Ол Алтай, Сібір және Қазақстан шекарасындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді.Орта мектептің 7-сыныбын бітіргеннен кейін жергілікті колхозда жұмыс істеді. 1939 жылы Қызыл Армия құрамына Қарасу ауданының әскери комитетіне Василий Тимонов дайындалды. Мұнда телеграф операторының мамандығын алды. Ол кезде байланыс дұрыс дамымаған кез болатын, алайда ВасилийТимонов сол керек мамандықты тәмәмдап шықты.

Ұлы Отан соғысы кезінде Сібір әскери округінде қызмет еткеннен кейін, 1942 жылдың қаңтар айынан бастап әскерге майданға жіберілді. Жас солдат жауынгерлік медальдармен марапатталып, 69-атқыштар дивизиясы 118-ші артиллериялық полкінің үздік радио операторының бірі болды. Байланыс әрдайым қасиетті мәселе, ал шайқаста бұл одан да маңызды.

Қауіпсіз байланыс құралдарынсыз әскерлерді басқару оңайға түспейді – бірлік тез соққыға салынбайды немесе оларды ұрыс алаңында тиімді басқара алмайды. Жаяу әскерлер, артиллерия және күзетшілер негізінен сымдық телефондарды қолданды, және тек танк әскерлері, авиация және флоты радиобайланысты белсенді меңгерген.

Василий Николаевич Тимонов Днепрдің шайқасы кезінде өзінің батырлық ерлігін жасады. Шайқаста жараланғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, ауруханаға жатқызылған.  1944 жылы емделіп шыққаннан кейінол пулеметші ретінде офицерлік дайындықтан өтіп,  Томскка жіберілді. 1945 жылы Екінші Томск артиллерия мектебін сәтті аяқтады. Оқу бітіргеннен кейін, медициналық комиссия оны денсаулығының нашарлауына байланыстыәскери қызметке жарамсыз деп таныды. Себебі ол әскери жарақат алған.

Днепр үшін шайқас барысында 15 қазан түні  лейтенант Бутылкин,аға лейтенант Тимонов,ефрейтор КолодийДнепр өзенінен өткен. Оң жақ жағалауға, алған жарақатына қарамастан, Василий Тимонов сол жақ жағалауды тез байланыстырып, жұмысқа араласты. Тимоновтың отын түзеткен артиллерияның қолдауымен Қызыл Армия жауынгерлерінің озық отряды жаудың бірнеше қарсы шабуылына ұшырады. Ең маңызды сәтте, фашистер байланысшыларғажақындағанда, Тимонов артиллериялық өртті өз қолына алады.Осы шайқас барысында, лейтенант Бутылкин Виктор, сержант Тимонов Василий және капрал Иван Михайловичтер «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болды жәнеде жоғары мемлекеттік наградалармен ұсынылды.

Фашистік басқыншыларға қарсы күрес майданда командалық тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін, ерлігі мен қаһармандығы үшін, аға сержант Тимонов Василий Кеңес Одағы батыры атағын алды. «Ленин ордені»;«Ерлік үшін» екі мәрте марапатталды. Соғыстан кейін ол туған ауылына оралды. Көп ұзамай жауапты көшбасшылық жұмысын алды, КПСС Карасук аудандық комитетінің нұсқаушысы болды. 1954 жылы Новосібірдегі Жоғарғы партия мектебін бітірді. Ол содан кейін Карасук басшысы мектеп ДОСААФ қозғаушы, Алтай өлкесінің партия ұйымының Кулунда МТС хатшысы болып жұмыс істеді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Новосибирск облысының Карасук қаласында тұрып жатты. 1974 жылы осы қалада қайтыс болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы
  2. Герои Советского Союза: Краткий биографический словарь И.Н. Шкадов. — М.: 1988. — Т. 2 /Любов — Ящук/. — 863 с.
  3. Андреев Г.И., Вакуров И.Д.Герои — сибиряки. — Новосибирск, 1967.

