Орналасқан мекен-жайы:

Ш.Уәлиханов көшесі, 150

Жатақхана меңгерушісінің жұмыс тәртібі:

Дүйсенбіден – сенбі: 09:00 – 18:30
Түскі асқа үзіліс: 13:00 – 14:30

Жатақханамен байланысу:

8 (7222) 54-29-87

Жатақханада жалпы орын саны: 300
Жатақханада бос орындар саны: 29

КЕЛІСІЛДІ:                                                                             БЕКІТЕМІН

                 М.О. Әуезов атындағы                                                          М.О.Әуезов атындағы  педагогикалы

педагогикалық колледжі                                                       колледж директоры

жастар қоғамдық бірлестігінің                                              _________Ш.А.Жанаева, ф.ғ.к

Төрайымы_______________                                                   «______» ______2017 жыл

«______»_____2017жыл

Жатақханада тұру 
Ережесі
 

1.Жалпы Ережелер

  • Жатақхана колледж жанындағы құрылымдық бөлім болып табылады.

Ол колледжге бөлінетін мемлекеттік бюджет қорынан, жатақхананы пайдалану ақысы және колледж қызметінің пайда әкелетін бюджеттен тыс өзге қаржы көздері тарапынан қаржыландырылады.

  • Бұл Ереже жатақханадан орын алатын студенттердің жатақханада тұрған кезеңіндегі қарым-қатынастарын қарастырады.
  • Колледж жатақханасы мына мекенжайда орналасқан: ШҚО.Семей қ, Ш.Уәлиханов көшесі, 150. Жатақхананың аумағы-3411,8 шаршы метр. Колледжге студенттерінің тұруына арналған 75 бөлме бар. Жатақханадағы орындар саны-300.
  • Жатақханадан орын беру мәселесімен колледж әкімшілігі айналысады.
  • Жатақхананың материалдық базасын, ғимараттың шаруашылық қызметін, жатақхана тұрғындарының тұрмыстық қызметтерін ұйымдастыру, дамыту және нығайту мәселелерімен директордың әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі орынбасары айналысады.
  • Колледж жатақханасы мемлекеттік меншік болып табылады және жекелешендіруге, басқа мақсаттарға алуға немесе қолдануға жатпайды.
  • Колледж жатақханасы басқа жерден келген студенттерді орналастыру үшін пайдаланылады. Оқуға түсу емтихандары кезінде талапкерлерге тұруға рұқсат етіледі. Ерекше жағдайда колледж қызметкерлеріне тұруға рұқсат етіледі. Жатақхана тұрғындары жатақханада тұру, өз бетінше сабақ оқу және демалу, сондай-ақ, мәдени-бұқаралық жұмыс жүргізуі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс.
  • Колледж әкімшілігі жатақхана меңгерушісін тағайындайды.
  • Жатақханада колледж студенттері оқу мерзімі уақытында тұрады.
  • Жатақхананың тұрғын бөлмелері жиһазбен, төсек орын бұйымдарымен және басқа да құрал-жабдықтармен жабдықталады. Жатақхана әкімшілігі төсек орын жаймаларын 6 күнде бір рет ауыстырып, жуып және зарарсыздандырылып отырылуын қамтамасыз етеді.
  • Жатақхананың күрделі жөндеуі колледж әкімшілігінің ұсынысымен жүргізіледі. Дәліздермен қоғамдық орындардың ағымдағы жөндеуіне қаржы колледж бюджетінен бөлінеді.
  • Тұрғын бөлме тұрғындардың қатысуымен ағымдағы жылдың соңында жеңіл жөндеуден өткізіледі.
  • Жатақханада белгіленген тәртіп пен Ережеге сәйкес сабаққа дайындалатын бөлме, интернет залы, ритмика залы, тұрмыстық қызметтерді өтеуге және ас әзірлеуге арналған, тұрмыстық (дәретханалар, душ бөлмелері) бөлмелер қарастырылған.
  • Санитарлық-тұрмыстық қажеттер үшін бөлінген бөлмелер мен ондағы қондырғылар, құрал-жабдықтар жатақхананы ұстау жөніндегі санитарлық ережелерімен жарақталады.
  • Жатақханада тұратын студенттердің арасынан өздерінің мүдделерін қорғайтын Жатақхана студенттерінің Кеңесі құрылады. Кеңес Ережеге сәйкес қызмет етеді.
  1. Колледж бен жатақхана әкімшілігінің міндеттері
    • Колледж әкімшілігі міндеті:
  • Тұрғындармен студенттік жатақханадағы бөлме мен төсек орынды жалдау жөніндегі келісімшарт жасалып, оны орындауға;
  • Қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулар беруге;
  • Жатақхананы ұстауға арналған қаржыны дер кезінде бөліп тұруға;
  • Жатақхананы санитарлық ережелерге сай жиһаздар және құрал жабдықтармен жарақтандыру;
  • Жатақхана тұрғындарын қажетті коммуналдық тұрмыстық қызметтер және өз бетімен сабаққа дайындалуға арналған орындармен қамтамасыз етуге;
  • Жатақханада қызмет көрсетуші жұмысшыларды штаттық кесте бойынша жасақтауға;
  • Еңбекті қорғау ережелері мен санитарлық талаптарға сәйкес барлық бөлмелерді қажетті жылу және жарықпен қамтамасыз етуге;
  • Жатақхана аумағында күзет қойып, рұқсатнамалық режимінің орындалуын қадағалау;
  • Тұрғындардың жатақханадағы қоғамдық көпшілік орындарға тазалық жұмыстар жүргізуін қажетті құралмен қамтамасыз етуге;
  • Жатақхана әкімшілігі міндеті:
  • Жатақхана меңгерушісі жатақханада тұратын тұрғындардың жатақханада тұру Ережесін сақтауы үшін жауапты.
  • Жатақхананың материалдық жауапты тұлғасы болып жатақхана меңгерушісі табылады.
  • Жатақхана меңгерушісі міндетті:
  • Директордың қолы қойылған өтініш негізінде жатақханаға орналасуды жүргізуге;
  • Типтік нормаларға сәйкес жатақхана тұрғындарына қажетті жабдықтарды беруге, санитарлық ережелерге сәйкес төсек-орын жаймаларын ауыстырып отыруға;
  • Жатақхана бөлмелерінің белгіленген санитарлық талаптар мен ережелерге сай ұстауын бақылауға;
  • Арнайы журналдарда жатақхананы күтіп ұстау және тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ескертпелерін есепке алуды бақылауға;
  • Жатақхана мүліктерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге;
  • Жатақхана тұрғындарына арналған коммуналдықтұрмыстық қызметтердің жүргізілуін ретке келтіріп, оның орындалуын бақылауға;
  • Тұрғындар үшін өзіне қызмет көрсету, еңбек, тұрмыс пен демалыс шарттарын жақсарту мәселелерінде өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жатақхана Кеңесіне көмек беруге;
  • Жатақханада тұрмыстық жағдайларды жақсартуға байланысты іс шараларды жүзеге асыруға, тұрғындардың тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстарын ескеруге;
  • Колледж әкімшілігіне жатақханада тұру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға;
  • Жатақхана мен оның аумағында тазалық пен тәртіпті, сондай-ақ, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жинастыру құрал-жабдықтары мен материалдарын уақытылы түрде беру, жатақхананы күзету, жатақханалар мен бекітілген аймақтардың жинастырылуын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Ауруға жедел медициналық көмек көрсету шараларын ұйымдастыру;
  • Жатақхана мен оның бөлмелерін жүйелі түрде аралап көру, сонымен қатар, ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды алдын-ала тексеруден өткізіп тұру;
  • Жатақхана құрал-жабдықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақтылы жасап тұру, санитарлық-техникалық және өзге де қондырғылардың үздіксіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз ету;
  • Көпшілік пайдалану орындарының талапқа сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Жатақхананы қысқы жылыту мерзіміне алдын ала дайындау;
  • Жатақханадан шығаруды жатақханада тұру Ережесіне сәйкес жүргізу.
  1. Жатақханаға орналастыру, тұрғын үй алаңы мен қызметтер үшін ақы төлеу
  • Студенттерді жатақханаларға орналастыру белгіленген санитарлық нормаларды сақтаумен, жатақханада тұру Ережесіне сәйкес жүргізіледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру 29 тамыздан бастап 10 күн ішінде жүргізіледі.
  • Жатақханаға орналастыруға бірінші кезекте мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар, ал қалған орындарғакелісімшарт негізінде білім алушылар жатады.
