ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАМЫРЛЫ БІЛІМ ОРДАСЫ

Алаштың білім ордасы.II том. 2018 жыл

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі – кәсіби құзыретті педагог кадрлар дайындайтын іргелі оқу орны. 116 жылдық тарихы бар колледжде оқу-тәрбие үрдісін инновациялық тұрғыда ұйымдастыру, орта кәсіптік педагогикалық білім беруді халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру жүйелі жолға қойылған.  2017 жылы педагогикалық ұжымның бірлесе атқарған табысты қызметінің нәтижесінде Рейтингілеу және аккредитациялаудың тәуелсіз агенттігінің институционалдық және мамандандырылған аккредитациясы жұмыстарының қорытындысы бойынша М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіндегі оқу-тәрбие үрдісі  сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2016 стандарты талаптарына сәйкес деп танылды.  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мазмұнындағы сындарлы саясат пен тың бастамалар М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымының тыныс-тіршілігімен үндеседі. Жаңартылған білім беру мазмұны талабына сай кәсіби құзырлы маман дайындауды негізгі міндеті деп есептеген колледж ұжымы ұдайы прогрессивті даму  ұстанымдарын жүзеге асыру мақсатында кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізуді, үдерістердің тиімділігін бағалауды, түзетуші және алдын алу әрекеттерін күн тәртібінен түсірген емес.

Колледждің миссиясы

Білім беру кеңістігінде сапалы қызмет көрсету, әлемдік үрдістер аясында білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыратын іскер, кәсіби құзыретті маман даярлау

Миссия 02.09.2017 ж. әдістемелік кеңесте қайта қаралды.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайындағы отандық білім беру жүйесінің басым бағыттарын жүзеге асыруда оқытушылар кәсіби шеберлігін, оқу-әдістемелік тәжірибесін жетілдіріп отырады. Колледжде штаттық  кестеге  сай  2017 жылы – 119, 2018 жылы -108,  қазіргі  таңда  114 адам қызмет атқарады, оның 1-і филология ғылымдарының кандидаты, 48-і жоғарғы санатты (42,10%), 15–і бірінші санатты (13,15%) ұстаздар. 2018-2019 ж.ж.  аралығында педагогикалық құрамның сапа динамикасы өсті: ғылыми-теориялық білімді жетілдіру, кәсібилікті  арттыру мен шыңдау мақсатында 2016-2017 оқу жылында оқытушылардың құрамының  23 оқытушысы, 2017-2018 оқу жылында  40 оқытушы магистрлік ғылыми дәреже алды.  2018-2019 оқу жылында 13 оқытушы магистратураны аяқтап,  магистрлер үлесі – 2014 жылы 10,37% құраса, 2019 ж. – 46,49%-ға  жетті.

Педагогтар арасынан 2 оқытушы “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі, 1 оқытушы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, 8  оқытушы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің және 1 оқытушы «Лучшие в образовании» халықаралық энциклопедиясының «За вклад в развитие образования» медалінің, 2 оқытушы  “Бейбітшілік әлемі халықаралық ұйымы” мұғалімдер байқауының жеңімпаздары, 2 оқытушы «Білім саласының көшбасшысы» төсбелгіcі,  1 оқытушы «Планета мира» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі тарапынан берілген  «М.Шолохов» төсбелгісінің иегерлері, 1 оқытушы республикалық «Үздік педагог-2016» байқауының,  4 оқытушы дәстүрлі «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өтетін республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадасының жеңімпаздары.

32 оқытушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы және Алғыс хатымен марапатталған.

