Әдістемелік қызметХабарландырулар

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  қазақ халқына Жолдауы мен 2015-2019 жылдарға арналған ШҚО үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында ШҚО білім басқармасының «ШҚО КББ орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2019 жылғы наурыз айының 19-ы күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Математика, информатика және жаратылыстану» пәндік әдістемелік комиссиясының  бірінші санатты  оқытушысы  Мавлитаева Гульназ Айткалиевнаның  «Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі»  пәнінен   0105000 «Бастауыш білім беру»  мамандығы,  0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша   оқитын    ІІ курс  білім алушыларымен  «Эратосфен елегі. Евклид алгоритмі»  тақырыбында облыстық деңгейде онлайн сабақ өткізді.

Сабақта Г.Айткалиевна  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  теорияны мектептегі іс-тәжірибемен байланыстырып, интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып өткізді.  Сабақ барысында АКТ, СТО технологиялары жүйелі көрініс тапты. Оқытушы оқытудың интербелсенді әдістері арқылы тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік әлеуетінің дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыра алды. «Жасырын сөзді тап» ойыны өткен тақырыпты қайталау үшін деңгейлік тапсырмамен жұмыс, «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу, LeorningApps.org сайтымен жұмыс жүргізе отырып математика  тарихына шолу,  bilimland.kz сайтынан «Эратосфен елегі» бейнематериалды  талдау, Padlet.com сайтында «Мадақтау сэндвичі» (Feedback Sandwich) арқылы кері  байланыс жасалды. Білім алушылардың білімін бағалау үшін пәнге сәйкес жаңа әдіс координата жазықтығында график сызу  қолданылды.  Топпен және жеке жұмыс жүргізіліп, топтың өзара бағалауы жолға қойылды.

Студенттермен интербелсенді сабақ өткізген Г.Айткалиевнаға шығармашылық табыс тілейміз!