  • Жатақханада орналастыруда студент педикулез бен қышыма бөртпеге медициналық қараудан өтуге міндетті. Медбике медициналық анықтама береді.
  • Студент жатақхана меңгерушісіне жеке куәлік көшірмесі, өтініш, медициналық анықтама, алдыңғы кезеңге кем дегенде 5 айға жатақханада тұру үшін төлем туралы түбіртекті ұсынады.
  • Жатақхана меңгерушісі бұйрық пен ұсынылған құжаттар негізінде студентке жатақханада тұру құқығын анықтайтын рұқсатнама құжатын береді.
  • Рұқсатнаманы тұрғын жоғалтқан жағдайда өз қаржысымен қалпына келтіреді.
  • Жатақханадағы тұрғын үй алаңын пайдалану төлемақысының мөлшерін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңнамаға және жатақхананы ұстауға жұмсалған нақты шығындарға сәйкес белгіленеді.
  • Жатақханада тұру төлемақысын төлеу колледж есеп айырысу шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
  1. Жатақхана тұрғындарының құқықтары:
  • Жатақхана тұрғындары құқылы:
  • Жатақханадағы бөлме мен төсек орынды жалдау жөніндегі келісімшарт мерзімі біткенше белгілі бір бөлмеде тұруға;
  • Колледж әкімшілігіне жатақханада бөлмені жалға алу жөнінде келісімшартқа өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жасауға;
  • Колледж әкімшілігінің келісімімен жатақхананың басқа бөлмесіне қоныстануға;
  • Оқу және мәдени-тұрмыстық бағыттағы үй-жайларды, жатақхананың құрал-жабдықтарын пайдалануға;
  • Дер кезіндегі жөндеу немесе құрал-жабдықтар, жиһаздарды, төсек орын бұйымдарды және жатақхананың басқа да пайдалануға жарамай қалған құрал-саймандарын ауыстыруды, сондай-ақ, тұрмыстық қамтамасыз етуде кемшіліктерді жоюды талап етуге;
  • Жатақхана Кеңесін сайлауға және оның құрамына сайлануға;
  • Жатақхана Кеңесі арқылы жатақхана мәселелерін шешуге, тәрбие жұмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға қатысуға;
  • Жатақхананың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін марапатталуға;
  • Колледж әкімшілігіне жатақхананың қызметкерлерінің үстінен шағым беруге.
  1. 1 Жатақхана тұрғындарының міндеттері:
  • Жатақханада тұру Ережесін қатаң сақтауға;
  • Бөлмені таза ұстауға, уақытылы қоқыс қалдықтарын шығарып отыруға және бөлме кезекшілігін дұрыс атқаруға, ортақ тұрмыстық бөлмелерде тазалықты сақтауға;
  • Жалпы пайдалануға берілген бөлме мен қоғамдық орындардың мүлік-бұйымдарын сақтауға және бүлдірмеуге, дүние- мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • Қауіпсіздік техникасын, санитарлық-гигиеналық тәртіпті, жатын бөлмелерді пайдалану, өрт қауіпсіздігі, құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін орындауға;
  • Тұрғын бөлмеде күн сайын тазалық шараларын жасауға;
  • Кезекшілік міндеттерін (қабат старостасы мен студенттер кеңесінің төрағасы/төрайымы әзірлеген кезекшілік ету кестесіне сәйкес) орындауға;
  • Тұрғын бөлмедегі бір заттың бұзылғандығын байқаған сәтте бірден комендантқа хабарлауға;
  • Колледж жатақханасында бөлме, төсек-орынды жалдауға байланысты жасаған келісімшартқа сәйкес колледжге келтірген материалдық шығынды заттай өтеуге;
  • Жатақханадан шығарда төсек-орындарын, жатақхана мүлік-бұйымдарын уақтылы тапсыруға;
  • Өзіне-өзі қызмет етуге байланысты жатақхананыңқоғамдық жұмыстарынажәне іс-шараларға, сенбіліктерге қатысуға;
  • Тұрғын өзі тұратын бөлмеге жеңіл косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • Баспалдақтар мен қоғамдық жалпы орындарда тазалық пен тәртіп сақтауға;
  • Су, электр жарығын үнемдеп қолдануға;
  • Баспаналық төлем ақыны уақытылы төлеп тұруға;
  • Жатақхананың рұқсатнамалық тәртібін орындауға, бөлмеден соңғы шыққан тұрғын жарықты сөндіруге, терезені және есікті жауып, кілтті вахтаға өткізуге міндетті.
  • Сабаққа дайындық уақытында-сағат 16.00-18.30 аралығында өзге жұмыстармен айналысуға тыйым салынады.
