«LATYN ÁLIPBIINE KÓShÝ MÁSELELERI» semınar-trenıng

«…2025 jylǵa qaraı іs qaǵazdaryn, merzіmdі baspasózdі, oqýlyqtardy, bárіn de latyn álіpbıіmen basyp shyǵara bastaýǵa tıіspіz. Latynshaǵa kóshýdіń tereń logıkasy bar. Bul qazіrgі zamanǵy tehnologııalyq ortanyń, kommýnıkatsııanyń, sondaı-aq, HHI ǵasyrdaǵy ǵylymı jáne bіlіm berý protsesіnіń erekshelіkterіne baılanysty». («Bolashaqqa baǵdar:  Rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasynan) 26.09.2019 M.O.Áýezov atyndaǵy pedagogıkalyq kolledjіnde  «<strong>LATYN ÁLIPBIINE KÓShÝ MÁSELELERI»</strong> atty semınar-trenıngіn ótkіzіldі.  Trenıngke…

24.09.2019ж. Семей қаласы. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі. Қасиетті қара шаңырақта тағы бір тарихи сәттің куәсі болдық.

Колледжімізде КСРО халық артисі, КСРО. Қаз КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері  Асанәлі Әшімов жұбайы Бағдат Әшімова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі «Құрмет» орденінің иегері Өтекешова Мерует  Қайратқызы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, философия ғылымдарының  докторы, Президенттік «Болашақ» стипендиясының иегері Асхат Маемиров, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, әдебиет және театр…

Үздік педагог-2019

Сүйінші! Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жаратылыстану пәндерінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған   «Адам анатомиясы,  жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена» мен «Жалпы биология» оқу құралдарының авторы Калкенова Бейбитгул Женисбекқызы техникалық кәсіптік білім жүйесі бойынша  республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы. Бейбітгүл Женісбекқызын жеңісімен құттықтаймыз!

«КӨҢІЛДІ ЖАЗ-2019»

Семей қаласындағы  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің,  226 студенті «Жазғы сауықтыру лагері» өндірістік іс-тәжірибесінен өтіп, 87 машықкер Алғыс хаттармен  марапатталып келді. 20.09.2019 күні  « Қызықты сәттер мен шығармашылық идеялар» тақырыбында «Көңілді жаз-2019»  іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы ұйымдастырылды.  Конференция барысында машықкерлер «Танысу тренингі», «Таңғы жаттығу», «Лагерге бейімделудегі қиыншылықтар және оны шешу жолдары», «Көңілді спорттық шараларды ұйымдастыру әдістері», «Лагердегі…

КӘСІПТІК ПРАКТИКА – МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 41 топ білім алушылары 01-06 қыркүйек аралығында Семей қаласындағы № 37 мектеп-гимназиясында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау, жүйелеу және педагогикалық біліктер қалыптастыру. Тәжірибе міндеттері –…

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ.

11.09.2019 ж Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Қаламгер» жас ақындар үйірмесінің ұйымдастыруымен «5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай орай «Ана тілің арың бұл» атты колледжішілік жас ақындар мүшайрасы өтті. Мүшайраға бірінші курс студенттері мен үйірме мүшелері қатысты. Жас ақындар мүшайраның бірінші бөлімінде туған тілін жырға тиек етсе, екінші…

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

Бүгін, 10.09.2019, ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы Жарлығына сәйкес бүкілқазақстандық диктант жазылды. Жалпыхалықтық диктант  жазуға  Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері де өз үлестерін қосты.  Колледжде  өткізілген диктантқа қалалық «Достық» үйінің орыс, неміс, ингуш әлеуметтік мәдени орталықтарынан өкілдер келіп қатысты. Қалалық ардагерлер кеңесінің…

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАУЫ.

02.09.2019. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады. Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының тыңдалымы болды. Колледж оқытушылары мен студенттері , азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық берген Жолдауды тыңдай отырып, білім саласына байланысты…

1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ

1 қыркүйек  білім күні  Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Алғашқы қоңырау» салтанататты  жиынын өткізді. Салтанатты жиынға  1 курс студенттері мен ата-аналары және колледж ұжымы қатысты. Колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева білім күнімен жиналған қауымды  құттықтай келе,  Қазақстан Конституциясы мерекесі қарсаңында   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жомарт жүрек», «Жылдың үздік ұйымы» номинациялары  бойынша марапаттаған  қала әкімі Е.Б.Сәлімовтың…

4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған әскери-саптық жүріс байқауы

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай 1 курстар арасында әскери-саптық жүріс байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақты Қазақстан Республикасының Рәміздерін құрметтеуге үйрету және олардың бойында әскери-патриоттық сезім қалыптастыру, студенттердің алғашқы әскери дайындық пәнінен саптық даярлық бағдарламасын игеру сапасын анықтау. Байқау қатысушыларына Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының…