Әдістемелік қызметКәсіптік оқытуТәжірибеХабарландырулар

2019 жылдың 13-17 мамыр күндері Өскемен қаласында ШҚО Білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының  ұйымдастыруымен IV аймақтық «WORLDSKILLS SHYGYS – 2019» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Соңғы төрт жыл ішінде бұл іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының жастар қауымы белсенділік танытып қатысып жүр. Биылғы жылдан бастап гуманитарлық бағытында білім алып жүрген студенттер де қатысуға мүмкіндік алды. Аталған іс-шарада ТжКББ 41 құзыреттілік бойынша 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар кәсіби шеберлік пен біліктілік сынына түсті. Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен үш құзыреттілік бойынша төрт студент қатысып, жүлделі орындарды иеленді. «Бастауыш білім беру мұғалімі» құзыреттілігі бойынша III курс студенті Уалиева Л.  және Жолдина Г. І орынмен марапатталды. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша III курс студенті Байзакова А. және «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша  III курс студенті Төлеутаев Н. жүлделі ІІ орындарды иеленді.  Жеңімпаздарды даярлаған жетекшілері К.А.Искакова, А.Н. Аралова,  З.С. Алканова, М.С. Комаева, С.К.Тоқтарбек, Қ.Қ.Муқатаеваға, арнайы пәндер оқытушы–әдіскерлеріне және колледж директоры Ш.А.Жанаеваға үлкен рахмет айтамыз.

IVАймақтық «WORLDSKILLS SHYGYS – 2019» кәсіби шеберлік чемпионаты ЖЕҢІМПАЗДАРЫН тұғырлы жеңістерімен құттықтаймыз!