  • Кешкі жаналықтарды теледидардан көру (сағ.19.00- 20.00);
  • Жатақхана қысқы уақытта 19.30-да, жазғы уақытта 20.30- да жабылады, тұрғын жатақхана есігі жабылғанша кешікпей келуге міндетті.
  • Ұялы телефон, бағалы заттардың жоғалуына жатақхана әкімшілігі жауап бермейді.
  1. Жатақханада тұру және пайдалану ережесі
  • Студенттер, талапкерлер жатақханаға қоныстана алады.
  • Колледж жатақханасына қоныстану үшін бөлметөсек-орынды/ жалдау туралы келісімшарт жасалып, онда бөлменің нөмірі, жатақханада тұру мерзімі мен ақы көлемі көрсетіледі. Бөлме төсек-орынды/ жалдау туралы келісімшартқа отыру үшін директордың атына жатақханадан орын алу туралы өтініш, жеке куәлік көшірмесі, денсаулығы туралы анықтаманы ұсыну қажет.
  • Бөлмелерге қоныстандыру  колледж директоры бекіткен қоныстандыру жоспарының тізімі бойынша жүргізіледі.
  • Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі.
  • Студенттік жатақханада тұрғындарын тіркеу Қазақстан Республикасы заңнамасына  сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Студенттер жатақханасында тұратындарды есепке алу, тіркеу және жатақханадан шығарудың ресімделуін паспортист-құжатшы жүзеге асырады. Жатақханаға қоныстанған студент үш күннен асырмай жатақхананың құжатшы қызметкеріне барып тіркеуден өтуі қажет.
  •  Егер бөлмеде одан әрі тұруына кедергі келтіретін себептері орынды деп табылса, колледж әкімшілігі студентті басқа бөлмеге ауыстыру туралы шешім шығаруы мүмкін.
  1. Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:
  • Рұқсатсыз бөлме ауыстыруға,бір бөлмеден екінші бөлмеге жиһаздарды,мүліктерді көшіруге;
  • Рұқсатсыз электркөзін ауыстырып немесе жөндеуге, электр шамдарын ауыстыруға және қосымша жарық көздерін пайдалануға;
  • Бөлмеде қатты ән салуға, радиоқабылдағыш, магнитофон дауысын көтеруге;
  • Өрт тудыратын қауіпті заттарды және электр жылытқыштарды қолдануға;
  • Қабырғаларға (осы мақсатқа тағайындалған арнайы орыннан басқа) хабарландыруларды, кестелерді, картинанаың көшірмесін, фотосуреттерді т.б. жапсыруға;
  • Қабырғаға шеге қағуға;
  • Бөлмеде аяқ-бас жууға, кір киімдер жууға, аяқ киім тазалауға;
  • Жатақханада мас күйінде жүруге, темекі шегуге, сағыз, ішімдіктер қолдануға және сақтауғақатаң тыйым салынады;
  • Бөлмеге бөтен адамдарды ертіп келуге, түнеуге қалдыруға қатаң тыйым салынады.
  • Ұл балалар тамақтарын өздері жасауы керек,қыз балалар бөлмесіне кіріп тамақ ішуге тиым салынады;
  1. Жатақханадан шығару
  • Жатақханадан шығаруға жатақханада тұру ережелерін бұзған тұлғалар жатады. Директордың өкімімен ресімделеді.
  • Колледж жатақханасында тұрған тұлғалар оқуы, немесе басқа себептер бойынша шығарылған жағдайда 3 күндік мерзімде жатақханадан шығарылуға жатады.
  • Жатақханадан шығарылғанда тұрып жатқан тұрғын өтініш жазады, оған жатақхана меңгерушісі тұру бойынша төлемақы қарызының жоқтығын растап қол қояды.
  • Дереу жатақханадан шығаруға мас күйінде келген және спирт ішімдіктерін ішкен тұлғалар жатады.
  • Жатақханадан шығатын тұлғалар жатақхана меңгерушісіне жиһаз, төсек бұйымдарын және басқа құрал-жабдықтарды тапсыруы тиіс, бұл өтініште расталады. Жиһазды, төсек орын бұйымдарын, содай-ақ, олардың бүлінушілігіне жол берген тұлғалар жатақханаға келтірілген зиянның орнын заттай толтыруға міндетті.
  • Білім алушы  оқудан арылған, жатақх жағдайда жатақханадан да шығарылады.
  • Жатақханадан шығарылу студенттің өз еркімен, әкімшіліктің бастамасымен директорды хабардар ету барысында немесе оқу аяқталғанда жүзеге асырылады.
  • Жатақханадан шығарылу студенттің колледж директорының атына жазған жеке арызының негізінде жүзеге асырылады.
  • Жатақхана тұрғындарының бірыңғай талап Ережесін сақтамағандарға  төмендегідей тәртіптік шара қолданылады:

