«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019» Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты

10.11.2019 Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Бастауыш білім беру» мамандығының ІV курс студенті Уалиева Лаура Ерболқызын «Worldskills Kazakhstan-2019» Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатына шығарып салды. Л.Е.Уалиева ІV аймақтық чемпионаттан І орын иеленіп, V ұлттық чемпионат жолдамасымен «Worldskills Kazakhstan-2019» Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатына аттанды. 116 жылдық тарихы бар, Алаштың…

Алдын алу, ағарту жұмысы

29.10.2019 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің I курс 9 сынып базасында келген студенттерімен «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында  кездесу өткізілді. Кездесуге Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты. Мақсаты: жастардың діни басқа ағымдарға түсіп кету қауіпінің алдын алу. Кездесу барысында діни экстремизм туралы түсінік берілді, одан сақтанудың жолдары айтылды, жастарды дәстүрлі емес діни…

ЖАЗУШЫ ЖАН АҚЖАНОВПЕН КЕЗДЕСУ

23.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы  кітаптарға қалам тербеген, «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача»,  «Степь и судьба» кітаптарының авторы, жазушы Жан Ақжановпен кездесу өткізілді. Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жемқорлықпен күрес және   суицидті  көркем әдебиетке енгізген жазушы жастарға өз туындыларынан мысалдар келтіре отырып жемқорлықтың…

ВОЛОНТЕРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

16.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде мектеп оқушыларына волонтерлық көмек көрсету мақсатында  кездесу өткізілді. Кездесуге   Семей қаласы білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.М. Ахметова, білім бөлімінің бастауыш білім беру бойынша әдіскері Г. А.Молдаханова, педагогикалық колледжбен серіктестікте отырған қала мектептері директорларының  орынбасарлары Н.М.Жолбарысов, Е.Н.Панасенко, А.А. Курмашева, В.Е. Пешкова, А.К.Идришева, Г.С.Сейтқазина.,  колледж  директорының іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары…

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

14.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агентігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес «Адалдық сағаттары» өткізілді. Адалдық сағаттарына  «Казачья культура. Иртышская вольница»  қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Кисилев Василии Фетотович пен «Нұр Отан» партиясының өкілі Сагимбеков Нұржан Әшімұлы  қатысты.  Адалдық сағаттарына колледждің бірінші курс студенттері мен оқытушылары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып,…

АЙМАҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Өскемен жоғарғы политехникалық колледжінде  өткізілген  «Техникалық және кәсіптік білім берудің педагогикалық тәжірибесі» атты аймақтық педагогикалық конференцияға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен 14 оқытушы қатысып,  іс-тәжірибелерімен алмасты.  Үш секцияға бөлінген аймақаралық конференцияда колледж  оқытушылары ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйрету жолдары,  шетел әдебиетінде СТО технологиясын енгізу,   мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие,  студенттер білімін бақылау мен бағалаудағы мотивация тәсілдері,  оқу…

«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

03.10.2019ж.  «Менің еңбек жолымдағы ең бақытты сәттерім, педколледжде қызмет еткен жылдарым»- деп  Нәубат Қалиұлы өзі атқандай өмірінің қимас бір шақтарын өткізген М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж Н.Қалиұлын еске алу кешін өткізді. Кешке Н.Қалиұлының туыстары, замандастары, жерлестері,  педогогикалық колледжде бірге қызметтес болған әріптестері, шәкірттері, колледж ұжымы мен студенттері қатысты. Н.Қалиұлының өмірі мен еңбек жолынан  мол мағлұмат, терең…

ӘУЕЗОВШІЛЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

30.09.2019ж. 116 жылдық тарихы бар М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенттерін «Әуезовшілер қатарына қабылдау» кеші өтті. Кеш барысында  ІV курс студенттері жас әуезовшілерді  колледж тарихымен таныстырып, колледж бен жатаханадағы  қызықты сәттеріне шолу жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жаңа оқу жылын жаңа қадаммен бастаған студенттер кеңесінің Президенті Жұмаханов Қазез, жатақхана кеңесінің төрайымы Узбекова Айымға куәлік…

«ҮЗДІК ӘУЕЗОВШЫ-2019» байқауы

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқуда үздік,  қоғамдық жұмыстарға белсенді білім алушыларына жылма-жыл М.О.Әуезов атындағы стипендия тағайындап, арнайы төсбелгі және куәлікпен марапаттап, есімін Құрмет тақтасына  жазады. Биылғы оқу жылында бұл құрметтің иегері,  «Үздік Әуезовшы-2019» байқауының жеңімпазы,  шет тілі мамандығының  ІVстуденті  Сәулетбекова Іңкәр Дәулетқызы. Сәулетбекова Іңкәр Дәулетқызы студенттік  парламенттің төрайымы, оқуда үздік, колледждің қоғамдық іс-шараларына белсенділікпен қатысатын,…

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

«Жаңартылған мазмұны дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады» –деп Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, қазіргі уақытта жалпы білім беретін орта мектептер жаппай жаңа бағдарламаға көшуде. Семей педагогикалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында…