Директордың оқу-өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары

Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді. Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.

Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді.

Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды.

Білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандарын ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асырады.

Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді. Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

«WORLDSKILLS SHYGYS -2019» чемпионатынан Әуезовшілер жеңіспен оралды

2019 жылдың 13-17 мамыр күндері Өскемен қаласында ШҚО Білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының  ұйымдастыруымен IV аймақтық «WORLDSKILLS SHYGYS – 2019» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Соңғы төрт жыл ішінде бұл іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының жастар қауымы белсенділік танытып қатысып жүр. Биылғы жылдан бастап гуманитарлық бағытында білім алып жүрген студенттер де қатысуға мүмкіндік алды. Аталған…

Читать дальше

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 2019 жылдың 27 сәуірі күні «XXI ғасыр әдіскері – білім беру жүйесін жаңғыртудың қозғаушы күші» тақырыбында дәстүрлі «Үздік әдіскер-2019» байқауы өтті.

Байқау мақсаты: • Колледж әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру, әдіскерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; • Әдіскерлердің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау; • әдіскерлердің кәсіби құзырлылығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру. Байқауға оқу жылдың басында әдіскерлер іріктеліп, жыл бойы кезең – кезең бойынша алдарына берілген тапсырмаларды орындады. Мысалы,…

Читать дальше

Студенттің кəсіби потенциалын арттыру: теориядан практикаға

2018-2019 оқу жылының наурыз айының 19-27 күндері аралығында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Бастауыш білім беру», «Бейнелеу өнері және сызу», «Қазақ тілі және әдебиет», «Шет тілі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша колледждің мәжіліс залында бітіруші оқу топтарының диплом алдындағы мемлекеттік іс-тәжірибенің қорытынды конференциялары өткізілді. Тәжірибе барысында өзін білімді, білікті болашақ…

Читать дальше

“М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” Шет тілі бөлімінің үздік 10 студенті, 46 топ білім алушыларының 2018 – 2019 оқу жылында “Н. Назарбаев зияткерлік мектебінен” мемлекеттік іс – тәжірибеден өтті.

Абренова Альфия, Аймаханова Анса, Муратбекова Акерке, Мусақызы Мадина, Омаргалиева Айгерим, Смагулова Қадиша, Токеева Алина, Шалқарқызы Айя, Шалтаева Іңкәр, Ілиясова Дамира. Осы іс- тәжірибеден өту барысында біздің машықкерлер сол жердегі ағылшын тілі мұғалімдерінен сабақ барысында қолданылатын әр түрлі әдіс – тәсілдерді, шығармашылыққа бағытталған жұмыстарды үйреніп, өз білімдерінің ауқымын кеңейтті, өте тиімді тәжірибелермен алмасты. Оқушылармен жұмыс жасап,…

Читать дальше

Біз спортшы баламыз

22.11.2018 М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»  әдіскері  Ж.Қ.Қайсанова мен ЖШС  «Айналайын» шағын орталығының әдіскері Ж.С.Нұрқасованың жетекшілік етуімен шағын орталықта «Біз спортшы баламыз»  атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.  Спорттық сайысқа болашақ «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алып, байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтіп жатқан 303 топ студенттері мен балабақшаның «Балауса», «Балдырған» және «Қарлығаш» ересек топтары қатысты. Машықкерлер…

Читать дальше

Кәсіптік практика – мамандыққа алғашқы қадам.

0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 41, 42 топ білім алушылары 01-07 қыркүйек аралығында Семей қаласындағы №23, №8 жалпы орта білім беретін мектептерде «Баланың мектептегі алғашқы күндері» тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау және жүйелеу,…

Читать дальше

Алаштың білім ордасына – 115 жыл

«М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ – КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ ЕРЕКШЕ ОРТА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР – ПРАКТИКУМ ӨТТІ Семинар- практикумға қатысқандар: ШҚО әкімшілік өкілдері; ШҚО Білім басқарамасының өкілдері; Қазақстан Республикасы ТжКББ ұйымдарының және ЖОО педагог қызметкерлері; Атаулы оқу кабинеттеріне есімдері берілген айтулы түлектердің, сабақ берген оқытушылардың ұрпақтары; Зиялы қауым өкілдері; Әр жылдардағы оқу орынының түлектері;…

Читать дальше

«Баланың мектептегі алғашқы күні» практикасы

2018 жылдың 1-14 қыркүйек аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 45 және 405-топ студенттері қаламыздың №3,4 жалпы орта білім беретін мектептерінде «Баланың мектептегі алғашқы күні» практикасынан өтті. Практика барысында студенттер алғашқы қоңырауға қатысыты. Балабақшалар мен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығына талдау жасап, оқушылардың алғашқы күндері мектепке бейімделуін бақылады. Мұғалімге көмек көрсетіп, ойындарды, сергіту сәттерін ұйымдастырды.…

Читать дальше