«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі

Түлектердің жұмысқа орналасуы деңгейінің көрсеткіші  колледжде жұмыс істейтін  Мониторинг орталығы құрылымдық бөлімшесінің жасаған жұмысы арқылы шығады. Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі.

-қалалық, аудандық білім бөлімдерімен тығыз байланыс, сол елді-мекен-жайы бойынша тұратын түлектер туралы ақпарат беру, бос жұмыс орындары туралы сұраныс жасау;

-«Түлектер жәрмеңкесін» өткізу;

-«Түлектер» ақпараттық базасын толықтыру;

-түлектердің жұмысқа орналасуының мониторингі.

Соңғы 6 жыл бойынша түлектердің жұмысқа орналасуының орташа көрсеткіші – 76,4%.

Колледж түлектері құзыреттілігімен, кәсібилігімен, бәсекеге қабілеттілігімен және өзін-өзі дамытуға әрдайым дайын қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар тек Семей қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінде ғана емес, сонымен бірге Астана қаласы мен республикадағы басқа қалалардың білім беру мекемелерінде жұмыс істейді.