The 22 of February was historical day to the Pedagogical College named after M.O. Auezov.

The 22 of February was historical day to the Pedagogical College named after M.O. Auezov. The college hosted the event “The Worship”, organized jointly with the International Turkish Academy and dedicated to the 120th anniversary of a member of the Turkic Council, professor, doctor of philology, a leading specialist in the study of ancient Turkic…

ОҚУ ОРЫНЫНЫҢ ТҮЛЕГІ, ТҮРКОЛОГ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР ӘМІР НӘЖІПКЕ 120 ЖЫЛ.

2019 жылдың 22 ақпаны  қасиетті қара шыңырақ үшін тарихи күн, танымдық сәт.Оқу орнында Халықаралық Түркі Академиясымен бірлескен “Тағзым” атты шара өтті. Шара оқу орнының семинария тұсындағы түлегі, аса көрнекті түркітанушы ғалым, көне түркі және қазіргі түркі тілдерінің білгір маманы, ф.ғ.д., профессор, түркологтардың Кеңестік Комитетінің мүшесі, Түркия Республикасы Түрік Тіл құрылымының мүшесі Əмір Нəжіптің 120 жылдық…

18.02.2019 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік көрсету мен  бопсалаудың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу «Жастар арасындағы әлімжеттік неге өршіп тұр?» деген тақырыпта бейне көрсетіліммен басталды. Колледж директоры Ш.А Жанаева  қоғамдағы әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан келеңсіз оқиғалар педагогтарға жат екендігін, болашақ педагог  мамандардың бойындағы ізгілік пен адамгершілік жаман әдеттерден тыйылып, өздерін келер ұрпақ тәрбиешісі ретінде дамытулары керектігін баса айтты. Алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы майор Екибасов.К.К – «Жасөспірімдер…

Бүгін оқу орнымызда түлегіміз, қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың 105 жылдық туған күніне орай «Шәкен жұлдыздары» атты шығармашылық байқау өтті.

№201 Шәкен Айманов атындағы атаулы дәрісхана – кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда 2 курс студенттері үш кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңде алдын-ала жеребе арқылы таңдалынып, зерттеу жүргізілген режиссердің әр фильмін қатысушылар көрермендерге түрлі заманауи формалар арқылы ұсынды. Студенттердің фантазиясын дамыту, цифрлы білімдерін тереңдету, үштілділікке бейімдеу мақсатын ұстанған «Пиар-life» кезеңіндегі көрсетілген материалдар…

Оқу орнымызда Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеші өткізілді

Негізгі мақсат – жастарға соғыс қасіреті жайлы мағлұматтар бере отырып, оларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Төлеубаев Марат Бүркітбайұлы, Нұрланов Қуандық Қабдылқақұлы, әріптес-ардагер Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, сонымен қатар №28/738 әскери бөлімінің аға лейтенанты Советов Мейіржан Ерболұлы  көрермендермен сыр бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың құрметіне медиатека…

Бүгін оқу орнымызда қазақтың тау тұлғалы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтілді.

Ақынның туған күнін әсерлі етіп өткізуге Семей қаласының жастар ресурстық орталығы, колледжіміздің Студенттік Парламенті және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Қалиева Сара Сырымқызы жетекшілік ететін «Ес аймақ» театр клубының мүшелері ат салысты. «Күнделік жаз, жарқыным» атты әдеби-сазды эллегия өз көрермендерін ақынның нәзік жырлары, сөзіне жазылған әсем әндері, күнделігінен алынған терең ойларыі, «Қош, махаббат» драмасынан…

28.12.2018 жылы біртуар ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен кездесу кеші өтті.

Кеш барысында қонақтар және педагогикалық ұжым оқытушылары мен студенттері ақынның жырларын жата оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады. Фәлсапалық пайымдаулар ортаға салынып, көрнекті қаламгерлер мен зерттеушілердің ақын жайлы пікірлері тыңдалды. Кеш соңында поэзия сүйер қауым ақынмен сырласып, қолтаңба алып, ерекше әсерге бөленіп қайтты.

26.12.2018 жылы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттері жаңа жылдық кешті үлкен ұйымшылдықпен мейрамханада атап өтті.

Қызықты ойындар, фуршет, би кеші, тосын сый, лазерлік шоу – жаңа жылдық кешті ажарландыра түсті. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша, қоғамда, өнер, білім, спортта белсенділік танытып келе жатқан студенттердің ата-аналарына алғыс хат жіберіліп, Аяз атаның тәттілері ұсынылды. Кешті ұйымдастырудағы ерекше белсенділігі үшін Студенттік Парламент мүшелеріне алғыс білдіреміз және мерекелік басқосу алдағы жылы да сәтті жалғасын табады…

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Тәуелсіздік күні қарсаңында «Менің елім Қазақстан» дәстүрлі өнер байқауы өткізілді.

Оқу орнымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, дарынды студенттерді тану мақсатында 1-курстар арасында дәстүрлі  ұйымдастырылатын байқаудың биылғы саны Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына, оқу орнының 115 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Үш күнге созылған байқаудың қорытынды гала концерті  ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында колледж назарына ұсынылды. Дәстүрлі өнер байқауының қорытындысы бойынша, Гран При ағымдағы…