М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқу орнының 2017 жылғы түлегіне пәтер кілтін ұсынды.

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен қатар, мүмкіндігінше мейірім мен қамқорлық қолын да созып келе жатқан  бірлігі жарасқан ұжым. «Жетім көрсең – жебей жүр» деген халықтық ұғымды жадында ұстайтын мекеме жыл сайын бір күндік еңбек жалақысын аудару арқылы 2014 жылы өз түлегі Кузбасова Әйгерімге төрт бөлмелі пәтер кілтін табыстаған болатын.…

«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында өтетін «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты Ү облыстық Президент оқулары

Мерзімі: 27 қараша 2018 жыл  сағат 14:00-де Ұйымдастырушы: ШҚО ТжКББ және КД орталығы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі Байқаудың мақсаты: ҚР Президенті, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмірін, қайраткерлік тұлғасын, шығармашылық еңбектерін түсіндіру, талдау, насихаттау арқылы жастардың бойындағы отаншылдық, іскерлік, ізденімпаздық, шешендік қабілеттерді дамыту. 22 қарашаға дейін жүргізілген іріктеу кезеңінде 17 колледждің студенттері «Тәуелсіздік және Елбасы»…

«Үздік Әуезовші – 2018» жүлдегерінің есімі құрмет тақтасына ілінді.

Оқу орнымызда М.О. Әуезовтің мұрасын тану, зерттеу, насихаттау мақсатында колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен дүниеге келген «Әуезов сыны» байқауы жиырма жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі жалғасын тауып келеді. Биылғы жылы бұл байқаудың бас жүлдесін иеленген «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің 4 курс студенті Қожагулова Жаннұр оқудағы үздік үлгерімі, білім, ғылымдағы жетістігі, қоғамдық белсенділігімен «Үздік Әуезовші…

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Серпін» бағдарламасы аясында «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша талапкерлер қабылдады.

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі 2018-2019 оқу жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Серпін» бағдарламасы аясында «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша талапкерлер қабылдады. Үш айға жуық уақытта студенттер оқу орнына, қалаға үйренісіп қана қоймай, өз қабілет-қарқындарына қарай білім, өнерлерін шыңдап та келеді. Студенттердің хал-жағдайы, жай-күйі, оқу үлгерімін қарап-қадағалау мақсатында оқу орнымызға ҚР Білім және ғылым…

Абай театрында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Әуезовшілер қатарына қабылдау» кеші өткізілді.

Кештің мақсаты: 1 курс студенттерін колледжге бейімдеу; Бітіруші топтардың ұжымда қалыптасуын, кәсіби мамандануын, өнер, спорт, ғылымдағы жетістіктерін паш ету; Оқу орныны және оның қалыптасқан дәстүрлі шараларын бірінші курстарға таныстыра отырып, алдағы уақыттағы жауапкершіліктерін сезіндіру; Колледждің 115 жылдық тарихы, дәстүр мен жаңашылдық, ұстаз мамандығы, біліктілік, тұлғалық ерекшелік, Елбасының жастар саясаты, мұғалім мәртебесі, латын әлібиіне көшу, цифрлы…

«Шығыс жұлдыздары» облыстық әдеби-өлкетану байқауы

2018 жылдың 30 қазанында ШҚО Білім басқармасының және ШҚО ТжКББ ұйымдастыруымен және директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық, қазақ тілі, орыс тілі пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік ұйымдарының қатысуымен М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің базасында «Шығыс жұлдыздары» атты облыстық әдеби-өлкетану байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру;  Студенттердің тарихи-әдеби танымын…

Қалалық деңгейдегі дөңгелек үстел: “ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІСТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР”

Қатысушылар: Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, колледж және университет оқытушылары, психолог, әдіскерлер

«Ұстазың жайлы айтып бер» атты аймақтық презентациялар байқауы

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында өткен «Ұстазың жайлы айтып бер» атты аймақтық презентациялар байқауында 1-орын иеленген колледжіміздің студенті Серікбол Ақнұрды және ғылыми жетекшісі Мұсанова Адина Дашақызын құттықтаймыз! Жеңімпаздар колледж намысын оқу орнында 25 жыл басшылық қызмет атқарған, ҰОС ардагері Асылхан Табылдыұлы Бекбаевтың есімін жоба тақырыбы етіп ала отырып, жемісті…

Облыстық жеңіл атлетикалық кросс

ШҚО ТжКББ студенттері арасында өткен облыстық жеңіл атлетикалық кросс жарысында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұлдар командасын 1-орын алуымен, жалпы командалық есепте 2-орын алуымен құттықтаймыз!

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы талқыланды

05.10.2018 ж. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауын «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК ұжымы және студенттері тікелей эфирден тамашалады. Эфир аяқталған соң, қызу талқыға түскен жолдау – ұстаздар қауымының көңілінен шығып, оң пікірлер айтылды. 05.10.2018 ж. оқу орнының белсенді жастары, Семей қаласы жастар…