Колледж оқытушыларының кәсіби сапа көрсеткіші ретінде дәстүрлі «Бейбітшілік әлемі» халықаралық ұйымының мұғалімдер байқауына, республикалық «Үздік оқу орны», «Үздік педагог», «Ең үздік маман», оқыту және дамыту орталығы ұйымдастыратын «Профессионалы», облыстық «Жыл мұғалімі», «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік электрондық бағдарлама» байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуін айрықша атауға болады. 2016 жылы п.ғ.м., педагогика пәнінің оқытушысы А.Мұратқызы республикалық «Үздік педагог – 2016» байқауының жеңімпазы атанса, 2017 ж. «Музыка» пәндік әдістемелік комиссия оқытушысы С.Қазез  «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өтетін ХІІ Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының жүлделі ІІ орын жеңімпазы, п.ғ.м., мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы М.Елеусізқызы «Үздік психолог» номинациясын иеленді. ХІІІ республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың 2018 жылғы жеңімпаздары колледжіміздің жас мамандары: п.ғ.м., бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы А.М.Мұратбекова (І дәрежелі Диплом), п.ғ.м., «Өзін-өзі тану» республикалық оқу-әдістемелік орталығының төрайымы, педагог-ұйымдастырушы, өзін-тану пәнінің оқытушысы А.К.Нұрланова (ІІІ дәрежелі Диплом), ф.ғ.м., ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Қ.Н.Орынбасарова (ІІІ дәрежелі Диплом). Педагогикалық олимпиадада колледждің «Әуезов ізбасарлары» студенттер командасының жүлделі ІІ орын иеленуі (2017 ж.), ТжКББ жүйесі шеңберінде 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар арасында 41 құзыреттілік бойынша өткен IV аймақтық «WORLDSKILLS SHYGYS – 2019» кәсіби шеберлік чемпионаты  «Бастауыш білім беру мұғалімі» құзыреттілігі бойынша III курс студенті Л.Уалиева және Г.Жолдина І орын , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша III курс студенті А.Байзакова және «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша  III курс студенті Н.Төлеутаев  жүлделі ІІ орындарды иеленуі оқытушылардың инновациялық бағыттағы педагогикалық қызметінің нәтижесі. «ZEREN-2019» республикалық жастар жазғы лагерінде өткен стартап-жобалар байқауында оқу орнының оқытушылары К.Г. Мусаев, Б.Р.Мухамбаев және ІІІ курс студенті Ә.Жолбарысова қатысқан команда Ресей, Молдавия,Қытай, Өзбекстан, Туркия, Моңғолия елдері жастар командасының арасынан ІІ орынды жеңіп алып, 1 000 000 теңге сыйақымен марапатталды.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы ретінде ұстаздарымыздың мерейлі жеңістерінің бір парасын атауға болады: Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Қазақ тілін оқытудың креативті тәсілдері»  атты байқауда жоғары санатты оқытушы Калиева С.С., «Жылдың жүз үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі-2019» байқауында Маметекова Г.С. (Бас жүлде), «Үздік портфолио» байқауында Бузаубағарова Р.Ш. (І орын), Қасымжанова Г.К. (ІІ орын), Казтест орталығы ұйымдастырған республикалық “Үздік педагог” байқауында Н.Х. Хауанова (І орын),  «Дарындылық.kz» дарындылықты дамыту орталығының педагогикалық сайысында ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен республикалық «Үздік ашық сабақ» байқауында А.М.Жаксыбаева (І-ІІ орын), Г.А.Мавлитаева (І орын), Бласпаева Г.К. (ІІ орын),  «Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастыруымен «Үздік сабақ презентациясы» байқауында Л.У.Куспанова (І орын) жүлделі орындар иеленсе,  Шаймарданов А.К республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» журналы ұйымдастыруымен өткен  «XXI ғасырдың жас ғалымы» республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер дайындағаны үшін «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. Жаратылыстану ПӘК оқытушысы, п.ғ.м. Б.Ж.Калкенова республикалық «Үздік педагог» байқауының облыстық деңгейінен жүлделі орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен республикалық «Үздік жас педагог – 2019» байқауында Қайсанова Ж.Қ., Мухамбаев Б.Р., «Өнеге» интелектуалды портал ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен республикалық «Үздік ашық сабақ» байқауында Балуанғалиева А.А., қашықтықтан өткен республикалық “Үздік педагог-2019” байқауында М.С.Мұқанов жүлделі орындар иегерлері.  Республикалық «Қазақ тілін оқытудың креативті тәсілдері»  атты байқауда ф.ғ.м. Мусанова А. Д. «Үздік әдіскер» номинациясымен мадақталды.

Тәжірибелі білікті оқытушыларымыздың жылдармен жинақталған педагогикалық тәжірибелері, ой-тұжырымдар қорытылып, республикалық, олыстық, қалалық деңгейде оқу әдістемелік құрал ретінде басылып, таратылды: колледж директоры Ш.А.Жанаеваның «Құбалаң замандағы құпия өлеңдер», «Қоңыраулы жылдар күмбірі» атты монографиялары және оның Т.К.Мұқановтың редакциялығымен бірге 2013 жылы оқу орнының 110 жылдық мерейтойына орай тұңғыш рет жазылған «Алаштың білім ордасы» кітабының І томы, 5 жылдан кейін, яғни 115 жылдығымызға орай оқу орнының педтехникум тұсындағы түлегі Ысқақ Сүлейменовтің ұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовтің тікелей демеушілігімен «Алаштың білім ордасы» кітабының ІІ томы жарық көрді. 2015 жылы Б.Ж.Қалкенованың «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена» атты оқу құралы «Фолиант» баспасынан шықса, 2018 жылы «Кәсіпқор»Холдингі» КЕАҚ қолдауымен республикалық деңгейде Б.Ж.  Койгельдинаның  «Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологиялар», А.Мұратқызының «Педагогикалық практиканы ұйымдастыру», К.С.Мусинаның  «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі» атты оқу құралы республика көлемінде таратылды.

