Директорға хабарлама жіберіңіз

Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы

Туған жылы: 02 маусым 1965 жыл

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы

Білімі: жоғары, Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институты, 1986 жыл.

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, 27.09.2007ж. берілген

Еңбек өтілі: 30 жыл

Еңбек жолы:

1986-1988 жж –  Құндызды орта мектебі,Абай ауданы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

1988-1989 жж –  Облыстық «Семей таңы» газеті, корректор

1989-1992 жж –  Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайы   Семей қ., насихат бөлімінің меңгерушісі

1992-2010 жж – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2010 жылдан – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры

Марапаттаулары:

  • «Колледждің үздік тәрбие жүйесі-2008» атты облыстық байқауында – І орын;
  • «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіндегі жастар көшбасшыларының рөлі мен мүмкіндіктері» атты облыстық жастар слетінде – І орын;
  • «Білім берудегі инновация-2009» атты облыстық фестивалінде авторлық үздік жобасы үшін ШҚО Білім басқармасының дипломымен марапатталды;
  • 2009 жылы «Жылдың үздік педагогтары» қатарында облыс әкімінің қабылдауында Құрмет Грамотасымен марапатталды;
  • «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері-2003;
  • 2012 ж. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі, қоғамдық келісім мен бірлікті, ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен үш мәрте (1996, 2003, 2007 жж.) марапатталған;
  • «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері-2013;
  • «Лучшие в образовании» халықаралық энциклопедиясына аты енгізілген, сол энциклопедияның «За вклад в развитие образование» медалінің иегері;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №994 жарлығымен «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
  • Грамота акима области-2009г., Диплом начальника управления образования -2009г.,ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері-2004ж.,
  • «М.О.Әуезов» төсбелгісі06.2015ж.

Авторлық еңбектері:

  • «Ұлағат» атты ұлттық тәрбие жүйесінің авторы;
  • «Құбалаң замандағы құпия өлеңдер» атты монографияның (Алматы, «Глобус-2006» 260 б.) авторы.
  • Педагогиканың сандаған қырлары туралы толғамды ой-пікірлері қалалық, облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда («Қазақстан мектебі», «Қазақ әдебиеті», «Ертіс өңірі», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Бастауыш мектеп», «Дидар», «Семей таңы») ұдайы жарияланып келеді.
  • Оқу орнының тарихы жайындағы тұңғыш кітап – «Алаштың білім ордасы» атты танымдық-ғылыми сипаттағы тұңғыш көлемді кітаптың авторы, 2013 ж.
  • «Қоңыраулы жылдар күмбірі» атты «Фолиант» баспасынан 2015 жылы жарық көрген кітаптың авторы.