 


ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖҰМЫСЫНА СПОРТТЫҢ ӘСЕРІ 

Сарбасова Т., ІІ курс студенті

Ғылыми жетекші: Калкенова Бейбітгүл Женисбековна

Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының бірі . Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп – стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл-күйінің денсаулыққа әсері мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар  вегетативтік жүйені қоздырады, одан барып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әсері жүрек соғысының, ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қан тамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады Жүрек-қан тамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердің жыныстық гармондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейін сақталады. Алдын – алуға, немесе жеңуге болатын қауіпті факторлар- холестериннің жоғары деңгейі, артериалды гипертония, темеку шегу, қант диабеті, семіздік, түрлі күйзелістер болып саналады.

Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол – темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:

Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;

Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;

Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту – тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;

Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;

Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;

Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;

Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.

Жүректің ишемия ауруы (ЖИА) – миокардқа қан жеткізілуінің азаюына немесе толық тоқтауына байланысты жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануы. Жүректің ишемиялық ауруының даму себебі туралы мәселе күні бүгінге дейін нақты шешілмесе де, медицина ғылымы халық арасында бұл дерттен туындайтын ауыртпалықтар туралы көптеген мағлұматтар жинақтаған.

Жүректің ишемиялық ауруының негізі атеросклероз және жүректің коронарлық қан тамырлары қызметтерінің жетімсіздігі салдарынан жүрек ишемиясы мен миокард инфаркті дейтін аурулар пайда болады. Жүрек ишемия ауруын тудыратын факторларды біліп, одан сақ болған жөн. ЖИА тудыратын бірнеше қауіпті негізгі факторларына және жалпы нұсқаулықтарға тоқталсақ.

Белсенді өмір салты. Бұл – спортпен айналысу, таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, суға жүзу, туристік сапарлар, яғни адамға рахат сезімін сыйлайтын кез-келген дене еңбегі. Дене шынықтырумен айналысуды әдетке айналдырғанымыз жөн: бұл – ыстық су мен салқын суды алма-кезек қабылдау, суық су құйыну, моншаға бару. Таңдау көп және әркім өзінің жанына жайлысын таңдап алуына болады. Сонымен бірге осы шаралардың барлығы да қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, осылайша көптеген аурулардың алдын алады. Демалыс та толыққанды болуы қажет. Ұйқының қалыпты ұзақтығы тәулігіне 8-9 сағатты құрайды, сонымен қатар мүмкіндік болса күндізгі уақытта, әсіресе түс ауа, бір мезгіл дем алып алған жөн.

Тамақтану. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері  әсерін тигізеді, сондықтан қан айналымы бұзылады. Әсіресе, гипертензия кезінде ас тұзының мәселесі өте күрделі, мұндай жағдайда ас тұзын дастарханымыздан алып тастау ең бірінші қажеттілік болып табылады. Бірақ басқа сау адамдар да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін осы қағиданы ұмытпағандары абзал. Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады. Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Оларға қою шай, кофе, алкогольдік ішімдіктерді жатқызуға болады.
Темекінің әсері. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсерін тигізетін әдеттердің бірі темекі тарту екендігі баршамызға аян. Шылым шеккіштердің арасында жүрек-қан тамырлары аурулары кең тараған. Сондықтан да бұл әдеттен толық бас тартуды ұсынамыз. Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.

Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды. Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі – көбірек қозғалу. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады.
Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады. Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе дене белсенділігі, өзіңе және өзіңді қоршаған ортаға ізгі ниет, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және кардиологтың тексеруіненk өту – жүрек-қан тамырлары ауруы сізге жақын жүрмейтініне сенімді болуыңыздың кепілі болады.

 

 

Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Анатомия.Энциклопедиялық сөздік Брокгауза және Эфрона
  2. Мустафина Т.К. Спорттық медицина.Оқулық-А,1997ж.
  3. Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенов А.А. Адам физиологиясы. Алматы 2005.