ҚР БжҒМ ТжКБ департаментінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 13-3/336 хатына сәйкес Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61-тармағы «Ұлттық біліктілік  тест (ұстаздар үшін) пен оны өткізудің тетіктерін әзірлеу» (ҚР Президенті 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығы) орындау мақсатында ТжКБ жүйесінде педагог қызметкерлерді ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмалар базасын қалыптастыру үшін 0111053 «Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша Өзін-өзі тану  РОӘБ әдіскері п.ғ.м. А.К.Нурланова тест әзірлеуші, п.ғ.м. З.С.Алканова, жоғары санатты оқытушы Г.К.Сарсекова сарапшы ретінде «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚ жұмысына тартылды.

2017 жылдан бастап білім беру ұйымында оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың пилоттық ұйымы және 0105000 – Бастауыш білім беру мамандығы, 0105043 – Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі біліктілігі, 0111000 – Негізгі орта білім беру мамандығы, 0111053 – Техникалық және кәсіптік білім берудегі «Өзін-өзі тану пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша республикалық оқу-әдістемелік орталық құрылды.

Мәдениетаралық коммуникацияға қабілетті мамандарды дайындау – колледждегі оқу-тәрбие үдерісінің басты бағыты. Мемлекеттің үш тұғырлы тіл саясаты аясында оқу орнына 2013 жылдан бастап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында көптілді білім беру жүйесін жүзеге асыратын пилоттық жоба енгізілді, студенттердің коммуникативтік дағдыларын, іскерлігі мен креативтілігін дамыту мақсатында 2010 жылы құрылған «Conversational club» үйірмесі қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақтастық туралы меморандум негізінде шетел еріктілермен еркін әңгімелесу алаңын құрып, полимәдениетті кәсіби тұлға қалыптастыруда.

Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында ҚР Үкіметі мен БҰҰ жүйесі агенттіктері арасындағы бірлескен бағдарламаға сәйкес ашылған (UNFPA) Y-PEER (Жас құрдастар) Ресурс орталығы және спорт, гимнастика, жаттығу залдары, «Спартак» стадионы мен «Дельфин» бассейні, «Тисса» шаңғы базасы, спорт секциялары тұрақты қызмет атқарады. Y-PEER (Жас құрдастар) қала көлемінде колледж студенттеріне репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелері бойынша кеңес беріп, орталық еріктілерін даярлауды жүзеге асырады. Маралсай республикалық жазғы лагерімен серіктестік те кәсіби білім беруге өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын толықтырып отыр. Биылғы оқу жылында колледж оқытушылары К.Г.Мусаев, Б.Р.Махамбаев

Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, зертханалар, шеберханалар талапқа сай жасақталған. 51 404 дана кітап қоры Қазақстандық автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық бағдарламаға (КАБИС) енгізілген. Колледждіңі айтулы түлектері мен оқытушыларының есімдері берілген 35 оқу кабинетінде Студенттердің ғылыми қоғамының құрылымы ретінде құрылған Кіші ғылыми зерттеу орталықтары    креативті жобалар қорғап, іздену-зерттеушілік жұмыстарымен айналысады. Білім ордасында М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына және колледж тарихына арналған мұражай жұмыс істейді.  Студенттің ақпараттық мәдениеті мен компьютерлік сауаттылығын дамытып, сандық білім беру ресурстарын дайындау сияқты міндеттерді орындау мақсатында еліміздің ұлтжанды қоғам қайраткерлері мен кәсіпкер-меценаттарының қаржыландыруымен Wi-Fi нүктесі арқылы интернет желісіне қосылған М.О.Әуезов атындағы электронды ақпараттық зал, 10 атаулы кабинет және 30 орындық интернет зал ашылған. Бұдан басқа, мультимедиялық-лингафондық және заманауи аудио-видео құралдарымен жабдықталған интерактивті тақталы дәрісханалар студенттердің сұранысын қанағаттандырып отыр.    Дүниежүзі бойынша кәсіби мамандар даярлау, сапасын сынау, біліктілік мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын WorldSkills халықаралық қозғалысына  студенттерді тарту бағытында  колледжде заманауи инновациялық технологиямен, робототехникамен жабдықталған ІТ-құзіреттілік алаңы мен Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тәжірибелік алаңы жұмыс жасайды. Колледжде инновациялық педагогикалық технологияны енгізу мақсатында түрлі форматта шаралар ұйымдастырылып, студенттерге кәсіби білім беруде оң шешімін табуда: облыстық «Жастардың құқықтық сауаттылығы-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрестің негізі» (2016ж), облыстық «Репродуктивті денсаулықтың заманауи  медициналық-психологиялық аспектілері» (2016ж.), облыстық «Антропоэкология  және

