ЖАЗУШЫ ЖАН АҚЖАНОВПЕН КЕЗДЕСУ

23.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы  кітаптарға қалам тербеген, «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача»,  «Степь и судьба» кітаптарының авторы, жазушы Жан Ақжановпен кездесу өткізілді. Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жемқорлықпен күрес және   суицидті  көркем әдебиетке енгізген жазушы жастарға өз туындыларынан мысалдар келтіре отырып жемқорлықтың…

«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

03.10.2019ж.  «Менің еңбек жолымдағы ең бақытты сәттерім, педколледжде қызмет еткен жылдарым»- деп  Нәубат Қалиұлы өзі атқандай өмірінің қимас бір шақтарын өткізген М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж Н.Қалиұлын еске алу кешін өткізді. Кешке Н.Қалиұлының туыстары, замандастары, жерлестері,  педогогикалық колледжде бірге қызметтес болған әріптестері, шәкірттері, колледж ұжымы мен студенттері қатысты. Н.Қалиұлының өмірі мен еңбек жолынан  мол мағлұмат, терең…

ӘУЕЗОВШІЛЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

30.09.2019ж. 116 жылдық тарихы бар М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенттерін «Әуезовшілер қатарына қабылдау» кеші өтті. Кеш барысында  ІV курс студенттері жас әуезовшілерді  колледж тарихымен таныстырып, колледж бен жатаханадағы  қызықты сәттеріне шолу жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жаңа оқу жылын жаңа қадаммен бастаған студенттер кеңесінің Президенті Жұмаханов Қазез, жатақхана кеңесінің төрайымы Узбекова Айымға куәлік…

«ҮЗДІК ӘУЕЗОВШЫ-2019» байқауы

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқуда үздік,  қоғамдық жұмыстарға белсенді білім алушыларына жылма-жыл М.О.Әуезов атындағы стипендия тағайындап, арнайы төсбелгі және куәлікпен марапаттап, есімін Құрмет тақтасына  жазады. Биылғы оқу жылында бұл құрметтің иегері,  «Үздік Әуезовшы-2019» байқауының жеңімпазы,  шет тілі мамандығының  ІVстуденті  Сәулетбекова Іңкәр Дәулетқызы. Сәулетбекова Іңкәр Дәулетқызы студенттік  парламенттің төрайымы, оқуда үздік, колледждің қоғамдық іс-шараларына белсенділікпен қатысатын,…

М.О.ӘУЕЗОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЛЕЗДЕМЕ.

28.09.2019ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің төл мерекесі. Оқу орнының түлегі, Қазақстан ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері ғұлама ғалым, жазушы М.О.Әуезовтің туған күні.  Қазақ халқының ғасыр перзентінің туған күніне орай колледімізде,  жас ұрпақтың бойында  жазушы шығармашылығын рухани жаңғырту мақсатында, дәстүрлі  лездеме өткізілді. Лездемеде жас  әуезовшілер дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысының өмір жолы мен шығармашылығына  тоқталды.…

24.09.2019ж. Семей қаласы. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі. Қасиетті қара шаңырақта тағы бір тарихи сәттің куәсі болдық.

Колледжімізде КСРО халық артисі, КСРО. Қаз КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері  Асанәлі Әшімов жұбайы Бағдат Әшімова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі «Құрмет» орденінің иегері Өтекешова Мерует  Қайратқызы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, философия ғылымдарының  докторы, Президенттік «Болашақ» стипендиясының иегері Асхат Маемиров, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, әдебиет және театр…

«КӨҢІЛДІ ЖАЗ-2019»

Семей қаласындағы  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің,  226 студенті «Жазғы сауықтыру лагері» өндірістік іс-тәжірибесінен өтіп, 87 машықкер Алғыс хаттармен  марапатталып келді. 20.09.2019 күні  « Қызықты сәттер мен шығармашылық идеялар» тақырыбында «Көңілді жаз-2019»  іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы ұйымдастырылды.  Конференция барысында машықкерлер «Танысу тренингі», «Таңғы жаттығу», «Лагерге бейімделудегі қиыншылықтар және оны шешу жолдары», «Көңілді спорттық шараларды ұйымдастыру әдістері», «Лагердегі…

КӘСІПТІК ПРАКТИКА – МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 41 топ білім алушылары 01-06 қыркүйек аралығында Семей қаласындағы № 37 мектеп-гимназиясында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау, жүйелеу және педагогикалық біліктер қалыптастыру. Тәжірибе міндеттері –…

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ.

11.09.2019 ж Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Қаламгер» жас ақындар үйірмесінің ұйымдастыруымен «5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай орай «Ана тілің арың бұл» атты колледжішілік жас ақындар мүшайрасы өтті. Мүшайраға бірінші курс студенттері мен үйірме мүшелері қатысты. Жас ақындар мүшайраның бірінші бөлімінде туған тілін жырға тиек етсе, екінші…

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАУЫ.

02.09.2019. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады. Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының тыңдалымы болды. Колледж оқытушылары мен студенттері , азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық берген Жолдауды тыңдай отырып, білім саласына байланысты…