Кітапхана мекен–жайы:

ШҚО, Семей қаласы, 071402,
Ш.Уәлиханов көшесі, 150

тел/факс: 8(7222) 54-25-89

Е-mail: pkollsemey1@mail.ru

Жұмыс тәртібі:

Күн сайын – 9.00 -17.00
Сенбі – 9.00 -14.00
Үзіліс сағат 12.00 – 13.00

Жексенбі – демалыс күні
Әр айдың соңғы бейсенбісі – әдістемелік күн
Айдың соңғы күні тазалық күні

2019 жылдың 23-сəуір күні М.О.Əуезов атындағы педагогикалық колледж мәжіліс залында колледж медиатекасы қызметкерлері Студенттік Парламентпен бірлесіп, оқу орнының студенттері арасында “ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ – 2019” сайысын өткізді.

Төрт бөлімнен тұратын сайыстың 1-ші бөлімі оқырмандардың өздерін таныстыруымен басталды, 2-ші бөлімінде таңдаған шығармасын бейнежазбада мәнерлеп оқып, Instagram желісінде жариялау арқылы дауыс жинады, 3-ші бөлімінде оқырман әдеби шығармалардан Cаhoot бағдарламасында, ұяшықтағы сұрақтар, жапсырма құрастыру негізінде сұрақтарға жауап берсе, 4-ші бөлімінде «Тәтті кітап» көрмесіне оқылған кітап желісі бойынша торт пісіріп,  шығарманы қорғады. Жастарды кітап оқуға ынталандыру,…

Read more

Оқу орнымызда Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеші өткізілді

Негізгі мақсат – жастарға соғыс қасіреті жайлы мағлұматтар бере отырып, оларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Төлеубаев Марат Бүркітбайұлы, Нұрланов Қуандық Қабдылқақұлы, әріптес-ардагер Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, сонымен қатар №28/738 әскери бөлімінің аға лейтенанты Советов Мейіржан Ерболұлы  көрермендермен сыр бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың құрметіне медиатека…

Read more

КОЛЛЕДЖ МЕДИАТЕКАСЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАСЫ

1.Жалпы қағидалары

  • Колледж медиатекасын (әрі қарай медиатека) пайдаланудың үлгі қағидалары колледж медиатекасы туралы үлгі ереже негізінде әзірленеді.
  • Медиатеканы пайдаланудың үлгі қағидалары – пайдаланушының медиатекамен өзара қарым-қатынасын бекітетін құжат және пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, медиатека қорына қолжетімділік тәртібін, пайдаланушылар мен медиатеканың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
  • Медиатека білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – колледж әкімшілігіне, педагогика ұжымына, білім алушыларға жеке және өздігінен білім алу жұмысы үшін кітапхана және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру және педагогикалық ақпаратқа еркін қолжетімділікті ұсынады.
  • Медиатеканың жұмыс тәртібін колледждің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес колледж директоры белгілейді.

