«Ақ тілекпен, алғыс айтамын» акциясы ұйымдастырылды.

20.03.2019 жылы колледжіміздің белсенді жастары ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған «Ақ тілекпен, алғыс айтамын» атты жастар акциясын Семей қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра ұйымдастырып, challenge-ді Өскемен қаласы жастарына жолдады.

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ДӘСТҮРЛІ «НАУРЫЗ АРУЫ-2019» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақ қызының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және жан-жақты дамыған, заманауи тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі «Наурыз аруы» байқауы ұйымдастырылды. 26 жылдық тарихы бар бұл өміршең жобаның авторы – колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А. Жанаева. Байқау бүгінгі күні заманауи бағытқа сәйкес жаңғырып, Елбасының  «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттаумен, «Жеті қырлы Қазақстан» мақаласын жүзеге асырумен астасып жатыр. Байқауға колледждің…

Оқу орнымызда Наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық ойындар – салауатты өркендеу кепілі» атты «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 303 топ студенттері ұйымдастырған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Елбасының «Болашашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Жеті қырлы Қазақстан» мақаласын іске асыруға үлес қосу, ұлттық спортты сүюге, мергендік, ептілік, жылдамдық, күштілікке баулу мақсатында «Ұлттық ойындар – салауатты өркендеу кепілі» атты ашық тәрбие сағаты 303 топ және топ жетекшісі Қ.Қ. Мукатаеваның ұйымдастыруымен колледж назарына ұсынылды. Тәрбие сағаты барысында қазақтың ұлттық ойындары: тоғызқұмалақ, бестас, қазақ күресі, сонымен…

Оқу орнымызда «Жастар жылы» аясында және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Көңілді старт» спорттық жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа әр бөлімнен 2 оқытушы және студенттерден құралған командалар қатысты. Сайыскерлер салауатты өмір салтын ұстану және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа «Таныстыру», «Планеталар эстафетасы», «Математикалық баскетбол», «Үш тілді сөзжұмбақ», «Пингвиндер волейболы», «Қарлығаштар мен балапандар», «Батыр капитандар», «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша, 1 орынды «Дене тәрбиесі және спорт», 2 орынды…

Оқу орнының түлегі, белгілі композитор Бекен Жамақаевтың туған күніне арналған қала мектеп оқушылары арасында «Жүрегі тұнған ән еді» атты байқау өткізілді.

Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында Бекен Жамақаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық «Жүрегі тұнған ән еді» атты өнерпаздар байқауы өткізілді. Бекен Жамақаев атындағы атаулы дәрісхананың меңгерушісі Қазез Санатқанның және кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен байқауда өнерпаздар өз бақтарын сынады. Бір айналымнан тұратын байқауда қатысушылар ұйымдастырушылар комитеті алдын-ала бекіткен…

The 22 of February was historical day to the Pedagogical College named after M.O. Auezov.

The 22 of February was historical day to the Pedagogical College named after M.O. Auezov. The college hosted the event “The Worship”, organized jointly with the International Turkish Academy and dedicated to the 120th anniversary of a member of the Turkic Council, professor, doctor of philology, a leading specialist in the study of ancient Turkic…

ОҚУ ОРЫНЫНЫҢ ТҮЛЕГІ, ТҮРКОЛОГ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР ӘМІР НӘЖІПКЕ 120 ЖЫЛ.

2019 жылдың 22 ақпаны  қасиетті қара шыңырақ үшін тарихи күн, танымдық сәт.Оқу орнында Халықаралық Түркі Академиясымен бірлескен “Тағзым” атты шара өтті. Шара оқу орнының семинария тұсындағы түлегі, аса көрнекті түркітанушы ғалым, көне түркі және қазіргі түркі тілдерінің білгір маманы, ф.ғ.д., профессор, түркологтардың Кеңестік Комитетінің мүшесі, Түркия Республикасы Түрік Тіл құрылымының мүшесі Əмір Нəжіптің 120 жылдық…

18.02.2019 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік көрсету мен  бопсалаудың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу «Жастар арасындағы әлімжеттік неге өршіп тұр?» деген тақырыпта бейне көрсетіліммен басталды. Колледж директоры Ш.А Жанаева  қоғамдағы әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан келеңсіз оқиғалар педагогтарға жат екендігін, болашақ педагог  мамандардың бойындағы ізгілік пен адамгершілік жаман әдеттерден тыйылып, өздерін келер ұрпақ тәрбиешісі ретінде дамытулары керектігін баса айтты. Алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы майор Екибасов.К.К – «Жасөспірімдер…

Бүгін оқу орнымызда түлегіміз, қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың 105 жылдық туған күніне орай «Шәкен жұлдыздары» атты шығармашылық байқау өтті.

№201 Шәкен Айманов атындағы атаулы дәрісхана – кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда 2 курс студенттері үш кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңде алдын-ала жеребе арқылы таңдалынып, зерттеу жүргізілген режиссердің әр фильмін қатысушылар көрермендерге түрлі заманауи формалар арқылы ұсынды. Студенттердің фантазиясын дамыту, цифрлы білімдерін тереңдету, үштілділікке бейімдеу мақсатын ұстанған «Пиар-life» кезеңіндегі көрсетілген материалдар…

Оқу орнымызда Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеші өткізілді

Негізгі мақсат – жастарға соғыс қасіреті жайлы мағлұматтар бере отырып, оларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Төлеубаев Марат Бүркітбайұлы, Нұрланов Қуандық Қабдылқақұлы, әріптес-ардагер Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, сонымен қатар №28/738 әскери бөлімінің аға лейтенанты Советов Мейіржан Ерболұлы  көрермендермен сыр бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың құрметіне медиатека…