1.Ескерту;

2.Сөгіс;

3.Қатаң сөгіс;

4.Тәртіп бұзғаны үшін жатақханадан шығару.

  1. Студенттер жатақханасын басқарудың қоғамдық органдары
  • Жатақханада тұратын студенттер арасынан студенттер жатақханасының Кеңесі

сайланады. Студенттер жатақханасының кеңесі (студкеңесі) жатақхана Кеңесі туралы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

  • Студенттер жатақханасының Кеңесі жатақхананың әкімшілігімен бірлесіп тұрғын бөлмелерді, құрал-жабдықтар мен жиһаздарды қабылдау және күтіп ұстау бойынша, ғимарат пен оған жақын орналасқан аумақтарда сенбілік ұйымдастыру бойынша іс –шаралар әзірлейді және жүзеге асырады.
  • Жатақхананың әр қабатына староста сайланады, ол жатақхананың студенттер Кеңесімен бекітіледі.
  • Қабат старостасы өзінің жұмысында студенттер жатақханасының шешімдерін басшылыққа алады.
  • Қабат старостасы тұрғындардан жатақхананың мүлкіне ұқыпты қарауды, бөлмелерді, ас бөлмелерді, жуынатын бөлмені, дәліздерді таза және жинап ұстауды талап етеді.
  • Жатақханада тұру Ережесін, санитарлық нормаларды, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі техникасы Ережесін сақтау бойынша нұсқауларды қабат тұрғындарыныңсақтауы міндетті болып табылады.
  • Кеңес мүшелерін жатақхана тұрғындары сайлайды.
  • Кеңес мүшелері жатақхананың ішкі тәртібі мен Ережесіне сәйкес жатақхана тұрғындарының тәртібі мен санитарлық бақылауды іске асырады;
  • Жатақхана Кеңесі мүшелері жатақхананың ішкі тәртібі мен ережесіне сай тұрғындардарға талап қоюға құқылы.

10.Қабат старостасының міндеттері:

  • Жатақхана тұрғындарының ішкі тәртіп Ережесін сақтауын қадағалайды;
  • Қабаттың санитарлық тазалығын бақылауды іске асырады;
  • Тұрғындардың қоғамдық жұмыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;.
  • Бөлме кезекшілерінің, қабат кезекшілерінің міндеттерін қадағалайды.
  • Қабаттағы қоғамдық орындардағы мүліктердің сақталуына жауапты;
  • Мүлік сынған жағдайда, әрекетке кінәлі тұлға табылмаған жағдайда, қабат старостасы сынған мүлікті заттай қалпына келтіруге міндетті.
  • Қабат старостасы, қабат кезекшісімен бірге кезешілік міндет атқарылып болғаннан кейін кезекшілік журналына кезекшілік туралы мәліметін тіркеп, тәрбиешінің қатысуымен қол қояды. Келесі кезекшіге кезекшілікті өткізеді.