2.Медиатеканы пайдалану тәртібі

  • Медиатека пайдаланушыларға абонементте, оқу залында, электронды құжаттар (CD-ROM, мультимедиа) мен медиатеканың өзінің электронды ақпараттар (библиографиялық және толық мәтінді деректер базалары) қорымен жұмыс істеуге арналған компьютер аймағында, көріп, тыңдау құжаттары (компакт-диск, бейне, аудио-кассеталар) қорымен жұмыс істеуге арналған көру, тыңдау аймағында қызмет көрсетеді.
  • Пайдаланушыларды медиатекаға жазу абонементте жүргізіледі:
  • Білім алушылар – жекелеген ретпен топтар тізімі бойынша;
  • Педагогтар мен колледж қызметкерлері – жеке бас куәлігі бойынша;
  • уақытша пайдаланушы ретінде жазылу үшін жеке басын куәландыратын құжат және  колледж директорының жазбаша рұқсаты болуы керек.
  • Әрбір пайдаланушыға медиатеканы пайдалануға құқық беретін белгілі бір үлгідегі оқырман формуляры толтырылады.
  • Медиатекаға жазылар кезде пайдаланушылар медиатеканы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс.
  • Оқырман формуляры (электронды) пайдаланушыға медиатека қорынан құжаттардың берілгені мен оларды медиатека қызметкерінің қабылдап алу фактісі мен берілген күнін тіркейді.
  • Абонементті және оқу залын пайдалану тәртібі
  • Абонемент қорындағы құжаттарды пайдалану мерзімі мен олардың саны шектелген және саралы түрде былай белгіленеді:
  • Пайдаланушының бесеуден артық емес басылымды (оқулықтан басқа) үйіне алуға құқығы бар;
  • Әдістеме әдебиеті бір айлық мерзімге беріледі, ал даналар саны жеткілікті болған жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркелгенен кейін) беріледі;
  • Сыныптан тыс оқу үшін (көркем, ғылыми-көпшілік, танымдық әдебиет) 15 күнге беріледі;
  • Сирек және құнды басылымдар үйге берілмейді.
  • Құжаттарды пайдалану мерзімі оған басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзартылуы және басылым бір данадан болғанда, зор сұранысқа ие болған жағдайда қысқартылуы мүмкін.
  • Оқу залында пайдалануға арналған құжаттар үйге берілмейді.
  • Энциклопедиялар, анықтамалық, сирек және құнды басылымдар, сондай-ақ мерзімді басылымдар тек оқу залында жұмыс істеу үшін ғана беріледі.
  • Пайдаланушының оқу залында жұмыс істейтін құжаттарының саны шектелмейді.
  • Пайдаланушылар басылымдардың әрбір данасы үшін жауап береді, құжаттардың қайтарылуын медиатека қызметкері қадағалайды.
  • Құжаттарды пайдалану мерзімінің бітуіне қарай медиатека қызметкері пайдаланушыға құжаттарды он күн мерзімінде қайтару қажеттігі туралы ескертеді. Егер құжаттар осы мерзімде медиатекаға қайтарылмаса, медиатека қызметкері пайдаланушының ата-анасына (немесе олардың орнындағы адамдарға) оларды қайтару туралы, ал жоғалтқан жағдайда екі айдың ішінде мазмұны мен құны бірдей құжаттармен алмастыру туралы жазбаша талап жібереді.
  • Колледж білім алушыларына оқулықтар мен оқу құралдарын беру тәртібі:
  • Колледж білім алушылары оқулықтармен қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етіледі.
  • Оқу жылының басында топ бойынша I-IV курс білім алушыларына оқулықтар беру колледж директоры бекіткен кітап тарату кестесі бойынша жүргізіледі. I-курс білім алушыларын  медиатекаға тіркеу үшін топ жетекшісі медиатека қызметкерлері ұсынған үлгі бойынша тиісті құжаттарды тапсырады  (II-IV курс білім алушылары қайта тіркелуден өтеді).
  • Білім алушыға оқулықтардың берілу фактісі кітапханада берілген оқулықтарды топ бойынша есепке алу папкасына (қағаз нұсқасы) тіркеледі.
  • Оқулықтар жыл бойына әр білім алушының жеке жауапкершілігіне беріледі.
  • Оқу жылының соңында  білім алушылар барлық оқулықтарды кітапханаға қайтарады.
  • Білім алушылар оқудан шыққан жағдайда кітапханамен  толық есептесуге міндетті.
  • Сабақ үстінде жұмыс істеуге арналған оқу құралдары бүкіл оқу жылы бойына кабинеттерге кабинет меңгерушісінің жеке жауапкершілігіне беріледі.

Компьютер және көру, тыңдау аймақтарында жұмыс істеу тәртібі

  • Компьютер және көру, тыңдау аймақтарында электронды және көріп, тыңдау құжаттарының қорымен дербес (жеке), сондай-ақ топпен жұмыс істеу үшін пайдаланушылардың техникалық құралдарға (дербес компьютерлерге, теледидарға, бейнемагнитофонға, құлаққаптармен жарақталған магнитофонға) қолжетімділігі ұсынылады.
  • Компьютер және көру, тыңдау аймақтарында пайдаланушыларға оқу залы режимінде қызмет көрсетіледі (құжаттарды үйге беруге рұқсат етілмейді).
  • Пайдаланушы-білім алушылардың компьютер және көру, тыңдау аймақтарында жұмыс істеуі колледж директоры бекіткен кесте бойынша медиатека қызметкерінің (бағдарламашының немесе медиамаманның) қатысуымен жүргізіледі.
  • Бір дербес компьютерде бір мезгілде екеуден артық емес адамның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
  • Пайдаланушы өзінің дискетасымен немесе флешкасымен оны медиатека қызметкерінің алдын ала тестілеуінен кейін ғана жұмыс істей алады.
  • Пайдаланушының өзімен алып келген CD-ROM-ын пайдалануына тыйым салынады.
  • Интернет торабындағы ақпаратты іздестірудің барлық мәселелері бойынша пайдаланушы медиатека қызметкеріне жүгінуі тиіс. Интернеттің ақысы белгіленген ресурстарына жүгінуге тыйым салынады.
  • Компьютерлерді, теледидарды, бейнемагнитофонды, магнитофонды, сканерді, принтер мен ксероксты қосу мен ажыратуды тек медиатека қызметкерлері ғана жүзеге асырады.
  • Жұмыс істеп тұрған компьютерлерді, теледидарды, бейнемагнитофон мен магнитофонды қараусыз қалдырып кетуге; компьютердің қоректендіру блоктары мен шеткі құрылғыларын, монитордың, принтердің, сканердің, ксерокстың корпусын ашуға; орнатылған бағдарламалық жасақтамаға, оның баптауын өзгертуді қоса алғандағы қандай да бір араласуға тыйым салынады.
  • Пайдаланушылар компьютердің және шеткі құрылғыларының ішіне бөгде заттардың, сұйықтықтар мен сусығыш материалдардың түсіп кетуіне жол бермеуі тиіс.
  • Пайдаланушының компьютерде үздіксіз жұмыс істеуінің ұзақтығы – бір сағаттан; компакт-дискілерді, бейнекассеталарды тамашалауы, аудиокассеталарды тыңдауы – бір жарым сағаттан аспауы тиіс.
  • Электронды және көру, тыңдау құжаттарын медиатека шегінен шығаруға тыйым салынады.
  • Медиатека қорындағы электронды, көру, тыңдау құжаттарын колледждің оқу кабинеттерінде пайдалану медиатека меңгерушісінің алдын ала келісімімен және пайдаланушының оқырман формулярына (электронды) міндетті түрде жазылумен жүзеге асырылады.
  • Медиатеканың компьютер және көру, тыңдау аймақтарында білім алушылармен топтық сабақтар алдын ала әзірленген, колледж директоры бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