салауатты өмір салты» атты семинар – практикумдар (2017 ж.), аймақаралық «Жаһандану мәнмәтініндегі ТжКБ мазмұнын жаңарту  жағдайында  тілдік тұлғаны дамыту: мәселелері және шешімі» тақырыбында вебинар (2017ж), студенттер арасында дәстүрлі  қашықтықтан өтетін аймақаралық   «Үздік инновациялық  сабақ» педагогикалық байқауы (2017 ж.), аймақаралық «Мәртебелі мамандық – Мұғалім»  кәсіптік байқауы, облыстық«Көптілді білім беру: педагогикалық идеялар» фестивалі (2017 ж.), облыстық «Студенттердің кәсіби тұлғалық қалыптасуындағы  Алаш идеясының орны» (2017 ж.), халықаралық «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі – кәсіби маман даярлаудағы ерекше орта» (2018 ж.) атты семинар-практикум.2015 жылы республикалық  «Дін – қоғам – мәдениет: өзара әрекеттестік мәселелері мен келешегі»,  студенттер арасында онлайн режімінде қашықтықтан өткен І халықаралық «Отаншылдық сезім – жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілетті елдің құрушы факторы» (2017 ж.), М.О. Әуезовтің 120 жылдығына арналған халықаралық серіктестер қатысуымен республикалық «М.О. Әуезов мұрасы: рухани жаңғыру» (2017 ж.) тақырыптарымен өткен    ғылыми-практикалық  конференциялар.

Кәсіби-функционалдық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, кәсіби потенциалы берік маман даярлауда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Халықаралық экология және инженерия ғылым академиясы, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі Алматы №1, Алматы №2, Тараз, Жамбыл, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледждерімен, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетімен, қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен келісімшарт және ынтымақтастық туралы меморандум аясында халықаралық деңгейге дейінгі ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кәсіптік байқаулар мен олимпиадалар, ғылыми консультациялар, инновациялық жобаларды бірлесіп өңдеу мен өткізу бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Колледж базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК оқу орнымен бірлесіп ұйымдастырған «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерлерде балалардыдың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында жалпы білім беру мектептерінің тәлімгерлері және балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастырушыларға арналған 40 сағат көлемінде республикалық біліктілікті арттыру курсы (сәуір, 2017ж) мен «Дарын» РҒПО (мамыр, 2018 ж.)  өткізген республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы – колледждің кәсіби әлеуетінің көрсеткіші мен әлеуметтік серіктестердің сенімі.

Қайырымдылық іс-шараларын жүргізудегі нәтижелі жұмысы және жетім балалар, аз қамтылған отбасындағы балаларға үлкен көмек көрсеткені үшін колледж ұжымы ШҚО әкімінің «Мейірім-2016» сертификатымен марапатталды. 2016 жылы колледж білім алушысы, қамқоршысыз қалған  А.Кузбасоваға баспана алып берсе,  2017 жылғы түлек Н. Қостаеваға пәтер қаражатын жинап, пәтер кілтін табыстады.

2015 жылы оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттіктің ұйымдастырумен жүргізілген ҚР педагогикалық колледждер арасындағы рейтинг нәтижесі бойынша 4-орынға, Халықаралық бизнес-рейтингінің қорытындысы мен білім беру саласындағы ранжирлеу нәтижесі бойынша 2015, 2016, 2017 жылдары  ҚР кәсіпорындары арасында «Білім беру саласының көшбасшысы» номинациясы бойынша «Рейтинг алтыны» Ұлттық сертификатына, Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында «Сала көшбасшысы-2016» номинациясы бойынша «Рейтинг алтыны» Халықаралық сертификатына ие болды.

Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру – бүгінгі заманның басты талабы. Колледж ұжымы студенттердің білім сапасына айрықша мән бере отырып, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы білім беру сапасын жақсартуға байланысты алтыншы басымдығына орай, білім беру ісіндегі өзгерістерді меңгеруге бейім кадрларды дайындауға колледж ұжымы өз үлесін қосуда. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымының басты ұстанымы – функционалдық сауатты, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, жаңа заманға сай Төртінші өнеркҽсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлтты қалыптастыру болмақ.