2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАҚЫРЫП

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі  білім алушылардың  кәсіби құзырлығы мен жалпы дамуын бағалау жүйесін және оқытушының кәсіби қызметін иновациялық қамтамасыз ету арқылы  оқу сапасын бақылау механизмін жетілдіру.

КОЛЛЕДЖДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ:

Білім беру жүйесіндегі болжамдық және жоспарлы өзгерістерді ескере отырып, қазіргі деңгейдегі жоғары біліктілікті маман дайындау, оқыту процесін оқу – әдістемелік қамтамасыз ету. Ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

201-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:

  1. Оқу орнын институционалдық аккредиттеуден өткізуге дайындық
  2. ҚР МЖМБС жүзеге асыру жағдайында дайындайтын мамандықтар бойынша оқу процесін кешенді әдістемелік қамтамасыз ететін қызметті ұйымдастыру.
  3. Колледждің білім беру процесіне сапа менеджмент жүйесін енгізу: халықаралық стандарттарға сәйкес ХБС- 9000 мониторинг жүргізу және сапа менеджментіне сәйкес негізгі процестерді іске асыру.
  4. Педагогика мен психология талаптары және ғылымның қазіргі жағдайына сай, білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіптік білім беретін бағдарламалар мазмұнына жауап беретін оқу құралдары мен оқу әдістемелік материалдарды жасау және оқу процесіне енгізу: ОӘК, ОӘҚ, студенттің ОӘК ҚР МЖМБС сәйкес жасап, апробациялау
  5. Оқу және тәрбие процесіне жаңа әдіс­ тәсілдерді зерттеп енгізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияны, білім алушылардың кәсіби құзырлығы мен жалпы дамуына бағытталған, қолданыстағы педтехнологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
  6. Педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау;
  7. Колледждің перспективалық дамуындағы оқу­ әдістемелік проблемасын анықтау.

КЕЛЕСІ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР НЕГІЗІНДЕ МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕР ОРЫНДАЛАДЫ:

  • Стратегиялық бағыттылық;
  • Мақсаттық және құндылық бағыттылық;
  • Жүйелі  тәсілдеме;
  • Жеке тұлғаға бағытталған тәсілдеме;
  • Жағдаяттық және тиімділік тәсілдемелері;
  • Даму мен өздігінен дамуға бағдарлау;
  • Ізденіс, шығармашылық, зерттеушілік бағыттар;
  • Әдістемелік қамтамасыз етілу, құралдылық;
  • Тағайындалу орны;
  • Үнемділік пен қорға сақтау;

КОЛЛЕДЖДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:

ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС:

  • Педагог қызметкерлерді педагогика ғылымдары мен тәжірибесіндегі жетістіктермен хабардар ету;
  • ҚР МЖМБС жаңа буынына сәйкес оқу әдістемелік нұсқаулар, жұмыс оқу бағдарламаларын дайындап, әдістемелік көмек көрсетуге әзірлеу, педагогикалық кеңеске, кеңестерге, конференцияларда т.б. сөз сөйлеу және баяндама дайындауға әдістемелік көмек көрсету.
  • Оқытушылардың кәсіби және әдістемелік шеберлігін жоғарылату;
  • Оқытушылардың өз жетістіктерін презентациялауы, әдістемелік көрмелерге қатысуы арқылы оқу әдістемелік жұмыстардың алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибесін зерттеу, сипаттау, енгізу;
  • Нормативтік, оқу­ бағдарламалық құжаттардың, ғылыми­ әдістемелік әдебиеттердің, үздік нұсқаулардың, таратылуға ұсынылған ақпараттық банктің қалыптасуы жинақталуы және жүйеленуі;
  • Ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыстың жалғастырылуы;
  • ПӘК жұмысының байқауын, педагогикалық жетістіктер конкурсын ұйымдастыру;
  • Ұжым дамуы мен педагогтардың кәсіби шеберлік мониторингісін жүргізу;
  • Бітіруші тұлғаның құзырлылық моделін қалыптастыру;
  • Педагогикалық шеберлікті көтерудегі білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие процесінің кешенді мониторингісі.