3.Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

  • Пайдаланушылардың мынадай құқықтары бар:
    • Медиатеканың анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызметін пайдалануға;
    • Медиатека қорына еркін қолжетімділікке;
    • Медиатека қорының құрамы мен медиатеканың көрсететін қызметтері туралы ақпарат алуға;
    • Құжаттар мен басқа да ақпарат көздерін таңдау мен іздестіруде, компьютермен, бейнемагнитофонмен, магнитофонмен жұмыс істеу қағидалары жөнінде кеңес және нақты көмек алуға;
    • Медиатеканың анықтама-библиографиялық аппаратын: электронды каталогтар мен картотекаларды пайдалануға;
    • Медиатека қорынан белгіленген тәртіппен құжаттарды уақытша пайдалануға алуға;
    • Абонементтің қорынан алынған құжаттардың пайдалану мерзімін ұзартуға;
    • Медиатека өткізетін іс-шараларға қатысуға, медиатекаға нақты көмек көрсетуге;
    • «Медиатеканың ақылы қызметтері туралы Ережеге» сәйкес кітапхананың негізгі қызметіне орайлас медиатеканың қосымша ақылы қызметтерін пайдалануға (қосымша қызметтердің тізбесі мен құнын әр медиатека жеке белгілейді және колледж директоры бекітеді);
    • Кітапханалық-библиографиялық және ақпарат білімдерінің негізін, ақпаратты дербес іздестірудің дағдылары мен қабілетін алуға;
    • Медиатека қызметкерімен жанжал туған жағдайда колледж директорына жүгінуге.
  • Медиатека пайдаланушылары мынаған міндетті:
    • Медиатеканы пайдалану қағидаларын сақтауға;
    • Жыл сайын оқу жылының басында қайта тіркеуден өтуге;
    • Медиатекада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, медиатека бөлмесіне үлкен портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге;
    • Медиатека қорынан алынған құжаттарға, құрал-жабдықтар мен саймандарға ұқыппен қарауға;
    • Медиатека бөлмесінен оқырман формулярына (электронды) жазылмаған құжаттарды алып шықпауға;
    • Оқу залының, компьютер, көріп, тыңдау аймақтарының қорын тек медиатека бөлмесінде ғана пайдалануға;
    • Еркін қолжетімді қордағы әдебиеттердің орналасуы тәртібін бұзбауға, медиатека қызметкерінің рұқсатынсыз қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кірмеуге;
    • Медиатеканың баспа құжаттарын алар кезде пайдаланушы онда ақаудың (жыртылған беттерінің, құжатта жазудың және т.б.) жоқ екеніне көз жеткізуі және ақаулар табылған жағдайда ол туралы медиатека қызметкеріне хабарлауы тиіс, ол құжатқа тиісті белгілер соғуға міндетті. Өткізілген құжаттардан табылған ақаулар үшін соңғы тапсырушы жауап береді.
    • Әрбір алынған құжат үшін оқырман жеке өзі жауап береді.
    • Медиатекаға құжаттарды белгіленген мерзімде қайтаруға;
    • Құжаттарды жоғалтқан не бүлдірген жағдайда оларды сондай немесе олардың көшірмелерімен әлде кітапхананың құны бірдей деп таныған басылымдарымен алмастыруға, айырбастау мүмкін болмаған жағдайда – құжаттардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Жоғалған, бүлінген құжаттардың құнын медиатека меңгерушісі медиатеканың есеп құжаттарында көрсетілген бағаларға сүйеніп, кітапхана қорын қайта бағалау коэффициентін қолдана отырып белгілейді.

Кәмелетке толмаған оқырман-білім алушы медиатека қорынан құжаттар жоғалтқан немесе оған орны толмас залал келтірген жағдайда ата-аналары (немесе олардың орнындағы адамдар) жауапкершілікке тартылады.

    • Пайдаланушы колледждан кеткен жағдайда өзіне жазылған құжаттарды медиатекаға қайтаруы тиіс.
    • Оқытушылар мен колледж қызметкерлері колледждан кеткен жағдайда медиатекаға өзінің кету парағын белгілетуге міндетті. Кетіп бара жатқан білім алушылардың жеке істері медиатека меңгерушісінің тиісті белгісінен кейін беріледі.