Хабарландырулар

20-30.12.2019 ж. аралығында әлеуметтік-экономикалық пәндік-әдістемелік комиссияның онкүндігі өтті.

Онкүндік мақсаты: Оқу-әдістемелік және тәрбиелік іс-шараларды мазмұнды өткізу, студенттердің шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.

  13.12.2019. Студенттердің ғылыми инновациялық ой өрістерін кеңейту, Рухани жаңғыру негізінде мəдени-әлеуметтік жəне білім беруді дамытудың сабақтастығы мен прогресшілдігін қамтамасыз ететін зияткерлік әлеует қалыптастыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды.  Ұйымдастырушылар: Т.К.Мұқанов, Н.Ә.Сағымбеков, Ә.К.Бөленбаева. Байқау соңында жүлделі орындарды иеленген студенттер мен жетекшілер  Диплом, Сертификат, Алғыс хаттармен марапатталды.

20.12.2019. Қазақстан тарих пәнінің оқытушысы  Ә.Ә.Жұмағұлова 1 курс студенттері арасында Қазақстан тарихы пәнінен колледжішілік олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: студенттерге тағылымды тарихымызды насихаттау, тарих пәндерінен теориялық алған білімдерін нығайту. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде электронды тест жұмысы арқылы бойынша іріктеу  өткен студенттер  екінші кезеңде тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар туралы  шығырмашылық жұмыстар қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша: 202 топ студенті Алибек Гүлзира І орын; 206 топ студенті Молдағали Нұршат ІІ орын; 204 топ студенті Хасенова Диана мен 203 топ студенті Телмұхаметов Ержан ІІІ орын иеленді.

22.12.2019.     “ОРАТОР” дебат клубының жетекшісі  Т.К.Мұқановтың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен  жас пікірсайысшыларды “АЛАШТЫҢ БІЛІМ ОРДАСЫ” атанған педагогикалық колледжінің тарихымен, материалдық-техникалық базасымен таныстыру, колледждегі мамандықтарды насихаттау мақсатында “АЛАШ ДƏСТҮРІ” атты қалалық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнирде пікірсайысшылар үш лигада: мектеп оқушылары “Мектеп лигасында”, колледж студенттері “Бірінші лигада” жəне ЖОО-ның студенттері “Жоғарғы лигада”  өнер көрсетті.  Қалалық турнир 52 фракцияны, 104 ойыншыны  қамтыды. Семей мектеп лигасында 18 фракция, 36 ойыншы ойын көрсетті. Турнирға 22, 32, 47, 11, 16, 23, 33 мектеп оқушылары қамтылды.

Турнир қорытындысы бойынша: SML жастар финалы: Айдана Зарылқанова,  Серікхан Алан “Үздік талпыныс”;  Амангельдиева Гүлдана, Қабылкаев Ерасыл I орын;  Төлеуғазина Еркежан, Рахымбекова Альмира II орын; Нұрахметова Жансая,  Фазылов Айдос III орын.

Мектеп лигасы:Өміржанов Амир; “Үздік спикер”; Нұртас Биқымбат, Нұрай Зейнулла; I орын; Кокамбекова Қарлығаш, Сапаралы Аяжан IІ  орын; Серікбосынов Нұргелді Өміржанов Амир III орын.

Бірінші лига:Рымгали Альмира, “Оратор” ДК “Үздік спикер”; Зарыкханова Қырмызы, Тәубелова Аружан, “Конгресс” ДК”Үздік талпыныс”; Кадырханова Айгерім,  Балабек Аяулым, “Парасат” ДК I орын; Бақтыбаева Әсия,  Нұрболатқызы Аружан, “Салауат” ДК II орын; Ережепова Мелина,  Кебекова Диана, “Оратор” ДК III орын.

Жоғарғы лига:

Өмірбаев Райымбек, “Парасат” ДК “Үздік  спикер”; Исаханов Рамзан,  Азамат Елдар, “Салауат” ДК “Үздік талпыныс” Исахан Нұрбақыт,  Жасболат Шынар, ” Салауат” ДК I орын; Алибеков Нұрбол,  Бейсенбеков Данияр, “Парасат”ДК II орын; Насырова Еркежан, “Салауат” ДК III орын иеленіп Дипломдармен марапатталды.

            24.12.2019. Білім алушылардың зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми – зерттеу қызметі мүддесіне ынталандыру, дарынды білім алушыларға қолдау көрсету  мақсатында «Zerde» интеллектуалды турнирдің І кезеңі өткізілді. Турнирді Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Ә.Ә.Жұмағұлова  ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.