 

 

 

 


MODERN FORMS OF WORK ON THE IMPLEMENTATION OF MULTILINGUALISM FROM PRESCHOOL AGE

Sharipbayeva Arailym
s.arailymsmy@gmail.com
Scientific adviser: Yussupova M.K.
marzhan.esimbekova@mail.ru
MSOPE «M.O.Auezov Pedagogical college»

Annotation

This article describes how is important the implementation of multilingualism from preschool age. The  experimental group of  the specialty 0101000 “Pre-school education and upbringing” has developed and approved working curricula and theoretical knowledge on special disciplines on multilingual system. All activities in the kindergarten are organized by the students of experimental group. It is very important to focus on ways to improve the multilingual education of children from preschool age. A specialist has to master multicultural, communicative and information competences as the modern labor market requires.

The President of the Republic of Kazakhstan Nursultan  Nazarbayev in his message “New Kazakhstan in the New World”, in order to ensure a competitive country, “Three Uniform Languages” instructed to implement the cultural project in three stages: the Kazakh language – the state, the Russian language – the interethnic language and the English language – the language of successful integration into the globalization economy. [1] All documents on language policy have several languages.Integration into the global economic space is not reflected until you have mastered world languages (including English). Consideration of key issues in any three languages and ensuring successful integration into the world educational space: Kazakh, Russian and English are now being targeted at schools and preschools and 3-4 years  aged  children are targeted.

Teaching English from an early age is aimed at bringing up preschool children with multilingualism, mastering the value of language, the socio-cultural interaction of their mother tongue and other languages in verbally and unverbally communication. The language competence according to the standard is fluency in language learning in the lexico-grammatical and phonetic level of age, in accordance with age. [4]

Арайлым Шарипбаева. MODERN FORMS OF WORK ON THE IMPLEMENTATION OF MULTILINGUALISM FROM PRESCHOOL AGE

 Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижесі 2017-2018 оқу жылы I семестр

       БЕКІТЕМІН__________

Колледж директоры,ф.ғ.к.

Ш.А.Жанаева

«___»___________2016ж

  

 

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫНЫҢ

 ЕРЕЖЕСІ

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Қазіргі кәсіптік білім берудің негізгі міндеті мамандарды даярлау. Дәстүрлі түсінуде мамандарды даярлау үшін – нақты білімдерді игеру жеткіліксіз болып табылады.

Қазіргі күнде білім беру мекемелерінде бірінші орынға қажетті білімнен басқа, болашақ мамандардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ойлауын мақсатты түрде дамыту керек, студенттерді өздігінен білім алуға үйрету, жаңа ғылыми, техникалық бастамалы пікірлерін қалыптастыру.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде құрылған Студентердің ғылыми қоғамы (СҒҚ) үнемі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орны студенттерінің өз еріктерімен ұйымдасқан кіші қоғамдық ұйым болып саналады.

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК кіші қоғамдық бірлестігінің ресми атауы: «Студенттердің ғылыми қоғамы».

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы Семей қаласы,  Ш.Уалиханов көшесі 150.

СҒҚ Ережесі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттерінің ғылыми қоғамының (бұдан әрі СҒҚ) тәртібін белгілейтін негізгі құжаты болып табылады (бұдан әрі Ереже).

Ереже – міндетті істерді, мақсаттарды, тапсырмаларды, ортақ жағдай мен  СҒҚ-ның ұйымдасқан құрылымын анықтайды.

Ереже М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж мүшелерінің ұйымдастырылуымен болған конференция жиналысында 25-сәуірде, 2016 жылы қабылданды.

1 Бөлім. Мақсаты мен міндеті

Студенттердің ғылыми қоғамы келесі міндеттерді шешеді және келесі мақсаттарды көздейді:

Мақсаты:

Мақсат – жүйелі жұмысты ұйымдастыру және колледждің ғылыми өміріндегі салтанатты шараларды өткізу, ғылыми жағынан мәнді, көкейтесті тақырыптарды іріктеп өз бетімен зерттеулерді жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу.

