Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

Қызықты ойындар, фуршет, би кеші, тосын сый, лазерлік шоу – жаңа жылдық кешті ажарландыра түсті. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша, қоғамда, өнер, білім, спортта белсенділік танытып келе жатқан студенттердің ата-аналарына алғыс хат жіберіліп, Аяз атаның тәттілері ұсынылды. Кешті ұйымдастырудағы ерекше белсенділігі үшін Студенттік Парламент мүшелеріне алғыс білдіреміз және мерекелік басқосу алдағы жылы да сәтті жалғасын табады деген сенімдеміз. Жаңа жыл құтты болсын!