Директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары

Білім беру ұйымының педагогтік ұжымы қызметін кәсіптік оқыту бойынша ұйымдастырылуын және үйлестірілуін жүзеге асырады.

Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

Техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарының кәсіптік даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады. Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты үйлестіреді.

Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді.

Кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жүргізетін эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды.

Бітіруші курстардың білім алушыларының кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге енгізу жөнінде педагогтік тәжірибені айқындайды, жалпылайды және таратады.

Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша жұмысты, шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттарының уақытылы құрастырылуын қамтамасыз етеді.

2019 жылдың 03 мамыр күні колледжішілік «Түлектер жәрмеңкесі – 2019» өткізілді. Түлектер жәрмеңкесіне 256 бітіруші түлек және қала бойынша 25 білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мақсаты: білім беру ұйымдарына жастардың уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсету. Міндеттері: – еңбек нарығында туындаған сұраныс пен…

Ары қарай оқу

«PSY белгісімен» атты психологиядан облыстық олимпиада өтті.

2019 жылдың 26-сәуірінде «Электротехника колледжі» КМҚК-де тұлғаның дамуы мен оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, студенттердің психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіптік ұтқырлықты…

Ары қарай оқу

2019 жылдың 15 наурыз күні колледжішілік «Жас мамандар – 2019» (WorldSkills) іріктеу чемпионаты өтті.

Колледжішілік чемпионат «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене шынықтыру, спорт және фитнес»  құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Чемпионаттың мақсаты: –…

Ары қарай оқу

Қалалық деңгейдегі дөңгелек үстел: “ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІСТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР”

Қатысушылар: Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, колледж және университет оқытушылары, психолог, әдіскерлер

Ары қарай оқу