     10.1. Қабат тазалық секторының міндеттері:

  • Қабатпен бөлмелердің санитарлық-гигиеналық тазалығын қадағалау;
  • Қабат кезекшілігін ұйымдастыру;
  • Тұрмыстық бөлме тазалығын тексеру;
  • Бөлменің тазалығын бақылау, санитарлық дәптеріне белгілеу;
  • Тазалық секторының нұсқауы жатақхана тұрғындарының барлығына міндетті болып табылады.

10.2.Бөлме старостасының міндеттері:

Бөлме старостасын бөлме тұрғындары сайлайды.

  • Жатақхананың бірыңғай талап Ережесінің орындалуына;
  • Бөлмедегі мүліктерге ұқыпты қарауға, сынған жағдайда бірден жатақхана меңгерушісіне ескерту;
  • Бөлмені санитарлық-гигиеналық талапқа сай ұстауға;
  • Бөлме тұрғындары туралы мәліметтерді білуі керек;
  • Тұрғындардың тәртібін қадағалауға;
  • Тұрғынның бөлмеге себепсіз қонбағаны жөнінде ақпарат беруге;
  • Бөлмедегі кезекшілікті ұйымдастыруға;

       10.4.Қабат кезекшісінің міндеттері:

  • Қабат кезекшісі тазалық секторы құрған кестеге сәйкес жұмыс жүргізеді.
  • Кезекші міндетін атқарған уақытында орнында отыруға;
  • Қабаттағы қоғамдық орындарда тазалық сақталуын бақылау;
  • Қабатқа бөтен адамдардың рұқсатсыз кірмеуін қадағалау;
  • Кезекшілік міндетті атқару уақытында қоғамдық орындардағы мүліктердің сақталуына жауапты;
  • Жатақхана меңгерушісінің, тәрбиешінің рұқсатынсыз мүліктерді, заттарды сыртқа шығартпау;
  • Кезекшілік уақытында мүліктің сынуына сынған мүлікті кінәлі тұлға табылмаған жағдайда қабат кезекшісі заттай қалпына келтіруі міндетті.
  • Техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау;
  • Өрт немесе басқа да апатты жағдайлар (су құбырларының авариясы және т.б.) туындай қалған жағдайда кезекші вахтерға ескертуі тиіс.
  • Қабат кезекшісі кезекшілік міндетін атқарып болғаннан кейін қабат старостасының, тәрбиешінің қатысуымен кезекшілік журналына кезекшілік туралы мәліметін тіркеп, қол қояды.

 10.5.Бөлме кезекшісінің міндеттері

      Бөлме кезекшілігі бөлме старостасы құрған кестеге сәйкес тағайындалады және бөлме (қабат) старостасына, қабат тазалық секторына, жатақхана меңгерушісіне және тәрбиешіге бағынады.

  • Қабат тұрғындарының күн тәртібі және ішкі бірыңғай талап Ережесін сақтауын қатаң түрде бақылап отыру;
  • Кезекшілік кезінде бөлмені уақытында жинап, онда тазалықты және тәртіпті сақтау;
  • Жабдықтар мен мүліктердің сақталуын бақылау, жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны старостаға хабарлау;
  • Төсектердің дұрыс және уақытында жиналуын бақылау және тұрғындардың бөлмеге лас аяқ киім мен лас киіммен кіруіне қатаң тыйым салу;
  • Тұрғындардың сырт киіммен төсекке жатуына, темекі шегуге, шу көтерулеріне, ішімдікті қолдануға, бөтен адамдарды кіргізуге немесе олардың жатақханада түнеуіне қатаң тыйым салу;
  • Тұрғындар ауырып қалған жағдайдатәрбиешіге ескерту, жақын жердегі медициналық мекемеге хабарлау;

– Өрт немесе басқа да апатты жағдайлар (су құбырларының авариясы және т.б.) туындай қалған жағдайда кезекші вахтерға хабарлау.

11.Студенттер жатақханасындағы тәрбие жұмысы.

  •  Студенттер жатақханасындағы тәрбие жұмысы колледждің тәрбие қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының және колледждің қоғамдық ұйымдарының басшылық етуімен жүзеге асырылады.
  • Тәрбиешілер, жатақхана студенттер Кеңесі жатақханатұрғындарының бос уақыттарының мазмұнды өткізілуін қамтамасыз ету, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру,  жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыру, тәртіп және қоғамдық тәртіпті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шараларды жүзеге асырады.