БиблиотекаВоспитательная работаОбъявления

Негізгі мақсат – жастарға соғыс қасіреті жайлы мағлұматтар бере отырып, оларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Төлеубаев Марат Бүркітбайұлы, Нұрланов Қуандық Қабдылқақұлы, әріптес-ардагер Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, сонымен қатар №28/738 әскери бөлімінің аға лейтенанты Советов Мейіржан Ерболұлы  көрермендермен сыр бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты.

Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыздың құрметіне медиатека қызметкерлері және АӘД жетекшісі Қ.Қ. Екибасовтың ұйымдастыруымен, колледж студенттерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарлама, әдеби қойылым, бейнебаяндар қонақтар назарына ұсынылды. Кеш соңында ардагерлерге естелік сыйлыққа кітаптар табыс етілді.