Турнирдің қорытындысы: Жақсыбаева Аружан 21 топ студенті І орын; Жоламанов Нүрсұлтан 31а топ студенті ІІ орын; Бекказиев Бекзат 44 топ студенті ІІІ орын иеленді

24.12.2019. Студенттердің экономикалық сауаттылығын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету және кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру мақсатында «ЕҢ ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБА» атты колледжішілік байқау өткізілді. Ұйымдастырған экономика негіздері және кәсіпкерлік қызмет негіздері пәндерінің оқытушысы Н.Ә.Сағымбеков.

Байқаудың мақсаттары: экономикалық және кәсіпкерлік салада жастардың инновациялық мүмкіндіктерін дамыту, нарық жағдайына үйрену қабілеті, жастардың экономикалық дайындығын арттыру, жастарға жеке кәсіпкерлік ынтасын дамытуға және келешек бизнес-идеяларын қолдауға мүмкіндік беру, инновациялық жобаларды басқару механизмдері, инновациялық іскерліктің болашағы, инновация туралы колледж студенттерінің білім деңгейлерін көтеру, жоғарғы бәсекелестік жағдайында инновациялық жобаларды жүзеге асыра алатын, кәсіби құзіреттілігі мен жинақтылығының жоғарғы деңгейін иеленуші, экономикалық ойлы жастардан креативті резервті құру.

Байқауға әр топтан іріктеліп 18 жоба қатыстырылды. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ауызша, техникалық құралдар мен көрнекіліктерді пайдалану арқылы қорғады. Әр қатысушының жобаны қорғауға 7-10 минут берілді. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың бизнес-жоспарларының әрбір бөлімін 5 балдық шкаласы бойынша бағалады.

Байқаудың қорытындысы:

І дәрежелі диплом – Әбітаева Іңкар, Рықбекова Гүлнұр, Тиянақова Айым, Сейтқанова Ләззат, Тулақбай Айпара (41 топ студенттері);

ІІ дәрежелі диплом – Кикимова Әсем, Қабылқақова Назым, Атымтаева Балжан, Долдаева Бота (41 топ студенттері);

ІІІ дәрежелі диплом – Ербол Жансерік, Абусалықов Жақсылық (43 топ студенттері).

26.12.2019. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «ХХІ ғасырдағы жастар бейнесі» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Жауапты: Э.Д.Битөлеуова.

Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында – ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық болмысты әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы ой қозғау;

Дөңгелек столға қатысушылар Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы –  ұлттық рухани кемелденуіміздің платформасы екендігі, жаһандану дәуірінде рухани бәсекелестікке қабілеттілікті арттыратындығы, және жүзеге асырылып жатқан түрлі жобалар туралы баяндады.

27.12.2019. Колледждің студенттер ғылыми қоғамына “Дебат технологиясын қолданудың маңыздылығы” тақырыбында  ашық дәріс  өткізді. Өткізген Т.К.Мұқанов.

Ашық дәрісте студенттердің құзіреттілігін, белсенділіктерін, іскерлігін, шешендік қабілеттері мен қарым-қатынастық мәдениетінің артуындағы дебат технологиясының маңыздылығы аталып өтілді.

Дебат технологиясының студенттерді ізденіске жетелейтіндігі, сөйлеу шеберлігін қалыптастыратындығы, дүниетанымын кеңейтетіндігі, деректерді қолдана білуіне, сөздік қорының артуына, тұжырым жасауына, ой  қорыту шеберлігіне, өз көзқарасын қорғай білуіне ықпал ететіндігі баяндалды.

Пікірсайыстың мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер дебатының бағдарламасы, студенттерге арналған Американ Парламенттік Дебаты және Британ Парламенттік Дебаты, Линкольн және Дуглас пікір сайысы туралы толыққанды мағлұмат берілді.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Оратор» пікір-сайыс клубынының  мақсаты мен міндеттері, анты, өз жұмысындағы негізге алатын принциптері, пікір-сайыс ойыншыларының моральдік кодексі, клубтың жалаушасы, эмблемасы, ұраны, әнұраны туралы ақпарат берілді.

Ашық дәрістің екінші кезеңінде “Оратор” дебат клубы мүшелері  Қ. Жұмаханов пен Б.Әбділмажинова дебат ойындарының ережелері мен талаптары туралы баяндап, оның қоғамдық өмірде пайдасы мен қажеттілігін түсіндірді,  сөйлеу мәдениетін сақтау,  дайындалу стильдерін көрсетті. Қатысушыларға бүгінгі күннің өзекті мәселелері қатысты кейс құрау, оны қорғау туралы тапсырмалар беріліп,  жіберілген қателіктерге түзету жұмыстары жүргізілді.  Іс-шара  Қ. Жұмаханов пен Б.Әбділмажинованың ЛД форматындағы көрсетпе ойынымен аяқталды.

Студенттердің ғылыми қоғамының мүшелері іс-шараның жоғары деңгейде өткенін, дебат техноллогиясына қатысты толыққанды ақпарат алғандықтарын, сабақ үрдісінде, оқу практикасында қолданатындықтарын атап өтті.

.