ХІҮ аймақтық «Оқушылардың білімдері мен ынталары еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жеңімпаздары

2019 жылдың 19-сәуірі Семей қаласы «Бизнес және сервиз колледжі» КМҚК базасында ұйымдастырылған Ресей федерациясы оқу орындары студенттерінің  халықаралық қатысуымен өткен ХІҮ аймақтық «Оқушылардың білімдері мен ынталары еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында  ІІ Дәрежелі  Дипломмен марапатталған «Негізгі орта білім» мамандығының  «Қазақ тілі және әдебиеті  мұғалімі»  біліктілігінде оқитын ІІІ курс студенті   Ж. Жандарбекқызын, …

15 сәуір 2019 жыл. Семейде «РУХТЫ ШЫҒЫС» атты жастардың облыстық ART-ФЕСТИВАЛІ өтті.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғандығының 2 жылдығына орай ұйымдастырылған ART-фестивальдің мақсаты- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін, мағынасын белсенді жастардың жетістіктері арқылы түсіндіру болды. Облыстық шарада Семейдің «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ұжымы да белсенділік танытып, жастарды ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдармен таныстырды. Фестиваль қорытындысы бойынша колледж ұжымы Шығыс Қазақстан…

Студенттің кəсіби потенциалын арттыру: теориядан практикаға

2018-2019 оқу жылының наурыз айының 19-27 күндері аралығында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Бастауыш білім беру», «Бейнелеу өнері және сызу», «Қазақ тілі және әдебиет», «Шет тілі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша колледждің мәжіліс залында бітіруші оқу топтарының диплом алдындағы мемлекеттік іс-тәжірибенің қорытынды конференциялары өткізілді. Тәжірибе барысында өзін білімді, білікті болашақ…

“АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ЭТЮДТІ ТРИПТИХ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

Елбасының “БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” бағдарламасы аясында заңғар тұлға Ж.Аймауытовтың өнегелі өмір жолы мен мол мұрасын колледж студенттеріне насихаттап,  мұғалімдер семинариясында 1914-1919 жылдары оқыған түлегінің талантына тағзым ету мақсатында  өткен тәрбие сағатында  Жүсіпбек Аймауытовтың көп қырлы тұлға екендігі дәлелденіп, жеті қырын ашуға талпынды. Топ студенттері тәрбие сағатына дайындалу кезінде Алаш мұражайындағы, Колледж мұражайындағы мәліметтермен танысып, …

«Ақ тілекпен, алғыс айтамын» акциясы ұйымдастырылды.

20.03.2019 жылы колледжіміздің белсенді жастары ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған «Ақ тілекпен, алғыс айтамын» атты жастар акциясын Семей қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра ұйымдастырып, challenge-ді Өскемен қаласы жастарына жолдады.

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ДӘСТҮРЛІ «НАУРЫЗ АРУЫ-2019» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақ қызының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және жан-жақты дамыған, заманауи тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі «Наурыз аруы» байқауы ұйымдастырылды. 26 жылдық тарихы бар бұл өміршең жобаның авторы – колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А. Жанаева. Байқау бүгінгі күні заманауи бағытқа сәйкес жаңғырып, Елбасының  «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттаумен, «Жеті қырлы Қазақстан» мақаласын жүзеге асырумен астасып жатыр. Байқауға колледждің…

Оқу орнымызда Наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық ойындар – салауатты өркендеу кепілі» атты «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 303 топ студенттері ұйымдастырған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Елбасының «Болашашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Жеті қырлы Қазақстан» мақаласын іске асыруға үлес қосу, ұлттық спортты сүюге, мергендік, ептілік, жылдамдық, күштілікке баулу мақсатында «Ұлттық ойындар – салауатты өркендеу кепілі» атты ашық тәрбие сағаты 303 топ және топ жетекшісі Қ.Қ. Мукатаеваның ұйымдастыруымен колледж назарына ұсынылды. Тәрбие сағаты барысында қазақтың ұлттық ойындары: тоғызқұмалақ, бестас, қазақ күресі, сонымен…

«ЭРАТОСФЕН ЕЛЕГІ. ЕВКЛИД АЛГОРИТМІ»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  қазақ халқына Жолдауы мен 2015-2019 жылдарға арналған ШҚО үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында ШҚО білім басқармасының «ШҚО КББ орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2019 жылғы наурыз айының 19-ы күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Математика, информатика және жаратылыстану» пәндік әдістемелік комиссиясының  бірінші…

2019 жылдың 15 наурыз күні колледжішілік «Жас мамандар – 2019» (WorldSkills) іріктеу чемпионаты өтті.

Колледжішілік чемпионат «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене шынықтыру, спорт және фитнес»  құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Чемпионаттың мақсаты: – аймақтық «Жас мамандар-2019» чемпионатына қатысушыларды іріктеу; – кәсіптік білім беру бағдарламасына бағдарланған практикалық деңгейді арттыру; – жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағдарланған кәсіптік білім беру сұранысының өсуі; – қатысушылардың кәсіби қызметке дайындық деңгейін, шынайы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру;…