2019 жылдың 15 наурыз күні колледжішілік «Жас мамандар – 2019» (WorldSkills) іріктеу чемпионаты өтті.

Колледжішілік чемпионат «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене шынықтыру, спорт және фитнес»  құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Чемпионаттың мақсаты: – аймақтық «Жас мамандар-2019» чемпионатына қатысушыларды іріктеу; – кәсіптік білім беру бағдарламасына бағдарланған практикалық деңгейді арттыру; – жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағдарланған кәсіптік білім беру сұранысының өсуі; – қатысушылардың кәсіби қызметке дайындық деңгейін, шынайы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру;…

МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» ІVҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Мектеп және колледж оқушыларына арналған «Шәкәрім оқулары»  ІVқалалық ғылыми конференциясына М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысып, І дәрежелі диплом  иегерлері 34топ студенті Д.Нұрмағамбетова мен  ғылыми жетекшісі С.С.Қалиевны, 34 топ студенті Е.Аманбердина мен ғылыми жетекшісі Ә.Н.Сағымбековты,  ІІІ дәрежелі диплом  иегерлері  48-топ студенті М.Жармұхамбетова мен ғылыми жетекшісі М.А.Мұратбекованы ,  201 топ студенті А.Шаметова мен ғылыми жетекшісі Қ.Г.…

ҚАЛАЛЫҚ ГАНДБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ

01.03.2019 Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі жастар жылына арнап қала колледждері мен жоғарғы оқу орындары арасында қалалық гандбол чемпионатын  өткізді.  Чемпионатқа М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің студенттері арасындағы команда  Мұхамбаев Бектас Рахымбиұлының жетекшілігімен қатысып,  І орын иеленіп келді. Құттықтаймыз!

«Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» ІV республикалық ғылыми – практикалық онлайн режиміндегі конференциясы

2019 жыл – Жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» ІV республикалық ғылыми – практикалық онлайн режиміндегі конференциясына  қатысып,  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің   34-топ студенті Нұрмағамбет Дина мен  ғылыми жетекшісі Қалиева Сара Сырымқызын,  Бакказиев Бекзат пен  ғылыми жетекшісі Сағымбеков Нұржан Әшімұлын, …

Оқу орнымызда «Жастар жылы» аясында және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Көңілді старт» спорттық жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа әр бөлімнен 2 оқытушы және студенттерден құралған командалар қатысты. Сайыскерлер салауатты өмір салтын ұстану және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа «Таныстыру», «Планеталар эстафетасы», «Математикалық баскетбол», «Үш тілді сөзжұмбақ», «Пингвиндер волейболы», «Қарлығаштар мен балапандар», «Батыр капитандар», «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша, 1 орынды «Дене тәрбиесі және спорт», 2 орынды…

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК-да 18.02.-28.02.19ж. аралығында «Музыкалық білім беру» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі болып өтті..

Онкүндіктің мақсаты: Жастардың патриоттық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұлттық сананы рухани жаңғырту арқылы   білім беру процесін жетілдіру, студенттердің кәсіби, интеграциялық,  әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы құзыреттілігін дамыту. Онкүндік барысында ашық сабақтар; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру кезеңдері» атты семинар; студенттерге арналған «Zerde» интеллектуалды турнирі жас оқытушылар мен білімалушылардың кәсіби шыңдалуына зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар оқудан тыс…

Оқу орнының түлегі, белгілі композитор Бекен Жамақаевтың туған күніне арналған қала мектеп оқушылары арасында «Жүрегі тұнған ән еді» атты байқау өткізілді.

Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында Бекен Жамақаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық «Жүрегі тұнған ән еді» атты өнерпаздар байқауы өткізілді. Бекен Жамақаев атындағы атаулы дәрісхананың меңгерушісі Қазез Санатқанның және кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен байқауда өнерпаздар өз бақтарын сынады. Бір айналымнан тұратын байқауда қатысушылар ұйымдастырушылар комитеті алдын-ала бекіткен…

The 22 of February was historical day to the Pedagogical College named after M.O. Auezov.

The 22 of February was historical day to the Pedagogical College named after M.O. Auezov. The college hosted the event “The Worship”, organized jointly with the International Turkish Academy and dedicated to the 120th anniversary of a member of the Turkic Council, professor, doctor of philology, a leading specialist in the study of ancient Turkic…

February 22, 2019 students of the pedagogical college named after M.O. Auezov took part in the IV International Scientific and Practical Conference in a foreign language “Development of the creative potential of the individual and society.” This event was held on the basis of Pavlodar Pedagogical College named after B. Akhmetov.

In order to expand international cooperation, students from Minsk, Yerevan, Semey, Kostanay, Kokshetau, Astana, Ust-Kamenogorsk created an international dialogue platform for the exchange of innovative experience in teaching foreign languages. The activity is planned in three directions: “Linguistics”, “Country studing” and “Methods of teaching a foreign language.” Students of the 3rd course of the Pedagogical…

2019 жылдың 22 ақпанында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетінің дамуы» VІ Халықаралық шет тіліндегі ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Минск, Ереван, Семей, Қостанай, Көкшетау, Астана, Өскемен қалаларының студенттері шет тілдерін оқытуда инновациялық тәжірибе алмасу үшін халықаралық диалог алаңын құрды. Конференция қызметі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Лингвистика», «Аймақтық география» және «Шетел тілін оқыту әдістемесі». М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығының 3 курс студенттері «Лингвистика» және «Шет…