Мақсат – колледж әкімшілігіне студенттердің ең ерекше деген қызығушылықтары  мен ұсыныстарын таныстыру, сондай-ақ, педагогикалық оқу орындары арасында, облыс және республика деңгейде жария ету.

Мақсат – студенттердің ғылыми жұмыстарының  іске асуына көмек көрсету.

Міндеті:

1.1. Студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңес беру, ғылыми үйірмелер мен ПӘК ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілу механизімі жайлы толық ақпарат беру.

1.1.1.  Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына көптеп тарту.

1.1.2. Ғылыми конференциялар өткізу, ғылыми жұмыстар арасында сайыстар жүргізу, ғылым мен техниканың жетістіктерін жариялау.

1.1.3. Ең үздік студенттердің жұмыстарын жариялау және оны қолданысқа енгізгуге жәрдем жасау.

1.2. Колледждің жастар ұйымының басқару жүйесінің барлық деңгейінде колледж әкімшіліктерімен СҒҚ-ның байланыс механизімін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру (ғылыми кеңес, бөлімдер, ПӘК, зертханалар мен тағы басқа әкімшілік құрылымдар).

СҒҚ ұйымының өкілдерін қоғамдық өмір және ғылыми-зерттеу мәселелері бойынша колледждің стратегиясына қатысты құжаттарды дайындауға қатыстыру.

Колледждегі бөлімаралық, кәсіптік және техникалық оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған іс шаралар өткізу, басқа оқу орындарымен тәжірибе алмасу.

1.5. СҒҚ ақпарат тасымалдауын ұйымдастыру және көмек көрсету.

1.6. Конференция және СҒҚ кеңесінің хабарларын жариялау.

1.7. Колледж көлемінде өтетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын СҒҚ ақпараттық тасымалдаушылары арқылы жариялау.

2 Бөлім. Жалпы ережелер

2.1. Студенттердің ғылыми қоғамы – колледжт студенттерінің инициативасы бойынша құрылған, өзін-өзі басқаратын, өз еркімен, коммерциялық емес негізде құрылған педагогикалық колледж студенттерінің қоғамдық ұйымы.

2.2. СҒҚ мүшелері СҒҚ жоғары басқару ұйымы болып табылады.

2.3. CҒҚ заңды тұлға болып табылмайды.

2.4. Студенттердің ғылыми қоғамы педагогикалық колледждің материалдық, каржылық және басқа да ресурстарын пайдаланбайды.

2.5. СҒҚ Ережесінен басқа Жарғысы, миссиясы және жылдық жоспары жасалынады.

2.6. СҒҚ жылдық жоспарын колледж директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарымен келісіліп жасалынады, колледж директоры бекітеді.

2.7. СҒҚ ғылыми жетекшісі колледж директоры тағайындайды.

3 Бөлім. Мүшелері

3.1. СҒҚ мүшелері (әрі қарай мүшелер) төмендегідей құқықтарға ие:

3.1.1. СҒҚ мүшелерін таңдауға және сайлануға.

3.1.2. CҒҚ арқылы колледждің басқару органдарында жұмыс істеуге, қоғамдық мүшесі болуға және тағы басқа.

3.1.3. Колледждің СҒҚ дамуына жеке инициативасын білдіріп, оны жүзеге асыруда қолдау алуға мүмкіндігі бар.

3.1.4. СҒҚ жұмыстарын жүзеге асыруда өзінің ұсыныстарын білдіре алады.

3.1.5. Өзін шыңдауда СҒҚ мүмкіндіктерін пайдалануға.

3.1.6. Жекелей немесе топтық тәртіп бойынша ПӘК және Шағын ғылыми-зерттеу зертханаларының (атаулы дәрісханалар) ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға.

3.1.7. Пәндік-әдістемелік комиссиялардың нақты ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындауға.

3.1.8. Ғылыми тақырыбы бойынша курстық және диплом жұмыстарын жазуға.

3.1.9. Колледждің ғылыми зерттеу кітапханаларын (жалпы және электрондық), құрылғыларын, құралдарын, оқу залдарын, аудиторияларын, кабинеттерін қолдана алады.

3.1.10. Ғылыми конференцияларда, көрмелерде, конкурстарда, конгрестерде, олимпиядаларға  қатысуға.

3.1.11. Өз жұмыстарын баспасөз беттерінде және т.б. ғылыми журналдарда жариялау.

3.1.12. Ғылыми көкейтесті мәселелі тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, өз зерттеуін ЖОО ғылыми зерттеу орталықтарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеу орталықтарына ұсынуларына болады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар сабағын белсенді оқитын студенттерге СҒЗЖ кеңесі мен СҒҚ, сондай-ақ колледждің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып  атаулы марапаттар тағайындалады.

3.1.12. Ғылыми-зерттеу және басқа да тәжірибелік, зерттеу жұмыстарда үйренген білімді шығармашылық тұрғыда қолданып, белсенді қатысу.

3.1.13. Ғылым мен техниканың жетістіктеріндегі ғылыми техникалық білімнің таралуы мен танылуына өз үлесін қосу.

3.1.14. СҒҚ  ұйымдастырушылық қызметіне белсенді қатысу. СҒҚ ғылыми ұйымдастырушылық жұмысына белсенді және нәтижиелі қатысқан үздік студенттер «СҒҚ Дипломымен» марапатталады.

3.2. СҒҚ мүшелері оның Жарғысы және басқа да нормативтік құжаттарын ұстануға міндетті.

3.3. СҒҚ мүшелігіне оқу жоспарын үздік орындаған және таңдаған мамандығы бойынша терең шығармашылық жұмысқа қызығушылық танытқан, үнемі колледждегі студенттер ұжымында жұмыс істейтін студенттер мүше бола алады.

3.5. СҒҚ мүшелігіне қабылдауды колледж әкімшілігі мен СҒҚ кеңесі жүргізеді.

4 Бөлім. СҒҚ құрылымы

4.1. СҒҚ — өзін-өзі басқаратын құрылым. Өз жұмысын ұтымды құрастыруы үшін басқарудың өкілетті органын құрды.

Шағын ғылыми-зерттеу орталықтары мен пәндік үйірмелер алғашқы ұйымдардың бірі болып саналады. Сонымен қатар оның құрамына студенттік ғылыми семинар, студенттік ғылыми топ және студенттік бюроларда кіреді. Студенттік бюро колледждің СБ бекіткен ережесі бойынша іске асырылады.

4.2. СҒҚ басқарма органы арнайы белгіленген негізде құрылады.

4.2.1. СҒҚ құрамын сайлау жылына бір рет болып отырады.

4.2.2. СҒҚ жұмыс мерзімі – жаңа құрам іріктеліп болғаннан кейін аяқталады.

4.3. СҒҚ органы жоғарғы оқу орнының көпсатылы құрылымынан құралған.

4.4. СҒҚ жоғарғы басқару органы болып колледж әкімшілігі табылады.

4.5. СҒҚ конференцияларының нәтижиелерін шығару және оларды іске асыру үшін СҒҚ Кеңесі жұмыс істейді.

4.6. СҒҚ Кеңесінің басшылығымен педагогикалық колледж оқытушылар құрамының белсенді қатысуымен жұмыс атқарады.

4.7. Кеңесті СҒҚ жетекшісі құрады.

5 Бөлім. Конференция

5.1.Қорытынды конференция оқу жылының аяғында өтеді.

5.2. Колледж бойынша оқу жылының көлемінде жалпылама ғылыми-тәжірибелік конференциялар 2-3 рет ұйымдастырылады.

5.3. Конференцияның өтілетін уақыты және қаралатын мәселелер тізімі туралы мүшелерге СҒҚ ақпараттық тасымалдаушылары арқылы бір ай бұрын жеткізіледі (сайт, басылымдар, ақпарат тақталары және т.б.).

5.4. Конференцияға СҒҚ мүшелері, ғылыми жетекшілері және СҒҚ-ның құрметті мүшелері қатыса алады.

5.5. Конференцияның ерекше міндеттеріне келесілер жатады:

  • СҒҚ жетекшісін тағайындау;
  • Ереже қабылдау;
  • Ережеге өзгеріс енгізу туралы шешім;
  • СҒҚ төрағасын сайлау.

5.6. Конференция күн тәртібінде міндетті тәртіпте келесі сұрақтар енгізіледі:

  • СҒҚ Төрағасының СҒҚ қызметіндегі бір жылдық есебі;
  • төраға есебін талқылау;
  • СҒҚ қызметінің бағасы мен оның дамуына байланысты есепке резолюция шығару;
  • келесі оқу жылына жұмыс жоспарын ұсыну және оны талқылау.

6 Бөлім. СҒҚ Кеңесі

6.1. Кеңес — СҒҚ -ның жоғарғы атқарушы ұйымы.

6.2. Кеңес өзінің қызметін Конференциялар аралығындағы кезеңде жүзеге асырлады.

6.3. Кеңес өзінің шешімін қарапайым көпшілік дауыс арқылы шығарады.

6.4. Кеңестің ерекше құзыреттілігіне келесілер жатады:

  • жарғы, өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
  • басқарма мүшесін сайлау және оны қатарға алу мәселелерін шешу.

6.5.  Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • СҒҚ-ның жарғылық мақсаттарына жетуге бағытталған Кеңестің жыл бойына жасалатын жұмысының жоспарын тағайындау және оны орындау;
  • СҒҚ іс-шараларын реттеу;
  • СҒҚ-ның барлық деңгейлерінде басқарудың бірыңғай саясатын ұстануды қадағалау.

6.6. Кеңес шешімдері СҒҚ-ның ақпараттық тасымалдаушыларында жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.

6.7. Кеңес жұмысын басқаруды, сонымен қатар СҒҚ мүддесін колледжаралық деңгейде қорғауды СҒҚ жетекшісі жүзеге асырады.

6.7.1. СҒҚ жетекшісі Қорытынды – сайлу конференциясында жаңадан тіркелген кандидаттардың қатарын сайланады.

6.7.2. Бұрын СҒҚ Төрағасы немесе оның орынбасары болған кез-келген СҒҚ мүшесі Төраға орнына кандидат бола алады.

6.7.3.  Төраға орнына бір адам екі реттен көп сайлана алады.

6.8. Төраға жылына екі рет ашық түрде есеп береді.

6.9. СҒҚ ғылыми жетекшісі ҒҚ төрағасының 1 орынбасарын тағайындауға немесе орнынан босатуға құқылы.

6.10.  СҒҚ ғылыми жетекшісі функционалды, ақпараттық және координациялық бөлімдердің меңгерушілерін тағайындауға немее орнынан босатуға құқылы.

6.11. СҒҚ төрағасы уақытша болмаған жағдайда Төраға міндеттерін атқаратын 1 орынбасарын тағайындайды.

6.12. Ғылыми зерттеу бағытындағы сайыстарға қатысу және зерттеу жұмыстарын орындау бойынша ақпараттар Ережеге енгізілген Қосымшаларда берілген.

7 Бөлім.  Қорытынды ережелер

7.1. Ереже мәтіні Конференцияда қабылданғаннан кейін Ереже өз күшіне енеді.

7.2. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар кезекті Конференцияларда енгізіледі және белгіленген тәртіппен қабылданады.

Колледж студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарының Халықаралық, республикалық, облыстықсайыстарға арналған ақпарат

ҚОСЫМША 1

 ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ

 ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Тақырыпты таңдау ережесі:

Ғылыми сайысқа келесі жұмыстар ұсынылады:

  • Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын.
  • Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер, аспаптар конструкциясын ұсынатын, эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын.
  • Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер,жобалар.
  • Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді.
  • Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.

Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі

  1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
  2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
  3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
  4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
  5. Тақырып жұмыс ұзаққа созылмай, тез орындалатындай болу керек.
  6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
  7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:
  • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;
  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;
  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.
  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;
  • зерттеу тақырыбы оқу орнындағыСҒҚ отырысында бекітілу керек.
  1. ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 20 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

  1. Тізімге енген жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
  2. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

  1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым-қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
  2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
  3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану…» [ 5 ].

  1. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

ҚОСЫМША 2

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУКЕЗЕҢДЕРІ

  1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.
  2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
  3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі студенттердің тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

Мектеп, сынып _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері Ескерту

Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

  1. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

ҚОСЫМША 3

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ

Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

1.1. Ғылыми жобада:

– бет парақ;

– мазмұны;

– кіріспе;

-теориялық бөлімі;

– зерттеу бөлімі;

– қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

1.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

– аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

– ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;

– жұмыс тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады);

– зерттеу күнделігі.

1.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).

1.4. Мазмұны бар беттерді ресімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (не «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:

  • Кіріспе;
  • 1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
  • 2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
  • 3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
  • Қорытынды;
  • Әдебиеттер тізімі;
  • Қосымша (егер бар болса).

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

1.5 Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

1.6. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.
  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ-1 см, жоғары-2 см,  төменгі-2 см.
  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman   14 кегль;
  • абзац болу керек;
  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;
  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бірі жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
  • Пайдаланылған әдебиеттер жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты- жөні,

мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

1.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
  • зерттеу объектісі, гипотезасы;
  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;
  • эксперимент әдісі;
  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;
  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

1.8. Жетекшінің пікірі (үлгіні қараңыз).

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК

Бағыты:

Секциясы:

Тақырыбы:

Авторы: (аты-жөні толығымен, тобы,

оқу орныі, қаласы)

Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

оқу орны, қаласы)

Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, дәрежесі,

оқу орны, қаласы)

 

2016 жыл

Қосымша 4 

Облыстық ғылыми-зерттеу байқауға қатысу

ӨТІНІШ

Қатысушыаты-жөні Секция атауы Ғылыми жұмыстақырыбы Колледж,
курс, мамандық
Ғылыми жетекшіаты-жөні, ғылыми атағы, қызметі

1

2

3

Қосымша 5

Бағалауөлшемдері

№ р/с Өлшем Максим.

ұпай   Жұмыстың өзектілігі, жаңалығы мен болжаушылығы5  Жұмыстың тұтастылығы (тақырып пен мазмұнына сәйкестігі)15  Ұсынылған жұмыстың тиімділігі мен нәтижелігі5  Ұсынылған жұмыстың мақсаттылығы мен логикасы5  Теориялық бөлімдердің аяқталуы мен теориялық маңыздылығы10  Жұмыстың аяқталуы, практикалық бөлімдердің маңыздылығы10  Жұмысты ұсыну мәдениеті (сөз сөйлеу, мимика, түркелбет және т.б.)5

Жұмыстың талаптарға сай рәсімделуі

5  Сұрақтарға жауап10  Қорытынды ұпай:70

 

Келісілген_________________                                                                                                         БЕКІТЕМІН_______________

Директордың ғылыми істер                                                                                                               Колледж директоры, ф.ғ.к.

жөніндегі орынбасары А.К.Бөленбаева                                                                                            Ш.А.Жанаева

«___»___________2016ж                                                                                                                    «___»___________2016ж

 

 

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

СҒҚ ғылыми жетекшісі                                            А.Мұратқызы